123
Терінің ортанғы (екінші) қабаты –
дерма
. Бұл тығыз дәне кер ұлпасы,
ол теріге беріктік пен эластикалық қасиет береді. Дермада шамалы
бұлшық ет талшығы болады. Ол терідегі түкті көтереді немесе жиыры-
лып, «түршіккен тері» түзеді.
Дермада терінің барлық негізгі элементтері орналасқан. Онда
қан тамырлары, лимфа тамырлары болады. Олар эпидермисті қажет
қоректік заттармен қамтамасыз етеді, себебі эпи дермистің жұқа қаба-
тында капиллярлар болмайды. Дерма капил лярларының термореттелу-
де маңызы зор.
Терінің жоғары қабатының жасушалары
сыртқы түрді – алақан мен саусақ терісінің
бетін дегі кескінді қамтамасыз етеді (67-сурет).
Әрбір адамда «саусақ іздері» әртүрлі болады.
Дермада тері, шаш түбірі, тер және май
бездерінің жүйке ұштары – тері рецепторлары
орналасқан. Тері майы эпидермистің жоғары
қабатын майлайды, оның қабыршақтануын
жеңілдетеді, терінің бетін едәуір эластикалық
етеді.
Терінің ішкі (үшінші) қабаты –
Достарыңызбен бөлісу: