ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ
ROS
Тақырыбы: Альбер Камю философиясындағы абсурд мәселесі.
Топтағы адамдар тізімі: Аққұл Мереке, Қдырханов Бекарыс, Мейрам Улан, Асқар Айбек, Мадина
2 курс Маркетинг 20.814
Секциясы: Философия
Лектор - Кунтуова И.М., экономика магистрі, Философия бойынша PhD докторанты,
2021
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Адамның абсурдтық тіршілік ету қабілеті (экзистенциализм филлософиясы)
2.2 Абсурд ойшыл Альберт Камью
2.3 Философиялық идеалар
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Абсурд- мағынасыз, мазмұнсыз, ақылға сыймайтын, логикаға негізделмеген түжырым. Алғашкы рет осы терминді христиандық философ К.Тертуллиан қасиетті жазулардың «әділеттілігінің» кепілі деп білген. Осыдан оның ұстанған формуласы: «сенемін, өйткені барлығы акылға сыймайды». «Абсурд» ұғымын экзистенциалист А.Камю пайдаланған.
Драматургиядағы абсурд ХХ ғасырдың ортасында Еуропада пайда бола бастады. Бұл әлем жаңалығы қазақ драматургиясын да айналып өткен жоқ. Өткен ғасырда сахналанған шығармаларды зерделесек, абсурд элементтері бар қойылымдарды байқаймыз. Мысалы, Сәкен Жүнісовтің «Қысылғаннан қыз болдық», Қалтай Мұхамеджановтың «Бөлтірік бөрік астында». Бұл аталған шығармалар толық абсурдқа толы болмаса да, элементтері кездесетінін байқауға болады. [Бөкен Г.С. Драмадағы абсурд// Ш.Уәлиханов атындағы КМУ Хабаршысы №4, 2016 ж. – 202-207 бб.] Абсурд шығармадағы оқиға желісі өмір шындығымен еш үйлеспейді. Дегенмен оның астарына үңілсек, нағыз шындық бар. Қазіргі таңдағы сахналанып жүрген қойылымдар арасынан тұтас абсурд бағытында жазылған туындыларды көре аламыз. Мысалы, Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының сахнасында режиссер Балтабек Нұрғалиевтің «Әзәзіл» атты абсурд қойылымы жарыққа шықты. Бұл – Жапонияның белгілі драматургі Бэцуяку Минорудың екі бөлімді «Көше қиылысындағы драма» атты диологиясының бір бөлімі.
Камус-20 ғасырдың ойшылы, ол философиялық және діни ойдың ұзақ дәстүрінен ғана емес, абсурдтық проблемаларды алды - миллиондаған еуропалықтардың санасында моральдық нормалар мен құндылықтардың құлдырауы, нигилизм-қазіргі заманның фактілері. Әрине, басқа мәдениеттер нигилизмді діни дәстүр дағдарысының салдарынан білді, бірақ тарих мұндай өткір қақтығысты, барлық негіздердің жойылуын білмеді.
Көше бойымен келе жатып, түрлі келеңсіз жағдайларға тап болатын кейіпкерлер оқиғасы екі бөлімде де кездеседі. Бірінші оқиғада бас кейіпкер көше қиылысында отырған біреулердің әңгімесін тыңдап, өмірден түңіліп кетсе, екінші бөлімнің оқиға желісі көшенің қақ ортасында ашылған жедел жәрдем бекеті турасында өрбиді. Ондағы мейірбикелер жолай бара жатқан сап-сау адамның есін шығарып, ақыр аяғында ауру қылады. Былай қарасаң, бұл – абсурд: көшенің қиылысында жедел жәрдем бекеті неғып тұр? Ауруды сауықтыратын мейірбике не үшін сау адамды ауру қылсын? Жедел жәрдем бекетінде істейтін мейірбикелер уысына түсірген әйелдердің басын айналдырып, киім-кешек, ақшасын, бағалы затын алып, тонайды. Мұны әркім әрқалай түсінеді. Мысалы, бір қарағанда адам саулығынан бұрын табысты басты орынға қойған, бизнеске айналған медицина саласын сынап отырғандай болады. Алайда режиссердің ойы басқа. Режиссер Балтабек Нұрғаливетің өзі отандық БАҚ-қа /Қазақ театрына абсурд келді, Алаш айнасы, 2012 ж, 16-наурыз/ берген сұқбатында: «Бұл шығарма арқылы біз медицинаны сынап отырған жоқпыз. Қойылымның негізгі идеясы – жазықсыз адамды өлтіру проблемасы. Бұл – қарапайым адамның трагедиясы. Негізі, қазақ театры үшін абсурд – ол жаңа жанр», – дейді.
Тағы бір драмалық шығарманы мысалға келтіре кетсем. Ол – Қолғанат Мұраттың «Пони» атты пьесасы. Бұл туынды Қазақстандағы драматургия саласы бойынша өтетін «ДрамаКз» байқауына қатысқан. «Мына жер бос па? Жоқ... Ал, мынау? Иесі бар» деп басталатын туындыны оқи отырып, автор не айтқысы келді дейсіз. Диалогтар бірде бір-бірімен қиылыспай қалады. Не болып кетті деп көрерменнің басы қатуы мүмкін. Байыппен ойлар болсақ, бұл мегаполисте пәтерден-пәтерге көшкен тұрғындардың бұлыңғыр тағдыры еді. Ағаш үстінде отырған, жерге бір түспейтін әйел, таяқ мініп, көше кезген ер адам қазіргі баспанасыз қазақтың халінен хабар береді. Автор осы арқылы арманы орындалмайтын, көкірегінен итеретін алып қалада қалай күн кешпек, қашанғы баспанасыз ағашты қонақтап, таяқ мініп жүре бермек деген ойды айтқысы келген.
Екі туынды да абсурд арқылы қоғамның ауыр жарасын астарлап жеткізген. Былай қарасаң, сахнада мүлде басқа дүние, ал айтар ойы – мүлде басқа. Тағы бір ұқсастығы екеуінде де кейіпкерлердің нақты аты жоқ, Қ. Мұраттың «Пони»-інде Пониден басқа кейіпкердердің аты Б. Нұрғалиевтің «Әзәзіліндегідей» бірінші әйел, екінші әйел, абыз, әйел, бірінші еркек, екінші еркек деп аталады. Бұл – қазақ театрына керек, әлі де жетілдіруді қажет ететін бағыт.
Достарыңызбен бөлісу: |