Сабақ тақырыбы
|
Оқытуда сыни тұрғыдан ойлауды пайдалану.
|
Жалпы мақсаты
|
Жас ерекшелігін ескеріп, балалардың уақыт пен кеңістік туралы сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.
|
Күтілетін нәтиже
|
Визуалды және ауызша түрдегі негізгі ақпарат оқушылардың тәуелсіз ойлауына және олардың ой қорыту, өзіндік түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізетінін біледі.
|
Түйінді идеялар
|
Мұғалімдер оқытуда сыни тұрғыдан ойлауды пайдалану арқылы өз тәжірибесіне өзгерістер енгізеді.
|
Практикалық тапсырма
|
Визуалды және ауызша көрсеткіштерді талдау, салыстыру, жинақтау және қолдану
|
Сабақ кезеңдері
|
Коучердің іс-әрекеті
|
Тыңдаушылардың іс-әрекеті
|
Уақыты
|
Кіріспе
|
-Сәлемдесу.
-Топқа бөлу
-Топ мүшелерін сайлау
|
- Сәлемдеседі.
- Пияз, балық, мақта болып 3 топқа бөлінеді.
-Топ мүшелерінің қызметін бөлісу
|
3мин
|
Жаттығулар
|
1. 5/15 стратегиясын қолданып сыни тұрғыдан ойландыру
2.Берілген «пияз, балық, мақта» атауларын сумен байланыстырып ассоциация құрдыру
|
Әр топ 5 минут ішінде өзінің тобының атауына байланысты 15 сұрақ дайындап, жауап береді.
Әр топ өз атауларына байланысты «су» сөзіменен байланыстырып мысалдар келтіреді.
|
10 минут
10 минут
|
3.Мәтінді түртіп алу әдісімен оқыту : Ман-нан 49-54 беттерді оқыту.
1. «V»- бұны мен бұрыннан білемін.
2. «+» мен үшін жаңа ақпарат.
3. «?» маған бұл түсініксіз.
4. «-» басқаша ойлаймын.
4.Таныстырылым:
Таныстырылым:
«Ойлау үшін ойлау»
|
МАН-нан 56-60 беттерді оқып, топ мүшелері кезектесіп келесі топқа барып түсіндіреді, өзара талқылап , талқылауын бағалайды.
Мұғалімдер ұсынылған слайттар бойынша тыңдап, талқылайды
.
|
10 минут
10 минут
10-15 минут
10 минут
|
5.«Балшық, су, құмыра» сөздерін пайдаланып сюжетті әңгіме жазуларын ұсыну.
1.Кіріспе бөлімінде 3 сөзді қалай пайдаланасыз?
2.Неліктен 3 сөзді байланыстыруға тырысасыз?
3.Сюжетті әңгімені қалай дәлелді етіп жоспарлайсыз?
|
.«Балшық, су, құмыра» сөздерін пайдаланып сюжетті әңгіме жазады
|
Рефлексия
|
Фронтальды сұрақтар.
1.Сыни тұрғыдан ойлану жайлы қандай жаңа ақпарат алдыңыз?
2.Басқаша қалай ойландыңыз?
3.Неліктен сыни ойлануыңыз керек?
4.Бүгінгі сабақта сізде қандай сұрақтар туындады?
|
Сұрақтар бойынша өз ойларын жазады.
|
25 минут
|
Бағалау
|
Жиынтық бағалау
|
Бағалау парағына өзін-өзі бағалау
|
5 минут
|