А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет212/227
Дата08.12.2023
өлшемі5,61 Mb.
#195657
түріОқулық
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

О
Оба 
– оба бактериясы тудыратын адамның карантиндік ауруы. Негізінен ауру 
жануардан және ауа-тамшы арқылы жұғады.
Овуляция
– жетілген жұмыртқа жасушаларының аналық безден дене 
қуысына түсуі.
Озон тесігі
– озон мөлшері күрт төмендейтін, соған байланысты Жердегі 
тіршіліктің Күннің ультракүлгін сәулесінің зиянды әсеріне ұшырайтын 
озоносфера аймағы.
Оксигемоглобин 
– гемоглобиннің молекулалық оттекпен қосылысы; оттекті 
О
2
тыныс алу мүшелерінен ұлпаларға тасымалдайды және артерия қанының 
ашық қызыл түсін анықтайды. 
Окситоцин
– гипофиз безінен бөлініп, жатырдың жиырылуын реттейтін 
гормон.
Олигофрения 
– туа біткен немесе бала кезде жүре пайда болған дамымаған 
психикалық іс-әрекет.
Онтогенез
– әрбір организмнің жеке дамуы.
Орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ)
– ми мен жұлыннан тұратын жүйке жүйесінің 
негізгі бөлімі.
Ортанғы құлақ 
– есту жүйесінің бөлімі. Дабыл жарғағынан, ауа толы 
дабыл қуысынан, ондағы есту сүйекшелерінен (балғашық, төстік, үзеңгі) және 
жұтқыншақпен жалғасқан евстахий (есту) түтікшесінен тұрады.
Остеобласттар
– сүйек ұлпасын синтездейтін жасушалар. Өсіп жатқан сүйек 
ұлпасының бетінде орналасқан.
Остеоциттер
– 
остеобласттардан
түзілген сүйек ұлпасының жетілген 
жасушалары.
Отит, бұлық
– құлақтың қабынуы. 
Офтальмология
– көру мүшесінің анатомиясы мен физиологиясын зерттейтін, 
көз ауруларын, оларға диагноз қою, емдеу және алдын алу әдістерін жасайтын 
медицина саласы.
ө
өкпенің қабынуы
, пневмония – өкпе ауруларының тобы. Альвеолада, өкпе 
мен бронхиоланың аралық ұлпаларындағы қабыну үдерісімен сипатталады.
өндіршек
– көмекей жұмыры немесе жұтқыншақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет