А. Соловьева, Б. Ибраимова


Терінің сезімталдығын зерттеу



Pdf көрінісі
бет197/227
Дата08.12.2023
өлшемі5,61 Mb.
#195657
түріОқулық
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

Терінің сезімталдығын зерттеу
Жұмыс­мақсаты:­
терінің беткі жағында орналасқан так тильді және 
суықты қабылдайтын рецепторлардың орналасу жиілігін анықтау.
Құрал-жабдықтар:­
басы доғал түйреуіш, 60
0
С темпе ра турадағы су, 
мұз, сиясы түрлі түсті қалам. 
Жұмыс барысы
1. Алақанның сыртқы бетінен және білек буынынан басы доғал 
түйреуішпен тактильді нүктелерді тауып, оны қызыл түсті сиямен 
белгілеп қойыңдар. 
2. Осы жерлерден суытылған түйреуіштің басымен те ріде орналасқан 
суықты қабылдайтын нүктелерді тауып, көк түсті сиямен қоршап 
қойыңдар. 
3. Терінің 1 см

ауданындағы тактильді және суықты қабылдайтын 
нүктелерді санаңдар. Терінің 1 см

ауданында орта шамамен 25 тактильді, 
12 суықты қабылдайтын нүктелер орналасады. 
Тері анализаторының физиологиялық ерек шеліктері туралы 
қоры-
тынды
жасаңдар.


260
ТеРМиНДеРДің ТүСіНДіРМе СөзДігі (глОССАРий)
А
Авитаминоз
– тағамдағы дәрумендердің аздығынан ағзадағы зат алмасу 
үдерісінің бұзылуынан болатын ауру.
Автоматизм 
 жасуша, ұлпа немесе мүшелердің сыртқы тітіркен діргіштердің 
әсерінсіз ырғақты қызметі.
Агглютинация
– арнайы антиденелердің (агглютининдер) әсерімен 
антигендердің (бактериялар, қан жасушалары, басқа жасушалар) бір-біріне 
жабысуы және тұнба (агглютинант) жасауы.
Аденоидтар
– мұрынжұтқыншақ бадамшалары.
Адреналин
– бүйрекүсті бездерінен бөлінетін гормон.
Аддисон ауруы (қола ауруы)
– бүйрекүсті бездерінен гормонның аз бөлінуінен 
болатын ауру.
Айкезбе
– ұйқысырау ауруы.
Айырша без, тимус
– иммундық жүйенің орталық мүшесі. Кеуде қуысының 
көкірек аймағында орналасқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет