А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет201/227
Дата08.12.2023
өлшемі5,61 Mb.
#195657
түріОқулық
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

Бактерицидтік
– химиялық заттардың қасиеті, физикалық және биологиялық 
факторлардың (температура, сәулелену) бактерияларды жоюы.
Балғашық 
– ортанғы құлақтың есту сүйекшесі; дыбыс тербелісін дабыл 
жарғағынан төстік пен үзеңгіге өткізеді. 
Бас сүйек – 
бас қаңқасы.


263
Бас сүйек-ми жүйкелері 
– мидың алдыңғы (төменгі) бағанынан тарайтын жұп 
жүйкелер.
Бациллалар
– кез келген таяқша пішінді бактериялар. 
Безгек
– плазмодий тудыратын инвазиялық ауру. Тасымалдаушылары – 
безгек масасы.
Бет жүйкесі
– бас сүйек-ми жүйкелерінің жетінші жұбы. Мимикалық 
бұлшық етті, жас және сілекей бездерін; тілдің, таңдайдың, мұрын қуысының 
және жұтқыншақтың жоғары бөлімінің шырышты қабықшасын торлап жатады.
Биологиялық ырғақтар
– биологиялық процестер мен құбылыстардың 
қарқыны мен сипатындағы мезгілімен қайталанып отыратын өзгерістер рет-
тілігі. 
Биологиялық сағат
– жануарлар мен адамның уақыт өлшемін бағдарлау 
қасиеті.
Бронхылар
– құрлықта тіршілік ететін жануарлардың ауа өткізетін жолдары, 
трахеядан басталады.
Бронхиолалар
, ауатамыршалар – ауатамырлар тарамының соңғы тармақтары.
Бронхит
– бұл өкпеге ауа баратын тыныс жолдарындағы немесе түтікшелердегі 
инфекция. 
Буын 
– сүйектердің бір-біріне қатысты орын ауыстыруына мүмкіндік беретін 
қозғалмалы болып байланысуы, қосылуы. 
БцЖ
– адам ағзасына деген патогенді әсері жасанды ортада төмендетілген 
сиыр туберкулезі бацилласы атты тірі вирустан жасалатын вакцина.
В
Вакцина
– жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының әлсіздендірілген 
(немесе өлтірілген) себіндісінен алынған медициналық препарат. Аурулардың 
алдын алу және емдеу мақсатында қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет