278
Ш
Шандыр, фасция
– ішкі мүшелер мен бұлшық
еттерді жабатын дәнекер
ұлпалы қабықша.
Шаш
– түкті жабын түзетін терінің мүйізді түзінділері.
Шежіре,
филогенетикалық шежіре – туысқандық байланысты ағаш
түрінде
графикалық бейнелеу; оның негізіне ататектері, ал
тармақталған
діңдеріне ұрпақтарын орналастырады.
Шеміршек –
тірек-механикалық қызмет атқаратын дәнекер ұлпаның бір түрі.
Шиқан, фурункул –
түк қапшығының және онымен байланысты май безінің
іріңдеп қабынуы.
Стафилококк тудырады.
Шонданай жүйкесі
– ірі жүйке бағанасы. Теріні және сан, тізе, табан, өкше
бұлшық еттерін жүйкелейді.
Шірік қабыршақ –
күйген, сырылған, жараның бетін жабатын қабыршақ.
ы
ықылық
– өзіне тән дыбыс пен
аяқастынан қатты дем шығарып, көкеттің
рефлексті түрде жиырылуы.
Э
Эволюция –
тірі табиғаттың қайтымсыз тарихи дамуы.
Экскреция –
бөлу, бөлінді.
Экстрогендер
– аналық бездерден бөлінетін гормондар.
Электрокардиография –
жұмыс істеп тұрған жүректің
биоэлектрлік
потенциалын тіркеу жолымен жүрек бұлшық етін зерттеу әдісі. Жылжып тұра-
тын қағаз таспаға немесе фотоплёнкаға жазылған қисық сызық электро-
кардиограмма (ЭКГ) деп аталады.
Эмбриология –
ұрықтық даму туралы ғылым; кең мағынада – ағзаның жеке
дамуы туралы ғылым.
Эмбрион –
адам және жануардың ұрығы.
Достарыңызбен бөлісу: