Тарих пәнінің мұғалімі Қазақстан тарихы сынып



Дата18.02.2017
өлшемі51,44 Kb.
#9921
түріСабақ
Тарих пәнінің мұғалімі

Қазақстан тарихы

сынып: 10

тақырыбы: Сақ мәдениеті.

мақсаты: Сақ – скиф  үштігі, сақтардың  бейнелеу  өнеріндегі  «аң стилінің» даму  ерек шеліктері  жөнінде  түсінік қалыптастыру, оқушылар өз  ой ларын  жан – жақ ты  толық  жеткізе  білуге және  шығармашылық  көзқарастарын  дамытуға  үйренеді.

табыс критерий: 1.Сақ тайпасындағы мал шаруашылығының маңызы.

2. Сақ тайпасының металлды шебер пайдалануы.

3. Аң стилі мән-мағынасы .

күтілетін нәтиже: оқушыларға темір дәуіріне қатысты мәліметті ұғыну және сақ тайпасы жайлы жазба деректерді меңгерту ;

әдіс-тәсіл: «Өрмекшінің торы» әдісі, «Галереяға саяхат» әдісі, ЖИГСО әдісінің элементі, сұрақ- жауап, диалог

көрнекілік: Қазақстан картасы, стикер, А3, маркер, А4, тоқыма жіп,

дерек көзі: 10 сынып оқулығы Қазақстан тарихы 67-70 бет


р/с

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

уақыт

Күтілетін

нәтиже

1.

Ұйымдастыру

*сәлемдесу

*түгелдеу

*назарын сабаққа аудару

Шаттық шеңберін құрғызады,

Сабақ сәтті, әрі қызық өту үшін ;



Түгелденеді, сабаққа назар салады, дайындық жүргізеді.

Шеңбер түзіп бір-біріне тілек тілейді;



1мин

2мин


Оқушылар

тиянақтылыққа дағдыланады.


Сыныпта ынтымақтасу атмосферасы орнайды.

2.

Үй тапсырмасын сұрау:

«Өрмекші торы» әдісін түсіндіреді;



Шеңбер болып тұрған оқушылардан бір оқушы үй тапсырмасы бойынша сұрақ қоя екінші оқушыға қолындағы жіпті лақтырады, сұраққа жауап беріп солай барлық оқушыны қамту барысында өрмекші торы қалыптасады;

10мин

Жылдамдыққа, пікірін жинақтауға үйренеді;




Топқа бөледі;

Ақ, қызыл,сары түсті конфеттер арқылы бөлінеді



1 ақ түстер( абыздар) 1 топқа,

2 қызыл түстер(жауынгерлер)2 топқа

3 сары түстер(егіншілер)3 топқа топ болып жайғасады;


1мин

Топтық жұмыс жүргізуге дағдыланады.

3.

Жаңа сабақ

Видео ойнайды



Мұқият тыңдайды

5 мин

Бұрынғы білімді жаңа біліммен ұштастыра алады;




Мәтінмен жұмыс

Тақырыпты топтарға бөліп оқытқызады



Әр топ мәтінді оқып , ортаға салады;

5 мин

Мәтінмен өз бетінше жұмыс жасау дағдысын дамытады;




ЖИГСО әдісі бойынша

Топтан тапсырма сұрайды;



Оқыған мәтінін топ-топ болып түсіндіреді; экранда

1.Сақ – скиф үштігі; ат әбзелдері.

2.Қару – жарақтары.

3.Бейнелеу  өнеріндегі «аң  стилі»



3мин

Талдауға,болжауға машықтанады;




«Галереяға саяхат» әдісін

түсіндіреді;



Жаңа тақырып бойынша топтар А3 форматқа ешбір сөз жазбастан сурет арқылы бейнелеп сынып ішіне іледі. Топтар қарсыластарының тапсырмаларына жауап беруге талпынады.

Соңында әр топ өз постерлерін қорғайды;



10 мин

Ұсынылған проблема бойынша өз көзқарасын шығармашылық тұрғыдан көрсете алады;

4.

Қорытынды

Жаңа тақырыпқа байланысты экран арқылы сұрақтар қою



Шешімін табады: топтар бірін бірі тексереді.

3мин

Қорытынды жасауға дағдыланады;

5.

Бағалау

Топ басшысына берілген парақшаға қарап бағалайды;



Әр топ басшысы топтарына есеп береді;

3мин

Өзара бағалауға дағдыланады;

6.

Үй тапсырмасы

§13 оқу 67-70 бет



Күнделікке жазып алады;

1мин

Тиянақтылыққа дағдыланады;

7.

Рефлексия

Тақтадағы ілінген кері байланыс үшін жасалған плакатты түсіндіреді;



Өтілген сабаққа ұсыныс пікірлерін жазады;

1. Алтын адам

2.Алтын адам

3. Алтын адам



1мин

Жеке көзқарас қалыптасуға машықтанады:

Сабақтан кейінгі рефлексия




Сәтті кезеңдер


Сәтсіздік пен қиындықтар

Нені дамытуға болады?

«Өрмекшінің торы» , «Галерияға саяхат» сияқты жаңа әдістер тақырыпты меңгерту мақсатында оқушылардың қызығушылығын арттырып сәтті өтті.


Топпен жұмыс толық жүргізілмеді. ІІІ деңгейдегі оқушылардың сабаққа ынтасының жоқтығы,салғырттығы .


Топпен жұмыс жүргізуді дамыту қажет. Топтағы әр оқушының рольі , белсенділігін арттыру.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет