А. Соловьева, Б. Ибраимова


Микседема  – қалқанша безден бөлінетін гормонның жетіспеуінен болатын  ауру. Миозин



Pdf көрінісі
бет211/227
Дата08.12.2023
өлшемі5,61 Mb.
#195657
түріОқулық
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

Микседема 
– қалқанша безден бөлінетін гормонның жетіспеуінен болатын 
ауру.
Миозин 
– жуан бұлшық ет талшықтарын түзетін нәруыз.
Миокард
– жүректің бұлшық етті қабаты.
Мишық
– ми бөлімі, артқы ми бөлігі. 
Моноциттер
– қорғаныштық қызмет атқаратын түйіршіксіз лейкоцит 
жасушалары.
Морфин
– көкнәр құрамындағы алкалоид. Медицинада ауырсынуды басатын 
дәрілік зат ретінде қолданылады. 
Мутациялар
– табиғи немесе жасанды түрде пайда болатын ағзаның 
генетикалық материалындағы – хромосомалары мен гендеріндегі қайта құрулар 
мен бұзылуы нәтижесінде тұқым қуалайтын қасиеттерінің өзгерістері.
Мутуализм 
– симбионттардың бірі екіншісіне қандай да бір пайда әкелетін 
симбиоздың бір түрі. 
Н
Нақұрыстық
, қауқарсыздық – олигофренияның жеңіл түрі. Танымдық 
үдерістердің төмен деңгейімен, негізінен, дерексіз ойлаумен, мінез-құлықты 
ерікті түрде нашар бақылаумен сипатталады.
Наркоз 
– сананы және ауырсыну сезімталдығын жойып, жасанды түрде терең 
ұйқы тудыру.
Натрий хлориді, ас тұзы, NaCl 
– маңызды тағамдық қоспа.
Невропатолог
(невролог) – жүйке жүйесінің ауруларын емдейтін дәрігер.
Нейроглия, глия 
– жүйке ұлпаларының қосымша жасушаларының жиын-
тығы; нейрондар мен ми капиллярларының арасындағы кеңістікті толтырады. 
Нейтрофилдер
– қорғаныштық қызмет атқаратын түйіршікті лейкоцит 
жасушалары.
Некроз 
– қан айналымның бұзылу әсерінен ұлпалардың жансыздануы.
Нефрит 
(нефрит) – бүйректің қабынуынан болатын ауру.
Нұрлы қабық 
– ортасында қарашық тесігі бар көздің жұқа, қозғалмалы 
диафрагмасы.


272


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет