Дәм сезу
– негізінен тілде орналасқан дәм сезу рецепторларына әртүрлі заттар
әсер еткен кезде пайда болатын сезім.
Дәрумендердің жетіспеушілігі
– ағзаға түсетін дәрумендердің көп
жұмсалуынан пайда болатын ауру күйі.
Дәрумендер
– аз мөлшерде тамақтануға, зат алмасуға және ағза тіршілігіне
қажет химиялық құрамы әртүрлі органикалық заттар.
Дезинсекция
– ауру қоздырушыларын тасымалдаушы зиянкес буынаяқты-
ларды (шыбын, маса, бит, кене және т.б.), ауылшаруашылық зиянкестерін және
т.б. жою шараларының кешені.
Дезинфекция
– сыртқы ортадағы жұқпалы ауру қоздырушыларын жою
шараларының кешені.
Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНқ)
– тірі ағзалардың жасушаларында
болатын жоғары полимерлік табиғи қосылыстар. Гистон нәруыздарымен бірге
хромосома затын түзеді.
Дендрит
– жүйке жасушасының тармақталған өсіндісі; жүйке импульсін
нейрон денесіне өткізеді.
Депрессия
– психиканың бұзылуы: жабырқаңқы, тұнжыраңқы көңіл күй;
өзінің түкке тұрмайтынын сезініп, түңілушілік; қызығушылығының төмендеуі;
қимыл-қозғалыстың тежелуі және т.б.
Дерматоз
– тері және оның туындыларының – тырнақ, шаш ауруларының
жинақталған атауы.
Диастола
– қан құйылған кезде жүрекше және қарынша бұлшық еттерінің
босаңсуынан жүрек қуысының ұлғаюы.
Диетология
– адамның тиімді тамақтануы туралы ілім.
Дизентерия
– тоқішекті зақымдайтын және жалпы улану байқалатын өткір
жұқпалы ауру (іштің өтуі).
Домалақ без –
эпифиз
.
е
евстахий түтікшесі, есту түтікшесі
– жұтқыншақты дабыл жарғағы қуысымен
қосатын түтікше.
екінші сигналдық жүйе
– тек адамға тән сөйлеу сигналдары жүйесі.
екінші реттік жыныс белгілері
– дене пішіні мен пропорциясы, түк жабыны,
май жиналу және дауыс ырғағындағы айырмашылық, сондай-ақ әйелдерде сүт
бездері, ер адам көмекейіндегі шығып тұратын шеміршек және т.б.
|