267
емдік денешынықтыру (еДШ)
– денешынықтыру әдістерімен ауруларды
емдеу және алдын алу.
есеңгіреу, шок
– адам өміріне қауіпті күй; ағзаның жарақат алуы, күйік,
операция және сәйкес келмейтін қан құю кезінде, инфаркт болғанда және т.б.
әсер көрсетуіне байланысты пайда болады.
ессіз күй, кома
– ес-түсті толық жоғалту; қан айналым, тыныс алу және
зат алмасудың бұзылуы; рефлекстің болмауымен сипатталатын өмірге қауіп
туғызатын күй.
есте сақтау, жады
– өткен жеке тәжірибелерді қайта жаңғырту, еске түсіру
қабілеті.
есінеу
– ұзақ терең тыныс алу мен қарқынды тыныс шығарудан тұратын
еріксіз тыныс алу қозғалысы. Қанда көмірқышқыл газы жинақталған кезде
мүшелерді оттекпен қамтамасыз етуді жақсартуға бағытталған ағзаның
рефлекстік реакциясы.
Ж
Жас
– жас безінің секреті.
Жастық шақ –
бал дәурен шақтан кейінгі есейген кезге дейінгі өмір кезеңі;
ағзаның тіршілік ету күші жинақталады және дамиды.
Жарымес
– ескірген атау. Психикалық тұрғыда қалыпты емес адам.
Жемсау
– қалқанша бездің тұрақты түрде ұлғаюы.
Жүрек бұлшық еті
– миокард.
Жүрекмаңы қапшығы
– перикард дегенді білдіреді.
Жұқпалы аурулар
– ауру адамнан сау адамға берілетін, ауру тудырғыш
микроағзалар тудыратын аурулар.
Жұмыртқа –
жұп аталық жыныс безі.
Жұмыртқа жасушалары –
ұрықтану нәтижесінде немесе партеногенез
жолымен жаңа ағза дамитын аналық жыныс жасушасы.
Жыпылықтау, кірпік қағу
– мөлдір қабықтағы, көздің шырышты қабығын-
дағы, қабақ терісіндегі, кірпіктегі үшкіл жүйкенің сезімтал ұштарының
механикалық тітіркендіруге немесе жарық тітіркендіруіне жауап ретінде
қорғаныш рефлексі.
з
зат алмасу, метаболизм
– ағзада жүретін, оның өсуін, тіршілік әрекетін,
өніп-өсуін, қоршаған ортамен тұрақты байланысы мен алмасуын қамтамасыз
ететін химиялық айналымның жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: |