270
қанның ұюы
– қан плазмасында фибриногеннің
ерімейтін фибринге еруі
нәтижесінде сұйық қанның эластикалық ұйысқан қанға айналуы.
қарашық
– көзге жарық сәулесі енетін нұрлы қабықтағы тесік.
қозу
– тірі жасушалардың ішкі және сыртқы ортаның әртүрлі факторларына
әсер көрсетуі.
қозғыштық
– тірі жасушалар, мүшелер мен тұтас ағзалардың тітіркендіргіш
әсерін
қабылдап, оларға қозу арқылы жауап беру қабілеті.
қоян ерін
–
даму кемістігі; жоғары еріннің тік бағытта (ортасынан, бір
немесе екі жағынан) бөлінуі.
құныс, кифоз
– омыртқа жотасының артқа қарай шығыңқы болып қисаюы.
қырақтық
– жақын қашықтықта анық көруге
кедергі келтіретін көру
кемшілігі.
құрт ауруы –
тез өршитін туберкулез ауруының ескірген атауы; созылмалы
ауру кезінде, көбінесе өкпе туберкулезі кезінде ағзаның тез арықтап, әлсіреуін
білдіретін ескірген атау.
Достарыңызбен бөлісу: