Аппарат
– ағзада қандай да бір қызмет атқаратын мүшелердің жиынтығы
(асқорыту аппараты).
Аппендикс
– пішіні құрт тәріздес соқырішек өсіндісі.
Аппендицит
– құрт тәрізді өсіндінің (аппендикстің) ісінуі және қабынуы.
Артерия
– қанды жүректен алып шығып, дене мүшелеріне тарататын
тасымалдаушы ірі қан тамыры; оттегімен байытылған қанды жүректен ішкі
мүшелерге тасымалдайтын қан тамырлары.
Артериолалар
– артериялардың соңғы тарамдары жіңішкеленіп капилляр-
ларға айналады.
Артқы ми
– Варолий көпірі мен мишықтан тұратын ми бөлігі.
Аскорбин қышқылы
(С витамині) – адам мен жануарлар ағзаларындағы
тотығу-тотықсыздану процестерін реттеп, ағзаның түрлі ауруларға қарсы тұру
қабілетін арттырады. Суда еритін витамин.
Асфиксия
, тұншығу – қанда оттек жетіспеуінен және көмірқышқыл газының
көбеюінен болады.
Атавизм
, реверсия – ағзаның жақын ататегінде жоқ, бірақ ертедегі ататегінде
болған, алайда эволюция процесі барысында жойылып кеткен белгілердің
ұрпақта кездейсоқ қайталануы.
Аталық без
– сперматозоидтер мен жыныс гормондары (тестостерон және
т.б.) түзілетін аталық жыныс бездері.
Атония
– жүйке жүйесінің бұзылуынан, жұқпалы аурудың салдарынан, ішкі
секреция бездері қызметінің нашарлауынан пайда болады.
Атрофия
– ағзадағы мүше немесе ұлпа көлемінің кішірейіп, қызмет
қарқынының төмендеуін немесе бүтіндей тоқтауын атайды.
Аутизм
– көптеген психикалық ауруларда кездеседі, бірақ кейбір жағдайларда
ерте жастан байқалып, бала дамуына кері әсерін тигізеді.
Ашытқылар
– типтік мицелийі жоқ, жеке бүршіктенетін немесе бөлінетін
жасушалар мен олардың колониясы түрінде болатын саңырауқұлақтардың
жиналған тобы.
Б
Бадамша без
– қорғаныштық қызмет атқаратын лимфа ұлпаларынан түзілген
бездер.
Достарыңызбен бөлісу: |