А. Соловьева, Б. Ибраимова


Акселерация – жасөспірімдер мен балалардың денесінің дамуы және  жыныстық жетілуі уақыттан бұрын тез қарқынмен үдеп жүруі. Аксон



Pdf көрінісі
бет198/227
Дата08.12.2023
өлшемі5,61 Mb.
#195657
түріОқулық
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

Акселерация
– жасөспірімдер мен балалардың денесінің дамуы және 
жыныстық жетілуі уақыттан бұрын тез қарқынмен үдеп жүруі.
Аксон
– жүйке импульстарын бір жасушаның денесінен және дендриттерден 
келесі нейрон мен ағзаларға өткізетін нейронның ұзарған (1 м-ге дейін) 
цитоплазмалық өсіндісі.
Акупунктура
(лат. 
acus
– ине және 
punctura
– егу), инемен емдеу. Дененің 
жұмсақ тіндерінің белгілі бір нүктелеріне арнайы жасалған инелерді шаншу 
арқылы емдеу әдісі. Инемен емдеудің шығу тарихы Қытай, Корея, Жапония 
елдеріндегі ежелгі (дәстүрлі) медицинаның дамуымен тікелей байланысты. 
Ақшам соқыр
ағзада 
А
және 
В
2
(рибофлавин) дәрумендерінің жетіспеу 
салдарынан жарық нашар кезде (іңірде, түнде) көру қабілетінің бұзылуы.
Алкоголизм
созылмалы ауру, ол спиртті ішімдіктерін жиі, ұдайы ішуден 
пайда болады.
Аллельдер
– сәйкес хромосомалардың бірдей үлескілерінде болып, баламалы 
(қарама-қарсы қалыптағы) белгілерiнің дамуына жауап беретін дәл сол геннің 
әртүрлі қалпы. Мысалы, асбұршақтардың сары және жасыл түсі.
Аллергия – иммундық жауабының үлгісі, ол әртүрлі құрамдағы бөгде заттарға 
ағзаның жоғары ерекше сезімталдығының дамуынан пайда болады. Аллергияны 
қоздырушы зат аллергендер деп аталады. Мысалы, өсімдіктің тозаңы, үй шаңы, 
дәрілік препараттар және т.б. 
Альбинизм,
реңсіздік (лат. 
albus
– ақ) – өзіне тән түсінің жоғалуы. Альбинизм 
рецессивті генге байланысты тұқым қуалайтын белгі.


261
Альвеола (лат.
alveolus
– ұяшық, көпіршік) – 1) өкпе бронхыларының өте 
ұсақ тармақтарының ұшындағы капиллярларға толы домалақ немесе сопақша 
көпіршіктер. 
Альдостерон
– адам мен жануарлар ағзасындағы минералды зат (Na, К) 
және су алмасуын реттейтін бүйрекүсті безі қыртысты затының гормоны 
(кортикостероид гормоны). 
Амнезия
– еске түсіре алмау белгілері бар аурудың түрі. Негізінен жақында 
болған оқиғаларды немесе өткен оқиғаларды толық еске түсіре алмау. 
Анализаторлар
немесе талдағыштар – шеткі қабылдағыш бөлімдерден 
басталып, ми орталықтарында аяқталатын күрделі жүйке механизмі, яғни 
ол дененің сыртқы және ішкі ортасын жүйке жүйесінің орталық бөлігімен 
байланыстырып түрған рефлекторлық доғаның сезімтал бөлігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет