Еңбекті нормалау



Дата07.02.2022
өлшемі15,5 Kb.
#89373
Байланысты:
Еңбекті нормала


Еңбекті нормалау

Еңбекті нормалау – белгілі бір операцияларды (жұмыстарды) орындауға қажетті уақыт мөлшерін белгілеу. Ол практикалық тұрғыдан уақыт нормасын, өнім нормасын және қызмет нормасын белгілеп, өндіріс орнының экономикалық өмірінде маңызды роль атқарады.[1]


Уақыт нормасы - өнім өлшемін жасауға немесе өндірістік бір операцияны анықтауға қажетті минутпен немесе сағатпен белгіленген уақыт.
нормасы – белгілі бір уақыт өлшемі ішінде өндірілуге немесе өнделуге тиіс өнімнің заттық өлшемдерімен (дана, тонна, метр және т.б.) көрсетілген мөлшері.
Уақыт өлшеміне байланысты өнімнің сағаттық, сменалық, ал кейін тіпті айлық нормалары болады. Қызмет көрсету нормасы жұмысшының смена ішінде қанша жабдыққа немесе жұмыс орнына қызмет етуге тиіс екендігін көрсетеді.
Капиталистік және социалистік өндірісте еңбекті нормалаудың мәні мен мақсаты мүлде өзгеше. Капитализм жағдайында қолданылатын еңбекті нормалау тәсілдері еңбекті мейлінше интенсивтендіруге, барынша мол пайда табу үшін жұмысшыларды қанауды күшейтуге бағытталады. В.И.Ленин бұл тәсілдерді «терді сығып алудың ғылыми жүйесі» деп атады. Социалистік қоғамда еңбек шығындарының нормасы жекелеген қызметкерлердің өнемді дайындауға байланысты жиынтық еңбекке қатысу үлесін анықтайды. Еңбекті нормалау өнімділігін арттыруды көтермелей отырып, социалист өндірістің озат техникалық негізінде үздіксіз өсуі мен жетілдірілуіне мүмкіндік береді. Ғылми негізделген нормалар арқылы өндірістік бағдарламаны орындауға қажетті жұмыс уақытыының шығынын және осының негізінде қажетті мамандықтарды жұмысшылардың санын дұрыс жоспарлауға, социалистік жарыстың пәрменділігін арттыруға болады. Көптеген жағдайларда бірдей жұмыстар түрліше еңбек құралдарын қолдану арқылы әр түрлі тәсілдермен орындалуы мүмкін. Сондықтан да сол жұмыстарды орындау кезінде неғұрлым жоғарғы еңбек өнімділігіне жету үшін еңбек құралдарын анағұрлым тиімді пайдалануға, өнімділігі жоғары технология мен еңбекті ұйымдастырудың мейлінше жетілген түрін қолдануға мүмкіндік беретін тәсілдерді жасау қажет болады. Еңбек нормалауды ғылыми тұрғыдан іске асыру еңбек құралдарын жүйелі түрде жүргізуді, жұмыстың озық тәсілдерін зерттеп, таратуды және хронометражды кеңінен қолдану арқылы жұмыс уақытының шығынын зерттеуді керек етеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет