124
Бөліп шығару қызметі
– тер арқылы су, аммиак, несепнәр, минерал-
ды тұздар мен басқа заттар шығарылады. Бөліп шығару мүшелері ішек
және өкпемен қатар, тері де зиянды заттарды шығару үдерісіне қатысады.
Тер 98% судан, 2% басқа заттардан тұрады. Бір тәулікте бөлінетін тердің
мөлшері сыртқы орта температурасына, атқарылатын жұмысқа, жыныс
пен жасқа байланысты болады. Егер қандай да бір себепке байланысты
тер бөліну тоқтайтын болса, бүйрекке түсетін жүктеме күрт артады. Зат
алмасу артқанда, қарқынды дене жүктемесі және ыстық кезде тер көп
бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: