Қос негіз (дуализм)
Камю шығармашылығында қос негізді тақырыптардың үлесі көп, кейі кітап аты да болып келеді: «Сол мен оң», «Сүргін және патшалық» қатарлылар.
Камю назар аудартқан басқа да қос негіздер "Былжырақ және ақыл", "Өмір және өлім", "Азғындау және құтқарылу", "Жарық және көлеңке", "Күнә және бейуаздық", ... Бұл өзара қайшы қос негізді тақырыптар қайталанып көрініс табады және олар бір-бірін жеңе алмайды, бір-біріне сай қисынмен қатар өмір сүреді.
Камю өз эсселерінде мынадай риториканы жиі қолданады: айқын жарықты жойқын қараңғылық арқылы суреттеу. Шығармаларында бұл риторикалық амал болуы мүмкін, бірақ бұл оның барлық шығармаларында кездесетін негізгі ерекшелік есептеледі. Оның роман-әңгімелерінде болсын, философиялық эсселерінде болсын, немесе сахналық қойылымдарында болсын логикалық бір ізділік жоқ, кез келген жерінде өзара қайшылықтар тасқыны аласұрып кете береді. Басқа жазушыларда бұл кемшілік құсап көрінгенімен, Альберт Камюге келгенде ол ғажайып тереңдік болып көрініс табады. Дания физигі Оге Нильс Бор айтқан болатын:
Камю өзінің бұл түрдегі қайшылықтарға тура қарауы арқылы адамзат ойының шектілігі мен дүниетанымдық жарқаштарын паш етеді. Қос негіз қашанда екі тараптың қатар өмір сүруін алғышарт етеді, бірақ ол адам өмірінде үлкен сасқалақ, мағынасыздық, бөгделік, алуандық әсерін туғызады. Демек, ол өмір тақырыбында анықтау қиын, адамгершілікке сай келе кетпейтін тым тосын өңір есептеледі.
Қос негіз әуелде батыстық ойдың маңызды бір ерекшелігі болатын. Бірақ ол тарихтар бойы субъект (өзем) пен объект (көзем), жақсылық пен жамандық, сұлулық пен сұрықсыздық, ақиқат пен сандырақ, ақ пен қара, білім мен надандық секілді біржүріс ұғымдарға байланысты түсіндірілді. Ал, Бірақ Альберт Камюде бұл дәстүрлі ұғымдар кездесе бермейді, олар тек "сүргін және патшалық", "жарық және көлеңке" секілді образдарға орын босатады. Адам өлтіру қылмысы туралы жазылған «Бөгде» шығармасында "Қылмыскер және Бейуаз" мәселесі де мәнін жойып, оның артындағы тіпті де өзекті мәселеге ойысады: "Парыз және Безбүйректік" мәселесі. Камюдің бұл парадоксті теориясы оған теориялық шығар жол (шешім жолын) бере алмаса да, оның шығармаларындағы оқиғаларының сұмдық көп мағыналылығын, мәнді және әсерлі болуы туғызған. Эстетика тұрғысынан қарағанда, қарапайым, еш әрленбеген тіл адам санасына тосын қатер туғызады. Камюдің «Бөгде» және «Азғындау» шығармаларында бұл өте айқын байқалады.
Экзистенциализм
Камю басқалардың өзін экзистенциалист деп атағанын қаламады. Бірақ тіпті ол Нобель әдебиет сыйлығын қабылдаған кездегі Арнау сөзде де оны "экзистенциалист" деп атаған екен. Демек, экзистенциализм бағыты қалайда Камюмен байланысты.
Экзистенциализм — түрлі қарама-қайшы идеяларды қамтыған ағым ретінде өз ішінде де қайшылық қат-қабат болатын. Қысқаша айтқанда, экзистенциализмнің негізгі тақырыбы "жекенің болмыстан "үрейленуі", "абсурд сезімі", "жалғыздық", "қалшыл" болып, ол адамның дүниені сезінудегі біртүрлі көңіл күйін білдіреді: Қорғансыз, сүйенішсіз, екіұдайы жеке адамның мағынасыз дүниедегі түгеп бермес мәнсіз күресті бастан кешіруі, сөйте тұра жеке адамның лақтырылып тасталғандай күйге түсуі.
Камю «Сизиф туралы аңыз» кітабында әр адамның бейне Сизиф секілді екенін айтады. Айырмашылығы, бұл шындықты қабылдағысы келмейді.
Сосын, Сартр философ ретінде теорияға көбірек назар аударды, абстракт болды. Ал, Камюдің философия туралы идеялары өмірді тіке сезіну мен толғанудан келгендіктен оның идеялары эсселерінде көбірек көрінгенімен, бірақ әдебиетші екендігі көбірек байқалатын. Ол Алжирді сүйді, жерорта теңізіндік романтизмнен айнымады. «Бар және Жоқ» пен «Сизиф туралы аңыз» бір біріне мүлде ұқсамайтын кітаптар есептеледі. Екеуінің бұл екі кітабы тек көзғараста ғана емес, маңыздысы ой жүгірту тәсілі жағында да ұқсамайды. Сартр өзінің «Бар және Жоқ» кітабында біржүріс логикалық тұжырымдар арқылы сенің Абсурд болмауың мүмкін еместігін дәлелдеуге тырысса, ал Камю "еркін таңдауды" дәріптемейді және "Мен осындамын, міне бұл абсурд" дегенді сезіндіреді.
Екеуінің тағы бір айырмашылығы, Сартр әрекетке мән берсе, Камю екіұдайылыққа салынады. «Оба» кітабын айтпағанда, әрекеттің маңызы жоқ, мысалы «Бөгде» кітабында тіпті де солай болды. Бұл кітаптың дәл ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде жариялануы қаншалық дұрыс деген де әңгіме болған. Өйткені баршаға "бәрі бір емес пе!" қарайтын Мерсоның "Қарсылық әрекетіне" қатысып, фашистермен соғысуы еш қисынға келмейтіні анық.
Камю мен Сартр тең дәрежеде "жоқтыққа", мағынасыздыққа қарсы "қарсылықты" дәріптегенімен, бірақ олардың Қарсылығы ұқсамайды. Камю көбіне көп рухани қарсылықты айтады. Ол не істеуді емес, өзіңнің істеуіңе қарата сенің не ойлауың, қалай бағалауың негізгі мәселе деп қарайды. Бұл тұрғыда ол "Рухани Жеңімпаздыққа" ұқсап қалады. Ал, Сартрдың дәріптейтін қарсылығы басқаша. Ол не ойлауды емес, не істеуді көбірек көзде тұтады.
Камюдің батыры Сизиф пен Сартрдың батыры Орест (Oreste) ұқсамайтын үлгілер. Дәл осы Қарсылық мәселесіндегі екеуінің пікір қайшылығы олардың неше ондаған жылдарға созылған достығын бұзды. 1951 жылы Камюдің әйгілі «Ереуілші» кітабы жарияланған соң, екеуінің ортасындағы қайшылық шегіне жетті.
Бөгде
Камю “Бөгде” повесінде жаттанған, және өшпенділікке толы өзімшіл қоғамдағы адам өмірінің мәнсіздігі мен жалғыздығын суреттейді. Абайсызда кісі өлтіріп, ажал сағатын күтіп отырған бас қаһарманның (Мерсо) көңіл-күйі мен сезім арпалысын бейнелей отырып, Мерсоның басқа кісі өлтірушілерден айырмашылығы оның өзі жасаған ауыр қылмысын мойнына алып, тергеу ісіне шын көңілімен көмектескісі келгендігінде. Ол кісі өлтіргені жайлы бүкпесіз ашық мәлімдеп, сот үкіміне немқұрайлы қарайды. Қазыларды кісі өлтірушінің шыншылдығы, өз өмірін сақтап қалу үшін қулыққа барып, құтылып шығуға әрекет жасамауы таң қалдырады. Олар Мерсоның шыншылдығы мен әділеттілігін епті жалтару, қулық немесе абсолютті шыншылдық ретінде қабылдап, шешесінің өлімінде жыламаған безбүйрек қылмыскерді өмірге, қоғамға ең қауіпті адам ретінде бағалауға дейін барады.. Екі жағдайда да бұл қатал жазалануы тиіс. Мерсоның аңғырттығы мен ақ пейілін оның қоршаған ортасы алжасқандық ретінде қабылдайды, ал (Мерсо) “бөтен” (бөгде) үшін бұл – норма. Ол сот процесін “комедия” ретінде қабылдап, көптеген құндылықтардың жалғандығын және мәнсіздігін парықтайды. Сол арқылы Мерсо өркениеттен алшақтауға және өз денесінің табиғатпен үйлесімділігіне қол жеткізіп, табиғатпен бірігу арқылы ләззат алуға ұмтылады. Өмірде мағына жоқтығын ұғынған жан ажалды жайбарақат қабылдауға қабілетті және жат, бөгде дүниеде өмір сүріп, қайғы-қасірет шегудің негізі жоқ деп біледі. Бұл оның ажал туралы экзистенциалды ойларға берілуіне барып тіреледі.
Сизиф
Сизиф жазасы, Тициан сызған, 1548 және1549 жж. аралығы.
Камюдің «Сизиф туралы аңыз» атты шығармасында да адам өмірі мифтік кейіпкер Сизифтің биік таудың басына қарай үлкен тасты домалатқан іс-әрекеті тәрізді мәнсіз, мағынасыз екені жінтікті талқыланған. Сизиф құдайлар тарапынан шың басына тас домалатуға жазаланған, бірақ ол тасты тау басына қарай бар күш-қуатымен домалатқанымен, тас шың басына жете бере төмен қарай домалап кете береді. Жеңіс күні жақын көрінгенімен, Сизифтің еңбегі еш, бекершілік. Камю адам ақырғы есепте өмірді түбегейлі өзгертуге, бірегей табысқа біржолата жетуге қабілетсіз деп санайды. Адам өмірі – өмір мен ажалдың өзіндік құндылығы мәселесін шешу болып табылады. Әрбір адам бұл мәселені өз санасында жеке шешеді. Өмір – театр, ал әрбір адам – “көлеңкелері”, мағынасыз театрдың көрермені, актері, әрі режиссері. Өмірдің мағынасыздығы мен ажалдың шынайылығын түсінген адамның шынайы құндылығы өзін-өзі мерт қылу жолымен ажалды қабылдауда емес, ажалмен күресте.
Камю егер адам ажалмен күреспесе, онда ажалдың өзі де мағынасыз деп есептейді, барлығын қорыта келе өмір мағынасы адамның тіршілік етуі - қарсылығында деп санайды. Адам алғашында бәріне көнеді, жарайды дейді, шыдайды, өзін алдайды, бірақ егер оның бойындағы адамдық қасиет өшпесе, күндердің бірі «Жетер енді! Мен қарсымын! Мен келіспеймін! Мен адаммын ғой!» деп айғайлайды. Өмірдің мәнділігі қарсылықта. Қарсылық мәнсіздікпен (абсурдпен) күрес арқылы болады. Сизиф жеңілетінін, тастың тауға шықпайтынын білсе де бәрібір тоқтатпай тас домалатады. Демек «Сизиф бақытсыз емес!» деп тұжырымдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |