гипноз – тежеу арқылы мидың барлық қыртысы емес, тек жеке бөліктері
қамтылатын ұйықтаған сияқты күй.
гипогликемия – қанда қант мөлшерінің қалыпты деңгейден төмен азаюы.
гиподинамия – қимыл-қозғалыс белсенділігінің шектелуі, бұлшық еттің
жиырылу күшінің төмендеуі кезінде ағза қызметінің (тірек-қимыл аппараты,
қан айналым, тыныс алу, асқорыту) бұзылуы.
гипоталамус – аралық ми бөлімі; ағзаның вегетативті қызметі мен көбеюін
реттейтін жоғарғы орталық.
гипотония – төмен артериялық қысым.
гипофиз – мидың негізінде орналасқан ішкі секреция бездері.
глаукома – көзішілік қысым артуымен сипатталатын көз ауруы.
гликоген – глюкоза қалдықтарынан түзілген полисахарид. Адам мен
жануарлардың негізгі көмірсу қоры.
глюкагон – ұйқы безі өндіретін гормон.
гомеопатия – дәрінің өте аз мөлшерімен емдеу жүйесі.
гормондар – ішкі секреция бездері бөлетін биологиялық белсенді заттар.
Басқа мүшелер мен ұлпаларға мақсатты әсер етеді.
гуморальды реттеу – биологиялық белсенді заттар көмегімен сұйық орта
(қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы) арқылы жүзеге асырылатын ағзадағы тіршілік
әрекеттері үдерісін үйлестіретін механизмдердің бірі.
Д Дактилоскопия – жеке адамдарды анықтау, қылмыстық істі тіркеу және
қылмыскерді іздеу үшін саусақ іздерінің құрылысын зерттейтін криминалистика
бөлімі.
Дальтонизм – туа біткен түсті айыра алмау, негізінен, қызыл және жасыл
түсті айыра алмау қабілеті.
266 Даун ауруы – олигофренияның бір түрі. Ақыл-ойы және дене дамуының
тежелуі, ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуы, кейде кемтарлықпен
сипатталады.