264
Веналар
– көмірқышқыл газына қаныққан, зат алмасу өнімдері, гормондар
мен басқа заттар бар вена қанын мүшелер мен ұлпалардан жүрекке (артерия
қанын әкелетін өкпе және кіндік венасынан басқа) апаратын қан тамырлары.
Вестибула аппараты
– кеңістікте бас пен дененің қалпының өзгеруін, сондай-
ақ қозғалу бағытын қабылдайтын сезім мүшесі.
Жартылай өзек пен ішкі
құлақтың қапшықтарында орналасқан.
Витилиго
– теріде ақшыл (пигментсіз) дақтардың түзілуі.
г
гайморит қуысы
, үстіңгі жақсүйек қойнауы мұрын тесігіне ашылады. Оның
шырышты
қабықшасының, кейде сүйек қабырғасының
қабынуынан гайморит
ауруы туындайды.
ганглий
, жүйке түйіні – дәнекер ұлпалы капсула мен глия жасушаларымен
қоршалған нейрон денелері мен өсінділерінің шоғыры.
гангрена
, шірік – әдетте қан тамырының жарақаттану немесе бітеліп қалу
салдарынан
ұлпалардың жансызданып, жұқпаларды жұқтырып алуы.
гастрит
– асқазанның шырышты қабықшасының қабынуы.
гематология
(грек.
гемо
–
қан және
логос
– ілім, ғылым) – қан жүйесінің
құрылысы мен қызметін зерттейтін медицинаның бөлімі.
Достарыңызбен бөлісу: