268
и, й
идиотия
– олигофренияның едәуір ауыр дәрежесі.
иллюзия, алдамшы көру
– 1) шынайы затты бұрмалап қабылдау; елестету;
2) орындалмайтын арман, ақталмаған үміт.
иммунитет
– ағзаның өзінің тұтастығын және биологиялық даралығын сақтау
қабілеті; жұқпалы аурулармен ауырмау.
иммуноглобулиндер
– күрделі нәруыздар; антиденелердің белсенділігіне ие;
қан сарысуында болады; иммунитеттің түзілуіне қатысады.
иммуноциттер
– иммундық жауапты жүзеге асыратын
(Т- және В-лимфоциттер, кейбір фагоциттер және т.б.) ағза жасушалары.
инвазиялық аурулар
– паразит-жануарлар – қарапайымдар (безгек),
буынаяқтылар (қышыма), шаянтәрізділер, гельминттер және т.б. тудыратын
аурулар.
ингаляция
– дәрілік заттармен тыныс алу арқылы емдеу әдісі.
инстинкт
, түйсік – мінез-құлықтың күрделі, тұқым қуалайтын әрекеттері-
нің жиынтығы.
инсулин
– ұйқы безі бөлетін нәруызды гормон.
инсульт
– мидағы қан айналымның бұзылуы (миға қан құйылу және т.б.).
интоксикация
– ағзаның улы заттармен (уытпен) улануы.
инфантилизм
– ересек адамда балалық шаққа тән дене және психикалық
сипаттардың сақталуы.
инфаркт
– түйілу, тромбоз және т.б. (бүйрек, миокард инфарктісі және т.б.)
кезінде ұлпаларда қанмен қамтамасыз етудің бұзылу салдарынан жансыздану
аймағы.
иридодиагностика
(грек.
иридос
– кемпірқосақ) – көзінің нұрлы қабығының
күйі бойынша адамның ауруын анықтау.
иіс сезу
– иістерді қабылдау.
йодтау
– ауызсуды, ас тұзын және басқа да тамақ өнімдерін йод
қосылыстарымен байыту арқылы эндемиялық зоб ауруының жаппай алдын алу
әдісі.
Достарыңызбен бөлісу: