81
ғалымы
и.и. Мечников
пен неміс ғалымы
П. Эрлих
жасады. Олар 1908
жылы Нобель сыйлығын алды.
Ағзаны жұқпалардан қорғауды қанның ақ жасушалары – лейкоцит-
тер қамтамасыз етеді. Олар ағзаны екі әдіспен қорғайды: 1) микробтарды
жояды –
фагоцитоз
; 2) микробтарды жоятын немесе арнайы қорғаныш
нәруыздар –
антиденелерді
жасайды.
Жасушалық және гуморальдық иммунитет.
Микробтарды жою
әдістері негізінде иммунитетті
жасушалық
(фагоцитоз) және
гуморальдық
(антидене) иммунитет деп бөледі. Бірақ бұл оншалықты дұрыс емес.
Ауру тудыратын микробтарға әсер ету механизмі жасушалық және
гуморальдық иммунитеті кезінде белгілі бір сәтте айырмашылық жа-
сайды. Иммунитеттің екі түрі өзара байланысты. Олардың әрекетінің
нәтижесі ауру қоз дырғыштарын жою болып табылады.
И. Мечников
фагоцитоз
(жасушалық иммунитет) үдері сін, ал
П. Эрлих антидене жұмысын зерттеді. Нәтижесінде иммунитет туралы
біртұтас толық ілім жасалды.
Ôагоцитоз
– қатты бөлшектерді жасушалардың ұстап қалуы
(жалған аяқтары арқылы). Амеба мен лейкоциттердің көптеген түрлері
фагоцитозға қабілетті, оларды
фагоциттер
деп атайды. Жалған аяқтары
(жасушаның кез келген жерінде пайда болатын цитоплазманың уақытша
өсінділері) арқылы қозғалады. Сонымен қатар фагоциттер қан ағысына
қарсы қозғала алады немесе қан тамырлары арнасынан шыға алады. Зи-
янды бөлшектерді кездестірген кезде оларды жалған аяқтарымен қоршап
алады да, цитоплазмада лизосома көмегімен қорытады (51-сурет).
51-сурет.
Достарыңызбен бөлісу: