Алтын адам



бет1/4
Дата01.03.2023
өлшемі2,33 Mb.
#170699
  1   2   3   4
Байланысты:
Алтын адамдаррр

Алтын адам


Орындаған Тоқтарбек Алина
География -тарих

Алтын адам

  • 1969-1970 жылдары Алматы облысы маңынан табылған “Алтын адам” . Археолог Кемел Ақышев Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесін тапты. Тарихи жәдігердің киімі 4 мыңға жуық алтын әшекеймен безендірілген.

Безендірілуі

  • Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін “хайуанат нақышында” жасалған. Бассүйектің сол жағынан жақұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 сантиметр шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар – ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген.

Екінші Алтын адам

  • 1999 жылы Әлкей Марғұлан атындағы археологиялық экспедициясы кезекті қазба жұмыстарын Аралтөбе қорғанына жасап, Атыраудың “Алтын адамы” атауын алған екінші ескерткішті тапқан. Зерттеу нәтижесінде бұл алтын киім киген сақ жауынгерінің қалдықтары екені анықталған. Тарихи олжаны археолог Зейнолла Самашев тапқан. Біздің заманымызға дейін III ғасырға жататын алтынмен көмкерілген жауынгерді оның болат семсеріне қарап ғалымдар сарматтардың көсемі деген қорытындыға келген екен.

Аралтөбенің “Алтын адамы”

Оның сырт киімі түгелдей алтын әшекейлермен безендірілген. Шашбауы, қару-жарағы, қорамсақ жиектері, асатаяғындағы самұрық бейнесі алтынмен апталған. Әйел және ер адам мүрделерімен бірге олардың аяқ жағында мәйіт жанынан екі жылқы мен қыран құс сүйектері, жүзден астам жебесі бар қорамсақ, қыш құмыра, қайқы қылыш табылған.

  • Ер адам киімі әшекейлі алтын бұйымдармен безендірілген, тіпті шашын түйген байламшасы, жанындағы қару – жарақтары, қорамсақ жиектері, асатаяғындағы самұрық бейнесіне шейін алтын мен апталып, әшекейленген. Табылған бұйымдар, киім үлгілері және салынған өрнектердің, әшекейлердің табиғаты бұл ескерткіштің қазақ даласында біздің заманымызға дейін ІІІ ғасыр – біздің заманымыздың ІV ғасыры аралығында өмір сүрген сармат тайпаларына тиесілі екені дәлелденген. Белгілі шебер Қырым Алтынбеков қалпына келтірген бұл ескерткіш қазір Атыраудың облыстық музейінде тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет