А. Соловьева, Б. Ибраимова


Аналық без  – жұмыртқа жасушалары түзілетін және жетілетін аналық  жыныс безі. Анатомия



Pdf көрінісі
бет199/227
Дата08.12.2023
өлшемі5,61 Mb.
#195657
түріОқулық
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

Аналық без 
– жұмыртқа жасушалары түзілетін және жетілетін аналық 
жыныс безі.
Анатомия
– адам ағзасының құрылысы туралы ғылым. 
Андрогендер
– аталық жыныс гормондары. 
Анемия
(қаназдық) – қанда эритроциттердің азайып, гемоглобиннің кемуінен 
болатын ауру. 
Анестезия
, жансыздану. Анестетик күшімен сезімнен айырылу. Белгілі бір 
жерінің ауырғанын сезбейтіндей етіп жансыздандыру.
Аносмия
– иіс сезу түйсігінен айырылу.
Антибиотиктер
– микроағзалардың өсуін, көбеюін тежейтін немесе тоқтататын 
микробтар, өсімдіктер мен жануарлар жасушасынан алынатын органикалық зат.
Антигендер
– ағзаға әртүрлі жолмен енген және оған қарсы жүретін иммундық 
реакциялар нәтижесінде адам мен жануарлар денелерінде қарсыденелер 
(антиденелер) түзілетін, табиғаты ағзаға жат ірі молекулалы протеиндік заттар 
және полисахаридтер.
Антисептика
– антисептикалық емдік профилактикалық шаралар жиынтығы. 
Антиденелер
немесе қарсы денелер – адам мен жануарлар ағзасына енген 
жат бөгде ірі молекулалы протеиндік заттарға (антигендерге) қарсы иммундық 
реакциялар нәтижесінде түзіліп, олардың зиянды әсерлерін жоятын протеиндік 
заттар.
Антропогенез
– антропология ғылымының адамның шығу тегін, даму 
тарихын, оның жеке биологиялық түр болып қалыптасуын және адамзат 
қоғамының даму кезеңдерін әрі жаратылыстану, әрі қоғамдық ғылымдарға 
сүйене отырып, зерттейтін негізгі саласы.
Антропология
– адам туралы ғылым.
Анурия
– зәрсіздену. Зәрдің (несептің) қуыққа келмеуі.
Аорта
– омыртқалылардың қан айналу жүйесіндегі ең ірі артерия қан 
тамыры.


262
Апатия
– немқұрайлылық күй. Қандай да бір іске деген құлшыныстың 
болмауы. Енжарлық, селқостық, көңілдің еш нәрсеге соқпай, ұнжырғаның түсуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет