127
әлсіресе, оның қорғаныш күші төмендейді. Осы кезде қоздырушылар
агрессиялық кезге өтіп, ауру дамуы мүмкін. Яғни жекебас гигиенасы-
нан басқа жалпы ағза саулығын сақтау керек. Иммунитеттің әлсіреуіне
қандай да бір аурумен ауру, авитаминоз, антибиотиктерді бақылаусыз
қабылдау себеп болуы мүмкін.
Иммунитетті жалпы нығайту, дұрыс тамақтану, жекебас гигиенасы
ережелерін сақтау – тері жұқпаларының алдын алу шарасы болып табы-
лады.
Безеу бөртпелері
– терінің сыртқы (бактериялық), ішкі (зат алма-
су, гормондық) себептен зақымдануы. Безеу бөртпелерімен күресудің
медициналық емес әдісі – теріні таза ұстау. Тері саңылауы шаң-тозаң
бөлшектерімен бекітіліп қалмауы керек, ал май бездерінің түзінділері
(секрет) бір күнде 2–3 рет алынып отырса, бактериялық типті безеу
бөртпесі дамымайды.
Достарыңызбен бөлісу: