117 Білу және түсіну :
1. ӨТС деген түсінікке анықтама беріңдер. Оның әйелдер мен ер
адамдардағы орташа шамасын айтыңдар.
2. Темекі шегу денсаулыққа не үшін зиян екенін түсін діріңдер.
3. «Тыныс алу көлемі» мен «қордағы көлем» деген терминдерге анықтама
беріңдер.
қолданылуы :
1. ӨТС, тыныс алу көлемі, минуттық көлемі, қордағы және қалдық
көлемдерді салыстырыңдар.
2. Альвеолалар мен тамырлардың эластикалық қасиетін жоғалту
себептерін атаңдар.
3. Адам 19 рет тыныс алу қозғалысын жасаса, оның ӨТС-і 3,4 л, ты ныс алу
көлемі 480 см
3
, қордағы көлемі 1 литр, қалдық көлем 1200 см
3
болса, 1
минуттағы көлемін өлшеуге бола ма?
Талдау :
1. Өкпе жұмысының әртүрлі көрсеткіштерін сызба түрінде бейнелеңдер.
2. Мынадай есептерді шығарыңдар: егер тыныс алу көлемі 450 см
3
, орта
есеппен 1 минутта 18 рет тыныс алу қоз ғалы сын жасайтын болса,
жасөспірім өкпесі арқылы қан ша ауа өтеді?
3. Есепті шығару үшін тыныс алатын және шығаратын ауа құрамын еске
түсіріңдер. Сыныпта 26 оқушы бар. Олардың 1 минуттағы тыныс алу
көлемі орташа 9 000 см
3
болса, оқушылар 45 минутта, қанша оттек
сіңіреді?
4. Егер оқушының тыныс алу көлемі орташа 500 см
3
болса, ол бір сабақта
(45 мин) қанша көмірқышқыл газын бөліп шығарады?
Синтез :
1. Өкпе жұмысының сандық көрсеткіштерінің қайсысы адам денесі-
нің жаттыққандығына, қайсысы ағза жағдайына әсер ететінін
талқылаңдар.
2. Өкпе жұмысына әсер ететін әртүрлі факторлар туралы эссе жазыңдар.
Бағалау :
1. ӨТС-ті арттыруға қандай шаралар әсер ететіні туралы пікірлеріңді
айтыңдар.
2. Темекі шегу өмір үшін қауіпті ме немесе ол денсаулыққа зиян деп
ойлайсыңдар ма?
3. Егер ӨТС азайса, өкпенің физиологиялық белсенділігі төмендей ме?