А. Соловьева, Б. Ибраимова


Эмоция –  адам және жануардың ішкі және сыртқы тітіркендіргіштерге әсері



Pdf көрінісі
бет220/227
Дата08.12.2023
өлшемі5,61 Mb.
#195657
түріОқулық
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

Эмоция – 
адам және жануардың ішкі және сыртқы тітіркендіргіштерге әсері. 
Эндемик, жергілікті түрлер – 
салыстырмалы түрде шағын аумақта таралған 
өсімдіктер мен жануарлар түрлері.
Эндемия – 
қандай да бір аумақта белгілі бір ауру түрінің (көбінесе жұқпалы) 
үнемі болуы.
Эндокард
– жүректің эпителий ұлпасынан түзілген ішкі қабаты.
Эндокриндік бездер, ішкі секреция бездері – 
шығаратын жолы (өзегі) 


279
болмайтын және олар өндіретін заттарды (гормондар) тікелей қанға немесе 
лимфаға бөлетін арнайы мүшелер.
Эндокринолог
– ішкі секреция бездерінің ауруларын емдейтін дәрігер.
Энзимдер
– ферменттер.
Эозинофилдер
– түйіршікті лейкоцит жасушаларының бір тобы.
Эпидемия – 
жұқпалы аурулардың қандай да бір жерде, елде әдеттегі 
деңгейінен едәуір артатын дәрежеде жаппай таралуы.
Эпидермис – 
терінің сыртқы эпителий қабаты.
Эпикантус – 
үстіңгі қабақ пен көзжас төмпешігін жауып тұратын теріден 
түзілген қатпар.
Эпикард – 
жүректің перикардқа өтетін жұқа сыртқы қабықшасы. 
Эпифиз, домалақ без – 
аралық мида орналасқан конус тәрізді өсінді.
Эритроциттер 
– қанның қызыл жасушалары.
Эстрогендер 
– аналық жыныс гормондары.
Этология
(этология) – жануарлардың мінез-қылық ерекшеліктерін зерттейтін 
ғылым саласы.
я
ядро – 
көптеген біржасушалы және барлық көпжасушалы ағзалардың 
жасушаларының міндетті бөлігі.
ядрошық – 
эукариоттардың көбісінің жасушаларының ядросының ішіндегі 
тығыз денешік.


280


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет