Ros тақырыбы: Альбер Камю философиясындағы абсурд мәселесі. Топтағы адамдар тізімі



бет3/6
Дата03.02.2022
өлшемі120,56 Kb.
#130635
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
рос философия
stud.kz 17490 (1), Абайдың қара сөздері, Рақыш Әмірдің сұраулы сөйлемдерді топтастыруы, httpselt.oup.comeltstudentsenglishplusenglish-plus-kazakh-grade-6-students-book.pdfcc=global&selLanguage=en 2
2.2 Абсурд ойшыл Альберт Камью

Альберт Камю (фр. Albert Camus, 1913 — 1960) — экзистенциализм бағытындағы француз жазушысы және философ, тірі кезінде-ақ «батыстың ар-намысы» деп құрметтелген, Нобель сыйлығының әдебиет бойынша 1957 жылғы лауреаты.

Альберт Камю 1913 жылы 7 қарашада Франция отарындағы Алжирде, нақтап айтқанда Мондови жеріндегі «Сан-Поль» фермасында дүниеге келген. Әкесі Люсьен Комю, арғы атасы Эльзастық болып, шарап өндіретін фирмада жұмыс істеген.

1918 жылы Альберт Камю бастауыш мектепке түседі және 1923 жылы мектепті үздік тамамдайды.

1932-1937 жылы Альберт Камю Алжир университетіне түсіп, философия мамандығында оқиды. Университетте ол өте көп кітаптар оқыды, күнделіктер жазумен болды, эссе жанырында қалам тербеді. Сол уақыттарда ол Андре Жид, Фёдор Михайлович Достоевский, Фридрих Ницше ықпалына қатты ұшырады.

1935 жылы Альберт Камю бакалавр дәрежесін алады және 1936 жылдың мамырында философиямагистрі дәрежесін алады. Ғылыми жұмысының тақырыбы: "Неоплатонизм және христиандық ой" - Плотиннің Августин теологиясына ықпалы туралы болды. Сол жылдары Бақытты ажал повестін жаза бастады. Бұл кезде Камю экзистенциализм мәселелеріне назар аудара бастаған болатын: 1935 ж Л.Шестов, Мартин Хайдеггер, Карл Ясперстің шығармаларын зерттеді; 1936-1937 жылы А.Мальроныңабсурттық өмір идеясымен танысты.

Альберт Камю университеттің жоғарғы жылдығында социалистік идеяға бой ұрды. 1934 жылы Ауструндағы көтерілісті жақтады және 1935 жылы көктемде Франция коммунистік партиясына мүше болды. Бірақ бұл партия сапында бір жыл шамасында ғана болды, өйткені оның Алжирлік халық партиясымен байланысын үзбегені білініп, троцкиші деп айыпталды және партиядан шығарылды.

1936 жылы А.Камюдің жеке белсенділігімен Еңбек театры (фр.Theatre du Travail ) ашылды. 1937 жылы ол Команда театры (фр. Théâtre de l'Equipe) деп қайта аталды. Ол Достоевскийдің ең маңызды романының бірі Ағайынды Карамазовтар желісімен көрініс ұйымдастырды және Камю өзі "ақыл" тұлғасы Иван Карамазов рөлінде ойнады. 1936-1937 жылдары денсаулығын түзеу мақсатында, әсіресе асқынған туберкулозды емдеу мақсатында Альпі тауына барды және жолай Франция, Италия, орталық Еуропа елдеріне саяхатта болды. 1937 жылы Сыр мен сымбат (сөзбе-сөз: астары және беті) атты тұңғыш эсселер жинағы жарық көрді.

Университет бітірген соң біраз уақыт Алжир мадениет үйін басқарды. 1938 жылы Жағалау журналының редакторы болды. Кейін опозициялық Альжен републикен ("Algen Republіcaіn") және Суар републикен ) газеттерінде саяси шолушы және редактор болып жұмыс істейді. Сол кездерде Камю әлеуметтік саясатты жақсартуды, Алжир еліндегі арабтардың дамуына көмектесуді жақтады. Алжир, Суар газеттері екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда цензурамен жабылды.

Соғыс жылдары Камю бар уақытын эссе және публицистика жазумен өткізді. 1938 жылы Неке атты кітабы жарық көрді. 1939 жылдың қаңтар айында Калигула пьессасының бірінші нұсқасын жазып бітті.

1940 жылдары Суар Республикен газеті жабылған соң, математика оқытушысы, болашақ жары Франсин Формен бірге Оранға көшіп барды және сонда жеке сабақ берумен айналысады. Кейін екі айдан соң Алжирден Парижге қарай көшеді.

Парижге келген соң Альберт Камю «Пари-Суар» газетінде техникалық редактор болып жұмыс істейді. 1940 жылы мамыр айында «Бөгде» шығармасын жазып аяқтайды.1940 жылдың желтоқсан айында «Пари-Суар» газетіндегі жұмысынан кетіп, басып алынған елде тұрғысы келмейді де, қайтадан Оранға көшіп барып, мектепте француз тілінен сабақ береді.

1941 жылы «Сизиф туралы аңыз» шығармасын жазып болады. Кейін Камю ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде «Қарсыласу қозғалысының» белсенді мүшесі болды және «Айқас» газетінде астыртын атпен мақалалар жариялады.

1942 жылы «Бөгде» жарық көрді, ал 1943 жылы «Сизиф туралы аңыз» басылып шықты. 1943 жылы «Айқас» газетінің бас редакторы атанады. 1943 жылы «Галиммар» баспа кешенінде жұмыс істейді. Соғыс кезінде лақап атпен жазылған «Неміс досыма хат» атты шығармасы жарияланды.

Нобель әдебиет сыйлығы

1943 жылы әйгілі жазушы Ж.П.Сартрмен танысып, оның қойылымдарына қатысады.

1944 жылы «Оба» атты романы жазылып бітті және тек 1947 жылы ғана басылып шықты.

1947 жылы Камю отбасында егіздер Жан және Катрин дүниеге келеді.

Оған 1957 жылы әдебиеттегі сүбелі үлесі үшін Нобель әдебиет сыйлығы тапсырылды. Ал оның замандас, қаламдас, "бәсекелес" досы Ж.П. Сартр Нобель әдебиет сыйлығын алудан өз еркімен бас тартады.

1943 жылы әйгілі жазушы Ж.П.Сартрмен танысып , оның қойылымдарына қатысады .

1944 жылы Оба атты романы жазылып бiттi және тек 1947 жылы ғана басылып шықты .

1947 жылы Камю отбасында егіздер Жан және Катрин дүниеге келеді .

Оған 1957 жылы әдебиеттегі сүбелі үлесі үшін Нобель әдебиет сыйлығы тапсырылды . Ал оның замандас , қаламдас , " бәсекелес " досы Ж.П. Сартр Нобель әдебиет сыйлығын алудан өз еркімен бас тартады . Қайтыс болуы.

А.Камюдің құлыптасы.

1960 жылдың 4 қаңтарнда Альберт Камю досы , баспагер Мишель Галлимардың отбасымен және баспагер жиені Гастон Галлимармен Прованстан Парижге машинамен қайтып келе жатқанда , Парижден жүз киллометр жердегі Вильблевен қалашығы маңында көліктері жолдан шығып кетіп ағашқа соғылады. Бақытқа қарсы , Камю қатты соққыдан сол сәтте қайтыс болады. Рульде отырған Галлимер ауруханада жатып , екі күннен соң көз жұмады . Бақытқа жарай әйелі мен қызы аман қалады . Жазушының жеке заттары ішінен аяқталмаған " Бірінші адам " повесі және қолданылмаған теміржол билеті табылды . Сөйтіп , ұлы жазушы Альберт Камю Оңтүстік Франция Люберон ауданындағы Лурмарен моласына жерленді . 2011 жылы Итальяндық газет Corriere della Sera дабыралы болжам жсайды : Советтік арнайы қызмет ( КГБ ) әдейі автоапатын қолдан ұйымдастырып , көліктің бір дөңгелегін жарып жіберіп , ұлы жазушының өлімін қасақана туғызған екен . Камю Венгрияға Совет одағының басып кіруін айыптағаны үшін және Пастернакты жақтағаны үшін оған осы сұрқия қастандық жасалған көрінеді . Газет кісі өлтіру жоспарына тіке бұйрық беруші ретінде СССР сыртқы істер министрі Шепиловты ( Dmitri Chepilov ) атаған . Дегенмен бұл тұжырыммен келіспейтіндер француздардың арбаны тым қатты айдайтынын себеп етіп көрсетеді . 1957 жылы әйел жазушы Франсуаза Саган да осылай ауыр жол апатына ұшыраған болатын. Бірақ , Альберт Камюдің өзі арбаны тез айдағанды ұнатпапты . Ол " мен жылдамдықты сүймеймін , машинаны да ұнатпаймын " деген болатын . Ол Сизиф туралы еңбегінде былай жазған болатын : " абсурд кез келген бұрыштан , кез келген адам жағынан сурылып шығып бетіңе шапалақпен тартып кетуі мүмкін " . 2009 жылдың қарашасында Францияның президенті Николя Саркози жазушының дене кулін Пантеонға ауыстырып жерлеуді ұсынғанымен , бірақ Альберт Камюдің ұлы бұл ұсыныстан бас тартты . Оның айтуынша , әкесі өмір бойы жалған атақты жек көрді , әлдекімдердің жасанды түрде қошамет етуін қаламайды одеді .



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет