А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет202/227
Дата08.12.2023
өлшемі5,61 Mb.
#195657
түріОқулық
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

Варолий көпірі
– артқы мидың (сопақша ми мен ортанғы ми арасында) 
құрамына кіретін ми діңінің бөлігі.
Вегетариандық
– тек өсімдіктекті немесе сүт және өсімдіктекті тағаммен 
қоректену жүйесі. 
Вегетативті жүйке жүйесі
– ішкі мүшелер мен жүйелердің – қан айналым, 
тыныс алу, асқорыту, бөліп шығару, көбею және т.б. қызметін, зат алмасу мен
ағза ұлпасының қызметтік күйін (қозғыштық, жұмысқа қабілеттік және т.б.) 
реттейтін жүйке жүйесінің бөлігі. Симпатикалық және парасимпатикалық 
жүйке жүйесі болып бөлінеді. 
Венулалар
– вена капиллярлары біріккен кезде түзілетін ең ұсақ веналар; 
олар қосылып вена түзеді. 


264
Веналар
– көмірқышқыл газына қаныққан, зат алмасу өнімдері, гормондар 
мен басқа заттар бар вена қанын мүшелер мен ұлпалардан жүрекке (артерия 
қанын әкелетін өкпе және кіндік венасынан басқа) апаратын қан тамырлары. 
Вестибула аппараты
– кеңістікте бас пен дененің қалпының өзгеруін, сондай-
ақ қозғалу бағытын қабылдайтын сезім мүшесі. Жартылай өзек пен ішкі 
құлақтың қапшықтарында орналасқан. 
Витилиго
– теріде ақшыл (пигментсіз) дақтардың түзілуі.
г
гайморит қуысы
, үстіңгі жақсүйек қойнауы мұрын тесігіне ашылады. Оның 
шырышты қабықшасының, кейде сүйек қабырғасының қабынуынан гайморит 
ауруы туындайды.
ганглий
, жүйке түйіні – дәнекер ұлпалы капсула мен глия жасушаларымен 
қоршалған нейрон денелері мен өсінділерінің шоғыры.
гангрена
, шірік – әдетте қан тамырының жарақаттану немесе бітеліп қалу 
салдарынан ұлпалардың жансызданып, жұқпаларды жұқтырып алуы.
гастрит
– асқазанның шырышты қабықшасының қабынуы. 
гематология
(грек. 
гемо
– қан және 
логос
– ілім, ғылым) – қан жүйесінің 
құрылысы мен қызметін зерттейтін медицинаның бөлімі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет