қабырғааралық бұлшық еттер мен көкет (диафрагма) тыныс
алу қозғалыстарын жүзеге асырады
(61-сурет). Тыныс алу кезінде
қабырғааралық бұлшық еттер қабырғаларды көтереді. Олар өкпені алға
және жан-жағына созады.
Көкет(диафрагма)
– кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөліп тұратын
күмбез тәрізді бұлшық ет. Жиырылған кезде көкет төмен түседі (басы-
лады) де, құрсақ қуысының мүшелерін төмен қарай итереді. Ол өкпені
төмен қарай тартады. Бұл кезде кеуде қуысының көлемі артады және
өкпедегі қысым төмендейді. Нәтижесінде өкпе созылады да ауамен тола-
ды.
Тыныс шығарған кезде
кеуде қуысы мен өкпенің көлемі кішірейеді.
Көкет жоғары көтеріледі де, ауа жолдары арқылы ауа сыртқа шығады.
Жиі тыныс алған кезде ішкі қабырғааралық бұлшық еттер мен құрсақ
қабырғасының бұлшық еттері жиырылады.
Егер тыныс алу кезінде қабырғааралық бұлшық еттер едәуір
белсенді болса, мұндай тыныс алу типі
кеуделік
деп аталады. Ты-
ныс алудың бұл типі әйелдерде жиі кездеседі. Ер адам дар да көбінесе
құрсақтық
тыныс алу болады. Оларда тыныс алу кезінде көкет едәуір
белсенді болады.
ә
)
а
)
көкет
құрсақтық
кеуделік
61-сурет.
Кеуде қуысы көлемінің өзгеруі:
а) тыныс алғанда; ә) тыныс шығарғанда
8–3459
114
Нейрогуморальдық, хеморецепторлар, қорғаныш рефлекстері,
көкет (диафрагма), кеуделік және құрсақтық тыныс алу
типтері.
Білу және түсіну:
1. Тыныс алу әрекетін жүзеге асыратын құрылымдарды атаңдар.
2. «Кеуделік және құрсақтық тыныс алу типтері» дегенді қалай
түсінесіңдер?
қолданылуы:
1. Тыныс орталығының қызметін сипаттаңдар.
2. Тыныс алу әрекеті мен ағзаның оттекті қажетсінуі ара сындағы байла-
нысты анықтаңдар.
3. Кеуделік және құрсақтық тыныс алу типтерін салыс тырыңдар.
Талдау:
1. Тыныс алу және тыныс шығару механизмдерін сызба түрінде
бейнелеңдер.
2. Тыныс алу, тыныс шығару, жөтелу және түшкірудің себеп тері,
ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы өз пікірлеріңді
айтыңдар.
Синтез:
1. Оттек тыныс алу мүшелеріне емес, тікелей қанға түскенде, адам
тіршілігін жалғастыра ала ма? Өз пікірлеріңді айтыңдар.
2. Тыныс алу және тыныс шығару механизмдерін жүзеге асырудағы
әртүрлі құрылымдардың рөлін бағалаңдар.
Бағалау:
1. Мынадай жағдаят туралы пікірлеріңді айтыңдар: «Ота кезінде от-
тек маскасын пайдаланғаннан соң, пациент шамамен 30 секундқа
өздігінен тыныс алуды тоқтатты. Жас ассистент хирург реа нимация
бастамақшы болды, бірақ тәжірибелі дәрігер оны тоқтатты. 30 се-
кундтан кейін пациент өз бетімен тыныс ала бастады». Сипатталған
жағдайды бағалаңдар. Осы оқиғаны тыныс алу механизмдері
тұрғысынан түсіндіріңдер.
2. Беліне дейін жаялықпен оралған 3–4 айлық баланың жынысын
анықтауға бола ма? Талқылаңдар.
|