Еңбек негізгі мектебі ІІІ тоқсан бойынша оқу- тәрбие жұмысының есебі 2015-2016 оқу жылы Мектептің жұмыс тақырыбы «Жаңа заманға жаңа біліммен»



Дата25.08.2017
өлшемі56,65 Kb.
#26963
Еңбек негізгі мектебі

ІІІ тоқсан бойынша оқу- тәрбие жұмысының есебі

2015-2016 оқу жылы

Мектептің жұмыс тақырыбы «Жаңа заманға жаңа біліммен» Әдістемелік бірлестік жұмысының тақырыбы: «Қазіргі заман талабына сай, жан -жақты дамыған, рухани бай, шығармашылық белсенділігі жоғары, дені сау, жеке тұлға қалыптасыру». Оқу жылына қойылған талаптар мен міндеттер үшінші тоқсанда жоспар бойынша орындалды.

Басты назар оқушының білім деңгейін және мұғалімнің шығармашылық жұмысын жетілдіру. Біліктілік категориясын І санатқа көтеруге өтініш берген бастауыш сынып мұғалімі Табулдина Жұлдыз Тілеубайқызының портфолиосы аудандық аттестация комиссиясына тапсырылды.

Пән апталықтары жоспар бойынша өтілді. ІІІ тоқсанда бейнелеу өнері, технология, дене шынықтыру пәндерінің апталығы және информатика, физика пәндерінің апталығы өтті. Ашық сабақтар, сыныптан тыс іс шаралар өткізілді. «Перспектива. Адамның бет келбетін салудағы ерекшеліктер» бейнелеу өнерінен ашық сабақ 5-6сыныптарда, «Қыздың шебер боларын бармағынан танырсың» сыныптан тыс іс шара жақсы деңгейде өтті. Мұғалімі Амангелдинова С.Ү. «Секіру жаттығулары» 7-8 сыныптарда дене шынықтыру сабағынан ашық сабақ өтті. Мұғалім Тұрсынбаев А.К. «Білгір физик» 7-9 сыныптан тыс іс шара өткізді Мұғалім Хамитхан М. «Информатика әлемінде» сыныптан тыс іс шара 5-9сын. Мұғалім Омарова С.Е. Жаратылыстану, математика циклі бойынша оқушылардың білім сапасы 77%

ІІІ тоқсан бойы әр бірлестік өз жұмысын жүргізді. Ашық сабақтар, ашық тәрбие сағаттары, сыныптан тыс шаралар ұйымдастырылып, өтілді. Өткен іс- шаралар бойынша есептер берілді. Оқушылардың білім сапасы үнемі назарда болды. Үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс жүргізіліп тұрды. Мұғалімдер өзара сабаққа қатысып, тәжірибе алмасты. 4,9-сыныптарда мектепішілік сырттай бақылау тесті алынды. «2» деген баға жоқ. Орташа 50,60% білім сапасын көрсетті. Жекелеген пәндерден нашар үлгеретін оқушылармен жұмыстар жүргізіледі. Қосымша, факультатив курстарына құрылған кесте бойынша өтіледі.Үйде оқылатын 8-сынып оқушысы Амандық Мейрамбек сыныптан тыс шараларға қатысты. Оқушылардың дәптер , күнделік тазалығы, оқу жылдамдықтары тексеріліп тұрды. Ескертулер айтылды, түзетілді. ІІІ тоқсан соңында бастауыш сыныптардың оқу жылдамдығы

Сынып

Нормадан төмен

Норма

Нормадан жоғары

1

-

2

3

2

1

-

3

3

1

1

2

4




2

4

ІІІ тоқсан бойынша бастауыш сыныпта жекелеген пәндер бойынша білім сапасы.




Пәні

Сапасы

Үлгерімі

Математика

80%

100 %

Қазақ тілі

85 %

100 %

Әдебиеттік оқу

95%

100 %

Дүниетану

85 %

100 %

Орыс тілі

63 %

100 %

«Абай оқуларына »дайындық жүріп жатыр.4-сынып оқушылары Алпыспаев Ансар,Насихат Сейфуллин,Турсунбаева Султанна белсене дайындалуда.

Наурыз айында мектепте аудандық семинар өтті. Аудандық оқу бөлімінің әдіскері Ахметова А.Р, Жахина Р.А. қатысты. Тақырыбы: «Біріктірілген сыныптарда оқытудың әдіс тәсілдері» Бастауыш сынып мұғалімі Табулдина Ж.Т.2-4-сыныптарда математикадан, қазақ тілінен 9-сыныпта Нұқай Н, орыс тілінен 7-8 сыныптарда Досмағамбетова Р.Ж. ашық сабақтар өткізді. Сыныптан тыс іс шаралар «Знай,люби и цени русский язык», «Үш кемеңгер дүлдүлім», «Тәуелсіздік- қасиет тұнған ұлы ұғым» өткізілді. Жекелеген пәндер бойынша ескертулер айтылды, жақсы тұстары да ескерілді. Сабақта әдіс тәсілдерді жүйелі қолдану қажет екені айтылды. Оқушылардың білімдерін жақсы деңгейде көрсете білді.

4,9-сыныптарда мектепішілік сырттай бақылау тесті алынды. «2» деген баға жоқ. Орташа 50,60% білім сапасын көрсетті.

Үшінші тоқсанда мектеп бойынша оқушылардың білім сапасы 77% көрсетті. 8 үздік, 20 екпінді. ІІ тоқсанмен салыстырғанда 5-сынып оқушысы Төлеулова Зарина үздіктер қатарына қосылды.

КИО олимпиадасына тарих пәнінің мұғалімі Омарова С.Е. қатысып, үздік көрсеткіш көрсетіп, сертификат алды. 6-сынып оқушысы Турсунбаева Алина тарих пәнінен КИО олимпиадасына қатысып жақсы көрсеткіш көрсетіп, сертификат алды. Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізіліп тұрады. Оқу жылының басында жұмыс жоспары құрылып, өтілетін іс шаралар белгіленді. Гуманитарлық цикл бойынша Досмағанбетова Ғ (7-сынып), Өнербек Айдана (9- сынып), Жакуден Аят (8-

сынып),Турсунбаева Анель, (8с) Турсунбаева Алина,(6с) Кайров Диас, (5с) Жакуден Мирас, (5с) Төлеулова Зарина (5с). Олармен сабақтан тыс уақыттарда таным сабақтары өтіліп, оқушылар шығармашылық жұмыс жүргізеді. Сыныптан тыс іс шараларды ұйымдастыруда, тәрбие сағаттарында үлкен белсенділік танытады Мектепішілік Абай, Мұқағали оқулары өтті. Аудандық Абай оқуына 7-с оқушысы Досмағамбетова Ғалия «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Мұғалімі Досмағамбетова Р.Ж.

Гуманитарлық пәндер бойынша ІІІ тоқсанда оқушылардың білім сапасы 77% .

ІІІ тоқсанды қорытындылауға жазған бақылау жұмыстарының негізінде тоқсандық баға қойылды. Қорытынды бақылау диктанттары мен тест жұмыстарынан «екі» деген бағаға жазған оқушылар болған жоқ. Оқушылардың білім деңгейлеріне қарай көктемгі демалысқа тапсырмалар берілді.

Тоқсан бойы тәрбие жұмыстары,сынып сағаттары, ашық тәрбие сағаттары өткізілді.

1-9- сыныптар бойынша Ризашылық күніне орай сынып сағаттары өтілді.Ата –аналармен жиналыс өтті.Жемқорлыққа,туберкулезге қарсы сынып сағаттары,әңгіме сағаттары өтілді. «Біз жемқорлыққа қарсымыз!», «Жемқорлық індет, оны жою міндет», «Лаңкестікке жол бермейміз» «Туберкулез емделеді» , «Спорт –денсаулық кепілі» тақырыбында сынып сағаттары, спорттық ойындар өтілді. 8-наурыз «Ардақтайық ананы!» атты мерекелік концерт,сынып сағаттары өтілді.Наурыз мерекесіне де белсенділік танытып, әндер айттып,билер биленді.

Наурыз айында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесін атап өттік. «Ана- өмір себуші» атты тақырыпта мерекелік концерт өтті. Оқушылар ана, әже туралы өлең жолдарын оқып,ән айтып,би билеп көріністер көрсетіп өте қызықты мәнді сәнді өтті.Жауапты мұғалім Досмағамбетова Р.Ж 9- сынып арасында Мамандық таңдау апталығы өтілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып 9 бітіргенде кандай мамаңдық иесі болатынын айтып жоспарлады.

Су тасқыны туралы оқушылыр , және ата- аналар арасында жиналыс сынып сағаттары өтілді.



Төртінші тоқсанда оқушылардың білім сапасын арттырып, оқу жылын ойдағыдай аяқтауды міндетке аламыз. Сәуір, мамыр айларында өтетін аудандық, мектепішілік іс шараларға оқушылар мен ұстаздар қатысып, тәжірибе алмасады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет