274
Ремиссия
– ауру белгілерінің уақытша әлсіреуі (толық емес Р.) немесе
жойылуы (толық Р.).
Рефлекстер
– жүйке жүйесінің сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіштер әсеріне
жауап ретінде жүзеге асырылатын ағза реакциясы.
Рефлекс доғасы
– рефлекстің жүзеге асуына қатысатын жүйке түзілімдерінің
жиынтығы.
Рецепторлар
– сыртқы және ішкі ортадан тітіркендіргіштерді қабылдайтын
және жүйке жүйесінің ерекше белсенділігіне түрлендіретін арнайы сезімтал
түзілістер.
Рецидив
– ремиссиядан
кейін
аурудың клиникалық белгілерінің қайта пайда
болуы.
Реципиент –
қан қабылдайтын адам.
Рибоза
– барлық тірі жасушаларда РНҚ құрамында болатын моносахарид.
Рибонуклеин қышқылы (РНқ)
– жоғары молекулалы органикалық қосылыс;
нуклеин қышқылдарының типі.
Рибофлавин
– суда еритін В
2
дәрумені.
Ризоидтар
– тамыр қызметін атқаратын мүктердегі жіптәрізді түзіліс-
тер; қырықжапырақтардағы, қыналардағы, кейбір балдырлар мен саңырау-
құлақтардағы өскіншелер.
Достарыңызбен бөлісу: