ҮНДІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫ МЕН ДІНИ-
ЭТИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ПАЙДА
БОЛЫП ҚАЛЫПТАСУЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ
ОЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Сарсенов К.С. - ф.ғ.к., доцент, Ташай К.К. - аға оқытушы
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық
университеті
Орал қаласы
Үнді тарихы мен рухани дүниесі Батыс емес-ау, Батыс пен
Шығыстың қақ ортасында отырған біз үшін де әлі жұмбақ десек
артық айтқандық емес. Бүкіл Шығыс түгіл, түркіні түгел
білмейтін, өзінің қазақ екендігін енді есіне алып жатырған,
қоғам танудағы әсіресе этностарды зерттеу ғылымындағы
сыңаржақты көзқарастардан көз ашпаған қазақ үшін айтылған
кінә емес бұл. Іздеп кетсең тарихтың өзі қиянатқа толы бір
дүние. Бір халықтар қаны мен терін төгіп тарихты жасайды,
екіншілері тарихты «жазба» арқылы жасайды. Заман өткен
сайын оның ақ-қарасына жету-қиынның қиыны.
Үнді тарихында елең еткізіп, үнемі есте ұстайтын және
назарды бірден өзіне аудартатын екі жағдай бар. Оның бірі үнді
дүниесінің қалыптасуы жергілікті тұрғындардан гөрі бұл жерге
солтүстік-батыстан
келген
арийлермен
көбірек
байланыстылығында.
Екіншісі-Үндістан
түбегінің
картасы.
175
Түбектің таулы-қырлы болуы, оның ірі-ірі тасқынды өзендер
мен қалың джунгли арқылы бөлінуі халықтар мен тайпалардың
өзара қатнасын, байланысын қиындатып біртұтас үнді
мәдениетін жасауды көп уақытқа тежеді. Шындығында бұл
процесс түпкілікті аяқталмай қалды. Бұл әсіресе мәдениеттің
өлшемі болып табылатын тілден айқын көрінеді. 1951 жылғы
санақ бойынша үнділер 845 тіл мен диалектіде сөйлеген.
Үндінің күні бүгінге шейін жік-жікке бөлінуі оның табиғи
жағдайынан гөрі үнді тарихы мен үнді рухани дүниесінің әуел
бастан-ақ касталық жүйеде жасалуында. Касталық жүйені және
оны
тудырған
себептерді
білмей
шынында
да
үнді
ерекшеліктерін түсіну мүмкін емес. Қаны бір халықтың бір-бірін
топ-топқа бөліп, өзара айдар тағып, ғасырлар бойы араласпай
келуі мүмкін бе? Әрине мүмкін емес. Демек, бұл жерде бір сыр
бар.
Көне үнді жерінде негізінен екі мәдениет ошағы
қалыптасқаны туралы көптеген тарихшылар жазады. Олар-
Хараппа
және
Мохенджадаро.
Шетел
және
орыс
индологтарының барлығы бірауыздан арийлер келген бойда
осы екі мәдениет ошағын құртып жіберді деп жазады.
Джавахарлал Нерудің (1889-1964) ағылшын түрмесінде отырып
жазған 1951 жылы «Открытие Индии» деген атпен жарық
көрген кітабында арийлер үндінің жергілікті тұрғындары
дравидтермен сіңісіп кетті деген жолдар бар. Бұл жерде көне
тарихтың көзін ашудан гөрі үнді сезімін аялау басым. Осы
жерде мынадай тарихи заңдылыққа жүгінсек артық болмас еді.
Төл мәдениеттің ошағы тұрғындардың көбірек қоныстанған
жерлерде және ең бастысы географиялық жағынан да дамуға
қолайлы аймақтарда қалыптасып өркендейді. Ал үнді түбегі
үшін ол оның оңтүстік бөлігі. Осы тұрғыдан алып қарағанда да
Хараппа мен Махенджадароның Иранмен шекаралас ауданда,
таулы-орманды жерде арийлердің «жолында» пайда болуы
ойландырады және көп сұраққа жауап беріп тұр.
Арийлердің кім және қайдан шыққандығы туралы үлкен
ғылымда бір мәмлеге келген пікір әлі жоқ. Олардың Иран мен
Үнді жеріне б.з.б. 2 мың жылдықтың аяғына таман солтүстік-
батыстан барғаны көп жерде айтылады. Иран деген атаудың
өзі «арий елі» деген ұғымды білдіреді. Көне үнді эпостарында
Үндістан Арьяварта, яғни Арий облысы, Арий жері деген атпен
белгілі. Ал арий деген сөз толық праволы деген мағына
беретіндігін
ескерсек,
жаулаушылардың
жергілікті
тұрғындармен сіңісіп кетпек түгіл, оларды өздерін әуел бастан-
ақ оқшау ұстап дравидтерге өктемдік жүргізгенін анық байқауға
176
болады. Бұл тұжырымның дұрыстығын арийлер заманынан
басталған касталық жүйе дәлелдей түседі. Бұл жерде анықтап
алатын екі мәселе бар. Оның біріншісі-жаулаушылардың
«арий» аталуы туралы. Олар бұл атты алғаш рет Иран жеріне
келгенде иеленді, сондықтан да арийлер деген ат бұл
тайпалық одақтың шын аты болып табылмайды, олар жүргізген
қатал жаулаушы өктемдік билікке байланысты шығып, бірақ
кейін этностық мағына алып кеткен атақ, айдар. Ал бұның өзі
сайып келгенде осы жұрттың алғашқы өз атауының жоғалып
кетуіне, сондықтан да арийлердің ата-мекенін анықтаудың
мүмкіндігі болмай қалғандығына әкеліп соқты. Арийлердің Иран
жерінде қанша болғандығы, олардан қалған мұралар, іздер
Иран тарихында сақталмаған, себебі бұл аймақтағы тарих
белсенділігінің
мықты
болғаны соншалық кешегі элам
заманынан кейін де жиырма шақты өркениеттің түрлері мен
мәдениет кезеңдері бірін-бірі ауыстырып отырған. Бұндай
тарихта
сабақтастық
сақтауға
аз
орын беріледі. Төл
мәдениеттің жанашыры болып табылатын дін де Иран жерінде
сапырылыс жағдайында дамыды, ақырында отқа табынатын өз
діні емес, Аллаға бағынатын араб дінін ұстап қалды.
Арийлердің Үндістан жеріндегі белсенді әрекеті бүгінгі
үнді мәдениетінің қай саласында болса да өз орнын тапқан.
Индологтардың пайымдауынша көне үнді әдебиеті веда
әдебиетінен басталады, үнді діндері мен философиясы да
ведалық діндер мен көзқарастардан нәр алған. Касталық
жүйенің басында тұрған брахмандар да өз тарихын ведалардан
бастайды.Ал веданың өзі не және ол жүйені кім жасағаны
жөніндегі мәселе бүгінде де ашық қалып отыр. Ведалық
жүйенің
арийлік
мәдениеттің
жиынтығы екенін сезетін
ғалымдардың өздері әртүрлі себептермен оны ашып айта
алмайды. Осы жерде біз анықтап алуға тиісті екінші мәселе
туады. Брахмандар-абыздар кастасы деу дұрыс болғанымен,
арийлердің брахмандарға қалай айналғанын ашып көрсетпейді.
Жергілікті халықты баса-көктеп кірген арийлер олардың
қарсылығын тезірек басу үшін және болашақта да наразылық
тудырмау үшін «өмір сүру ережесін» ұсынған. Онда арийлердің
билеу құқы да, дравидтердің жаңа жағдайдағы орны да толық
көрсетілді. Жаулаушы арийлер енді «үйретуші», «ұстаз»
арийлерге, абыздарға айналды. Ал «үйретуші» беделсіз
болмайды. Кешегі кеңестер заманында «өмір ережесінің»
беделі партияда болса, бұрынғы «үйретушілердің» беделі
дінде болатын. Сөйтіп ғасырлар бойы арийлер тұқымы үнді
қоғамында өз үстемдіктерін браминдер ретінде өткізіп келді.
177
Үндінің
екінші
кастасы-
әскери,
жауынгерлер,
яғни
аристократиялық кастаға жатқызылса, үшінші варнасына
басында еркі бар қалған қоғам мүшелері мен кәсіп иелері
жатқызылды. Аталған үш каста түгел арийлерден тұрғанмен,
осы касталық жүйенің жасалуының өз логикасы бар. Касталық
жүйе үнді жерінде қалыптасқанына қарамастан оның өзі
әлеуметтік жіктің арийлер арасында одан ертерек басталғанын
дәлелдейді. Арийлердің ата-мекен жерін тастап, нақтылап
айтсақ Қазақстан жерінен Үнді мұхитына дейін жетуі-«ұлы
көштер» қатарына жатады және белгілі бір саяси-экономикалық
өлшемге жатады, басқаша айтқанда арийлердің өз заманында
дамудың жоғарғы сатысында болғандығын көрсетеді. Тіпті
әлеуметтік жіктің туының өзі тарих деңгейінен алып қарағанда
белгілі бір сатыны көрсетпей ме?! Қалай болғанда да
арийлердің «еңбек бөлісінің» ерен түрі-варналық жүйелерді
жасауы тіпті Шығыстың өзінде ешбір жерде қайталанбайтын
құбылыс.
Үнді жерінің тағы бір өзіндік ерекшелігі-ондағы ұлттық
діндердің
көп
түрлігі.
Көп
діншілдік
жалпы
көзқарас
байлығының өлшемі болғанымен, үнді үшін жоғарыдағы
көрсетілген себептерге байланысты елдің дамымағандығының
айғағы. Үнді топырағында пайда болған будда дінінің бұл
жерде үлкен күшке ие бола алмай, ақырында Оңтүстік-Шығыс
Азия елдеріне ауысқанының өзі үлкен бөлек бір әңгіменің
арқауы. Джайнизм, сикхизм сияқты көзқарастар, діндер үнді
жерін біріктіруден гөрі бұл жерді бөлшектеуге жаратылғандай
көзқарастар еді. Көп пайғамбар-Бір Пайғамбардың жаулары.
Сондықтан үнді жерінде елді біріктіруді ойлаған не Пайғамбар,
не Патша шыққан жоқ. Бірігу және біріктіру идеясы
болмағандықтан да Үндістан өзін 300 жылдан астам аямай
қанап тонаған ағылшын колонистерінің сандырағына бас
шұлғып азаттық алған күні-ақ екі мемлекетке-Пакистан мен
Индияға бөлініп кетті. Бірлік мәселесі бүгінгі Индияның да бас
қатыратын шаруасы. 1973 жылы санақ бойынша елдегі 83%
индустар мен 10% мұсылмандар әлі пышақтасуын қояр емес.
Үнді қауымының сырт көзге көп байқала бермейтін ішкі тыныс-
тіршілігінде баяғы касталық жүйе мен одан туған діни алшақтық
жойылар емес. Өз кезінде бұл мәселені көлденең қойып
шешуге тырысқан Индира Ганди үкіметі еді, бірақ ол кісінің өзі
де гвардия офицері-сикхтың оғынан қаза болды.
Үнді философиялық дүниетанымы ең көне, тіпті алғашқы
десек те болады, философиялық мектепке жатады, сондықтан
да оған кейінгі философиялық мектептер тұрғысынан, тіпті грек
178
заманы тұрғысынан баға беру дұрыс болмас еді. Жалпы
Шығыс тарихы мен мәдениетіне батыс-еуропалық тұрғыдан
баға берудің өзі үлкен қателікке ұрындыратындығын тағы да
еске саламыз. Осыған байланысты А.Н. Чанышевтің «Курс
лекций древней философии» М.1981 г. деген еңбегіндегі көне
қытай
және
үнді
философиялық
мектептерін
грек
философиясымен салыстыра зерттеп, оларды соңғыдан кем
санауы жалпы Шығыс философиясынң табыстарын ашықтан-
ашық елемеу деп түсіну керек.
Үнді философиясы дамудың ұзақ жолын басынан кешірді.
Ең алдымен үнді философиясының мифологияның емес, діннің
қойнауында пайда болып дамығанын және діни мазмұн мен
сарыннан арылмағанын назарда ұстауымыз керек. Арыла
алмады ма, әлде үнді философиясы діннен біржолата қол үзуді
мақсат тұтпады ма, екеуі екі мәселе. Үнді философиясы мен
үнді діні бірін-бірі толықтырып ұштаса дамиды. Және екеуі де
этикалық бағытта, сипатта дамиды. Біздің осы айтқанымыз,
жазғанымыз кәдімгі еуропалық тілмен берген бағамыз және бұл
үнді көзқарасының шын табиғатына сай. Айырмашылық тек
мынада: біздің философия, дін, этика деп салалап үшке бөліп
жібергеніміз үнді жұрты үшін бір нәрсе. Бұл әсіресе буддистік
және
индустік
жүйелерден
жақсы
байқалады.
Осы
көзқарастарды басшылыққа алған үнді халықтары үшін олар
дін де, философия да, этика да болып табылады. Бұл үнді
рухани дүниесінің ең басты ерекшелігі және өз басым осы
елдің
басқа
ел
мен
мемлекеттермен,
халықтармен
салыстырғанда артықшылдығы да дер едім. Себебі шын
мәнінде Рух та, Қасиет те-біреу, Бір. Шынында дүниетаным
және одан туған көзқарас сан-салалы болып келмейді, ол сол
дүниенің өзі сияқты тұтастықты, бірлікті қажет етеді.
Үнді философиясы дейік, үнді діндері дейік, бұлардың
екеуінің де назары-адамда және адамның жеке басында. Үнді
көзқарасы грек мифологиясы мен грек философиясы сияқты
адамдарды алыптармен, тіпті құдайлармен де тайталасуға,
мемлекетті
басқаратындай
даярлыққа,
білімділікке
де
шақырмайды;
египет
діндері
сияқты
о
дүниеге
де
итермелемейді, қытай философтары сияқты қоғамға қызмет
етуге де баулымайды. Үнді ғұламаларының мақсаты рухани
жетілген адамды тәрбиелеу, денені рухқа толық бағындыру.
Бірақ бұл тахуалық та емес, адами сезімдерді жою да емес,
қайта адамның өзін-өзі толық меңгеруі, ұстауы, тануы. Олай
болса гректерден бұрын-ақ үнділер «өзіңді таны» қағидасын
басшылыққа алған адамдар. Үндінің рухани дүниесінде оған
179
жетудің де жолдары мен әдістері жан-жақты зерттеліп
қарастырылған. Ол жай мінез-құлықтан, қоршаған ортамен
байланыс-қатнастан бастап арнаулы әдістер арқылы тән мен
рухты теңестіретін жағдайға жеткізе алатын жолдар. Жалпы
алғанда бұл әрбір қалаған адам жүре алатын жол және шын
ниет қойса жете алатын меже.
Үндінің рухани дүниесінің негізінде арийлер енгізген
ведалық жүйе жатыр. Ведалардың ең көнесі, тілі және әдеби
жағынан маңыздысы-РигВеда (гимн-ұрандар жинағы), ол 1028
жырдан тұрады, онда көптеген құдайлардың есімдері аталады,
барлық жырлар 10 бөлімге (мандалға) бөлінген. Әрбір жыр екі
шумақтан тұрады, олар шлок деп аталады. Ригведа арийлердің
көне туындылары қатарына жатқызылады. Ригведадан басқа
веданың
тағы
үш
бөлігі
бар:
Самаведа,
Яджурведа,
Атхарваведа.
«Самаведа»-мелодиялар
ведасы
деп
те
аталады,
ондағы
өлеңдер
мен
дұғалар
(құдайларды
мадақтауға арналған) бірінші бөлімдегі идеяны қайталайды.
Үшінші бөлім «Яджурведа» да діни сарында жазылған, онда
негізінен діни салт-дәстүрлер насихатталады. Төртінші, соңғы
бөлім аңыз бойын Атхарван деген абыздан тараған 700-ден
астам жыр жолдарынан тұрады, жазылу әдісі алдыңғы үш
бөлімге ұқсас болғанымен мазмұны бөлектеу. Соңғы бөлім
адамның жеке басына арналған. Осы төрт бөлім біріктіріліп
«Самхит» деп аталады және Ведалардың негізін құрайды.
Аталған Ведаларға толықтырулар, тіпті өзгерістер де
болуы мүмкін, яғни қалған кітаптар үнді жерінде, яғни арийлер
жаңа жерге қоныстануды қызу бастаған кезде жазылған деп
ұққан шындыққа сәйкес келеді. Себебі «Ведаларға» қосымша
деп саналатын «Брахмандар» кітабы б.з.б. 800-600 жылдар
арасында, одан кецінгі ірі жинақ-«Араньяки» б.з.б. 600 жылдан
бастап жазыла бастаса, үндінің көне тарихына қатысты және
оны аяқтайтын соңғы кітабы-«Упанишады» б.з.б. 600-300
жылдар арасында жазылып болды. Бірінші қосымша жинақтың
«Брахмандар» аталуы да біздің бірінші сұраққа байланысты
айтқан ойларымызды тағы да растап отыр.
Тек
«Упанишадтар»
кітабы
ғана
негізінен
этико-
философиялық шығармаға жатады. Оның негізгі мәселесі-
әлемдік жан, рухтың табиғаты туралы ілім, брахман мен
атманның бірлігі туралы. Брахман-ең жоғарғы объективтік
шындық, реальдылық, абсолюттік рухтық бастау (ал үнді
діндерінде брахман құдай деп ашық мойындалады). Ал атман
болса ол субъективтік рухани бастау. Брахман өзін-өзі тану
жолына түсуге тиісті және ол өзін-өзі таныған кезде атманға
180
айналады.
Бұл
қағида
үнді
дүниетанымының
күре
тамырларының бірі және арқауы.
Ведалардың үнді қауымындағы маңызы мен рөлін жан-
жақты қарастырғаннан кейін барлық үнді философиялық
мектептерінің осы Ведаларға байланысты екі үлкен мектепке
бөлінетіндігін айтсақ түсінікті шығар. Ведаларды басшылыққа
алған өздерінің философиялық жүйелерін солардан шығарған
немесе
керісінше
бейімдеуге
тырысқан
философиялық
мектептерді-ортодоксальдық деп атаймыз. Оның өзі 6 мектеп:
веданта, миманса, санкхья, йога, ньяя, вайшешик. Керісінше,
ведаларды басшылыққа алмайтын мектептер де бар, оларды
ортодоксальдық емес деп атап жүр; олар 3 мектеп: джайнизм,
буддизм, чарвака-локаята.
Достарыңызбен бөлісу: |