Биологиялық ластану



Дата14.12.2021
өлшемі9,03 Mb.
#126759
Байланысты:
Презентация1 Сарманбай Бақдәулет 12-21


Биологиялық ластану

Биологиялық ластаушылар – экожүйеде бұрын болмаған немесе мөлшері қалыпты жағдайдан аспаған организмдер түрлері. Микрорганизмдермен ластануды бактериологиялық ластану деп атайды. Әсіресе кейбір елдердің қарулы күштерінің лабораторияларында жасалатын арнайы немесе кездейсоқ ауру тудырғыш микроорганизмдердің штаммдарымен атмосфераның ластануы өте қауіпті.

Кіріспе

 Вирустар – тірі табиғат пен өлі табиғат арасында тұрған клеткалық құрылымы

жоқ, ұсақ организмдердің үлкен тобы немесе вирустар ұсақ ауру тудырушы

инфекциялық агенттер. Вирустар – сезімтал клеткаларда репродукциялануға

қабілетті автономды генетикалық құрылым болып табылады.

Вирустардың құрамы, мөлшері мен формасы әртүрлі. Ең бастысы, вирустарда

генетикалық ақпаратты сақтау және беру тәсілдері бар, оларды табиғатта басқа

жерден таба алмайсыз. Вирустардың генетикалық жүйелері қандай да бір

мағынада басқа организмдердің генетикалық жүйелеріне қарағанда бай деп

айтуға болады. Сондықтан вирустар молекулалық биологияның сүйікті

нысандарының бірі болып табылады, ол тіршілікті ұйымдастырудың негізгі

принциптерін зерттейді. Вирустық аурулардың алдын-алу және емдеу сонымен

қатар вирустардың алуантүрлілігі мен қасиеттерін ескеруді қажет етеді.

Атақты вирустар

Жалпы, тіршілік әлемінде вирус үлкен роль атқарады. Тірі ағзалар миллиондаған жыл жүрген табиғи іріктеу барысында вирусқа қарсы да күресіп үйреніп келеді. Осының нәтижесінде, мәселен, біздің иммунитет адам жолықтырып қалуы мүмкін вирустардың көпшілігін «таниды» және кездесіп қалса, оған тойтарыс берудің жолдарын біледі. Алайда жылдам таралып, популяцияны қырып жіберетін қауіпті вирус түрлері де бар.

Шешек

Ғасырлар бойы адамзаттың жауы болып, миллиондаған өмірді жалмаған вирус. Шешек жұқтырған адамдардың үштен бірі өлген. Әуелі Азияда пайда болып, кейін Еуропа мен Америкаға тараған ол XVIII ғасырда пайда болған, XX ғасырда халыққа жаппай егіле бастаған вакцинаның арқасында ғана жоғалды.

Адамның иммун тапшылығы вирусы

Оксфорд университетінің ғалымдары АИТВ өткен ғасырдың 20-жылдары Конго Демократиялық Республикасында пайда болды дегенді айтады. Әуелі ол маймылдың иммун тапшылығы вирусы түрінде адамға жұққан. Уақыт өте келе мутацияға ұшырап, адамның вирусына айналған.

Әзірше нақты емі табылмаған АИТВ ағзаға түскен соң адамның иммунитеті үшін аса маңызды T-хелпер атты жасушаларды жойып жібереді. Салдарынан ағза сырттан келген түрлі қауіп-қатерден қорғана алмай өледі.

Испан тұмауы

Жұқтырған, өлген адам саны жөнінен тарихтағы ең үлкен тұмау пандемиясы болуы мүмкін. Айналдырған 1-2 жылдың ішінде (1919-1920) 500 миллионнан астам адамға жұққан, ал өліп кеткендер қатары 100 миллионға жеткен.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан әрең шыққан адамзат пойыз, дирижабль, кемелерді кеңінен пайдаланып, ары-бері саяхаттауға көшкені испан тұмауының оңай таралуына мүмкіндік берді.

Шошқа тұмауы

XX ғасырдың 50-60 жылдары Азияда эпидемияға айналған, 2009 жылы пандемия тудырған бұл вирус дүниежүзі халқының шамамен 20%-не жұғып үлгерді. Айтпақшы, бұл  — жоғарыдағы испан тұмауының өзгерген нұсқасы

Қорытындылай келсек вирус қандай болады?

Вирус — аса қарапайым өмір формасы. Қарапайым екені сонша, ғылым оны тірі ағза қатарына жатқызу-жатқызбау мәселесін әлі шешкен жоқ.

Жансыз зат дейін десең:

— белгілі бір ген құрамына ие;

— бәрімізге белгілі эволюция ережелеріне сай сұрыпталып отырады, яғни қоршаған ортаға бейімделіп, мутацияға ұшырайды;

— көбейе алады;

— өсіп-өнетін жер іздейді де жүреді.

Жанды дейін десең:

— заталмасу процесінен құр қалған;

— өзімен-өзі жүрген вирус тірі дүние емес, химиялық зат формасында болуы мүмкін;



— өз бетінше көбейе алмайды, себебі жасуша құрылымы жоқ. Міндетті түрде адам ба, ағаш па, әйтеуір бір тіршілік иесінің жасушасына барып жабысуы керек. Ал, биологиядан оқығанымыздай, тірі материяның басты белгісі — өз жасушасының болуы.

Құрылымы күрделі емес, негізгі бөлігі екеу-ақ: нуклеин қышқылы (ДНҚ немесе РНҚ немесе екеуі де) және осы қышқылды қорғайтын ақуыз қабықша (капсид). Кей вируста бұл екеуінің сыртында майлы қабат (липид) болады, ол қоршаған ортаның әсерінен сақтайды. Сол сияқты капсидте ақуыздан басқа көмірсу да кездесуі мүмкін (мысалы, тұмау немесе герпес вирусы).

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет