А. Соловьева, Б. Ибраимова


3 - с ы з б а қанның құрамы



Pdf көрінісі
бет58/227
Дата08.12.2023
өлшемі5,61 Mb.
#195657
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   227
Байланысты:
8-сынып биология

77
3 - с ы з б а
қанның құрамы
5 л (дене салмағының 6–8%-ы)
 
қан сарысуы – 55% 
қан жасушалары – 45%
Қан­сарысуының­құрамы­мен­атқаратын­қызметі:
1. Су – 90%
– 
жылудың реттелуі; 
ерiген заттарды тасымалдау; 
гуморальдық реттелуі
2. Нәруыз – 7–8%: альбуминдер 

дәрумендер, гормондар мен майға ұқсас
заттарды тасымалдау;
глобулиндер 
– 
иммунитет (антидене)
фибриноген

қан ұйыту
3. Глюкоза – 0,12% немесе 
– 
жасушалар энергиясының көзi; 
3,3–5,6 миллимоль/литр 
4. Тұздар (NaCl және т.б.) – 0,9% 
– 
осмостық қысымды бірқалыпты ұстау.
Плазмада 0,1–0,12% еріген глюкоза (3,3–5,6 миллимоль/литр) бола-
ды. Оның мөл шері тұрақты, себебі глюкоза – ми және бұлшық ет (жүрек) 
жасушалары үшін негізгі энергия көзі. 
Плазма нәруыздары 7–8% құрайды және үш топқа бөлінеді: 
альбу-
миндер
(қан арқылы май тәрізді заттардың тасымалдануы; майлардың 
қайта таралуы және т.б.); 
глобулиндер­
(антидене, ауру тудыратын 
микробтардан қорғау) және 
фибриноген
(қанның ұюы) (3-сызба). 
Плазмада шамамен 1% болатын әртүрлі заттардың: гормондар, май 
тәрізді қоректік заттардың, несепнәрдің (мочевина) және т.б. мөлшері 
тұрақсыз. 
Формалы элементтер 
– бұл қан жасушалары. Олардың үш түрі 
бар: 
эритроциттер

тромбоциттер

лейкоциттер­
(49, 50-суреттер)

Қанның барлық жасушалары сүйек кемігінде түзіледі де, бауырда және 
көкбауырда тіршілігін жояды. Қан жасу ша ларының әрбір түрінің өз 
ерекшеліктері бар, ол белгілі бір қыз мет атқаруға мүмкіндік береді.
Эритроциттер 
– қанның ең ірі жасушалары. 1 мм
3
қан дағы мөл-
шері – 4,5–5 млн. Олар қызыл түсті, екі жағы нан иілген дискі пішінді, 
ядросы жоқ, 120 тәулік тір шілік етеді. Оларда күрделі нәруыз – 
гемо-
глобин­
болады. Ол оттек (өкпеден мүшелерге) пен көмірқышқыл газын 
(өк пеге) тасымалдайды. Темірдің оттекпен қосылуы қызыл түс береді 
(тот басу). Сондықтан эритроциттер қызыл түсті, қан да қызыл түсті, 
ал гемоглобинді 
қан
пигменті­
деп атайды.
­
Қан құрамындағы гемогло-
бин мөлшері тұрақты болады: 120–150 г/л (12–15 г/100 мл). Егер адам-
да қанының құрамында гемоглобин, темір, эритроциттер мөлшері азая-
тын болса, 
анемия­ауруы
(қаназдық) аурына шалдығады. Емдеу жолы: 


78
құнарлы тамақтану, құрамында темір бар препараттар мен өнімдер, В
12 
дәруменін пайдалану. 
Адам шамадан тыс көп қан жоғалтқан кезде (жарақаттану, ота 
жасағанда) анемияның белгілері пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайда 
қан тобының сәйкестігін анықтап қан құю керек. Қанның тобын эритро-
цит анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет