ЖАЛПЫ ТАРИХ, ТАРИХНАМА, ТАРИХТАНУ ЖӘНЕ ӘДІСНАМА
МӘСЕЛЕЛЕРІ
»
секциясы
Секция
«
ПРОБЛЕМЫ ВСЕМИРНОЙ ИСТОРИИ, ИСТОРИОГРАФИИ,
ИСТОЧНИКОВЕДЕНИЯ И МЕТОДОЛОГИИ ИСТОРИЧЕСКОЙ НАУКИ
»
223
ХVІІІ ҒАСЫРДЫҢ 20-30 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ОРЫС
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ТАРИХИ ДЕРЕКТЕРДЕ ЗЕРТТЕЛУІ
Байбосын Л.С.
Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің
магистранты,
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педогогикалық
институты Арқалық қаласы
l.baybosyn@mail.ru
ХУІІІ ғасырдың 20-30 жылдары Қазақстанның ішкі және
сыртқы саяси жағдайы өте ауыр дәрежеде болды. Сөзімізді
нақтылай түсу үшін осы кезеңнің жағдайы туралы айтылған
тарихи деректерге тоқталатын болсақ,
қазақтың
ғұлама
ғалымы Шоқан Уалихановтың «Абылай» атты мақаласында
осы кезеңдегі қазақ жерінің жағдайын «ХУІІІ ғасырдың бірінші
онжылдығы қырғыз халқының өмірінде өте сұмдық уақыт
болды. Жоңғарлар, Еділ қалмақтары, жайық қазақтары мен
башқұрттары тұс-тұстан олардың ұлыстарына ойран салды,
малды айдап кетті, қырғыздарды отбастарымен тұтастай
тұтқындады. Тәңірінің сынағы сияқты ызғарлы қыс, жұт пен
аштық олардың қайғысын ауырлатты. Орынбордағы бір Қырғыз
басшы өз жерлестерінің аянышты жай күйін бір топ ит қуған
қоянның жағдайымен салыстырады»,- деп жазды [1:6]. Бұл
тарихи деректе ХУІІІ ғасырдың алғашқы онжылдығы қазақ
хандығының жай күйі өте ауыр жағдайда екені берілген.
Ш.Уалихановтың қазақтың ХУІІІ ғасырдағы тарихын зерттеуге
сіңірген еңбегі өте зор. Ол алғашқылардың бірі болып осы
ғасырға қатысты көптеген шежіре деректерін хатқа түсіріп, оған
өз көзқарасын білдірді. "Ерлік дәуірі " кезеңге Шоқан аса
ілтипатпен құрметпен қарады. Ол аса маңызды оқиғаларды
көрнекті
елбасыларын
дәстүрлі
әдет-ғұрыпты
жарқын
суреттеді. ХУІІІ ғасырдағы қазақ тарихын терең білу Шоқанға
өткен ғасырларға, көшпелілердің ұлан байтақ рухани мұрасына
қалам сілтеуге мүмкіндік берді [2:71].
Белгілі тарихшы Абуев Қадыржан Қабиденұлының
«Абылай хан: өмірі мен қызметі» атты еңбегінде ХУІІІ ғасырдың
бас кезеңін былай деп жазды «ХУІІІ ғасырдың басы халқымыз
үшін қиын қыстауға толы аласапран заман болды. Әз Тәуке хан
дүние салғаннан кейін әр түрлі саяси экономикалық жағдайға
байланысты үш саяси этникалық құрылымға яғни үш жүзге
бөлініп, ыдырай бастады. Сол кезде қазақ халқының өзінің
біртұтастығынан айырылып, жерін жау таптап, тіпті ұлт ретінде
224
құрып кетудің сәл-ақ алдында тұрған болатын» [1:19].
Өзіне дейінгі қазақ халқы туралы жиналған деректердің
бәрін жинақтап, оларды жүйелеген құнды еңбектердің бірі А.И.
Левшиннің үш томдық "Описание киргиз-казачьих или киргиз-
кайсацких орд и степей" аталатын кітабы. Қазақстан
тарихнамасында тұтас бір кезеңнің қорытындысы болатын
еңбекте негізгі әңгіме қазақтың саяси тарихына, тұрмыстық
ерекшеліктеріне қатысты болды. А.И. Левшин ХУІІІ ғасырдағы
қазақ қоғамының арқауын "анархия" деп атайды, көшпелілердің
қоғамдық дамуы варварлық дәуірдегі Еуропа халықтарымен
салыстыруға келеді деген пікір түйеді [2:66-67].
Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы
қазақтың билеуші тобының Ресеймен жақындаса түсуіне түрткі
жасады. Тәуке хан өлгеннен кейін қазақ хандығының жағдайы
қиындай түсті. Қайып сұлтан аға хан болды. Кіші жүздегі
иеліктердің
бірін
билейтін
Әбілқайыр
өзінің
Қайыпқа
бағынышты, оған тәуелді екенін мойындады. Көп ұзамай 1719
жылы аға ханның атағын Әбілқайыр хан алған болатын.
Әбілқайыр хан Жәнібек ханның сегізінші ұлы Өсеке сұлтанның
тұқымынан шыққан болатын. Бұл тұқымынан Әбілқайырға
дейін ешкім атаққа ие болмаған. Сондықтан Тәуке хан
әулетінен шыққан сұлтандар бізді аттап өтті деп жаңа ханның
билігіне мойынсұнбады. Орта жүзбен Кіші жүздің көптеген
билері де Әбілқайырды хан деп танымады. Сондықтан осының
салдарынан қазақ жері жеке-жеке хандық және сұлтандық
иеліктерге бөлініп кетті. Қазақстанның ішкі саяси жағдайының
тұрақсыздығы мен феодалдық бытыраңқылығын пайдаланған
Жоңғар мемлекеті қазақ жеріне басып кірді. 1725 жылы
жоңғарлар Ташкент, Түркістан, Сайрам қалаларын басып алды.
Өз қонысынан, мекенінен, малынан айрылған Қазақ қауымдары
Хожелі Хиуа және Қарақалпақ жерлеріне көшуге мәжбүр болды.
Сонымен, Қазақстанның ХУІІІ ғасырдың 30 жылдары ішкі
және сыртқы саяси жағдайы жоғарыда айтылғандай өте қиын
сәтке тап болды. Әбілқайыр ханға Тәуке кезінде басталған
Ресей мемлекетімен қатынас жасау саясатын жалғастырып,
қазақ хандығының тәуелсіздігін сақтап қалу міндеті жүктелді.
Ол үшін қазақ хандығының бірлігін нығайтумен қатар, оны
орталықтандыру керек болды. Бірақ сол кездегі қоғам үшін ол
мүмкін болмады. Өйткені қазақ қоғамының патриахалдық-рулық
сипаты сұлтандардың өзара феодалдық бытыраңқылыққа
тырысу әрекеттері рулық иеліктердің бәріне ортақ бір мәселені
шешуде қиыншылықтар туғызып отырды. Осы фактілерге
сүйеніп кейбір тарихшылар соңғы уақытта Әбілқайыр Ресейге
225
өз еркімен бодан болды деген пікірлер келтіріп жүр [3:161].
Соған байланысты Әбілқайыр ханның мұндай шешімге
баруына қатысты мына бір деректі келтірсек, А.И. Левшин
«Әбілқайыр хан Кіші жүз бен Орта жүздің кейбір руларына
билік жүргізе отырып, өз халқының қамын ойлаған. Сол
кезеңдерде Жоңғарлар, Еділ қалмақтары, Жайық казактары
мен башқұрттар жан-жақтан қазақ ұлыстарын ойрандады,
кіріптарлыққа
салды».-
деп
жазды
[4:117].
Сондықтан
Әбілқайырды Ресейге бодан болуға итермелеген алдымен
қаптаған жаудық айбары еді. Әбілқайырдың осындай шешім
қабылдауына белгілі дәрежеде орыс мемлекетінің сыртқы
саясаты да мәжбүр етті. ХУІІІ ғасырдың 20-30 жылдарында
патшалық Ресей өзінің сыртқы саясатында Орта Азия, Үндістан
елдерімен тұрақты қатынас орнату керек болды. Ал, қазақ елі
болса оның жолында жатты. Демек, Әбілқайыр өз еркімен
бодандыққа өту арқылы Ресейдің жаулап алушылық саясатын
болдырмады. ХУІІІ ғасырдың 20 жылдарындағы Жоңғар
феодалдары мен Қазақ хандығының күресу тәжірибесі өз
күшімен
сыртқы
жаулардан
түпкілікті
сақтанып
қалу
мүмкіндігінің
жеткіліксіз
екенін
көрсетті. Сондықтан да
Әбілқайыр хан сыртқы шапқыншылықтан қорғану үшін және хан
билігін сақтап қалу үшін және нығайтуға қажет күшті көршісі
Ресей
мемлекетінен
іздестіруге
мәжбүр
болды.
Қазақ
хандығының ХУІІІ ғасырдың 20-30 жылдарындағы өте қиын
жағдайы, сол кезде Ресеймен ғана көршілік қатынас орнатудың
бірден-бір жолы екенін жеке хандар да түсінді. Соңғы кезге
дейін бұл мәселеде Кеңес тарихшылары қазақ хандарының
Ресейге бодан болуының себебі тек қана жоңғарлардың әлсін-
әлсін шабуыл жасауы деп білді. Бірақ бұл пікірдің дұрыс
еместігі жайлы тарихшы С.М. Мәшімбаевтың "Дүниежүзі және
Қазақстан тарихының кейбір өзекті мәселелері" атты еңбегінде
былай деп өз пікірін келтірген болатын «Ғасырлар бойы қазақ
халқы өз күшімен ғана тәуелсіздігін және жерін сақтап қала
алды. Бірақ ХУІІІ ғасырдың 30 жылдарында қазақ хандығының
әскери күш қуаты әлсірей бастауы себепті оларға әскери одақ
керектігі белгілі болды»,- деп көрсетті [3:162].
Қазақ хандығының сыртқы және ішкі саяси жағдайы Ресей
елімен
қарым-қатынасты
дамытуда
сонымен
қатар
экономикалық жағдайдың да маңызы зор болды. Ресеймен
қарым-қатынасты дамытудың тағы бір ерекшілігі-ол сауда
мәселесі болды. Бұл орыс-қазақ қатынасына өте қажет болды.
Біріншіден,
Ресей
патшасы
қазақ
жерінің
шекарасына
жақындай түсіп, қазақ жері арқылы Орта Азия хандарымен
226
сауда жасау сөйтіп Қазақстан мен Орта Азия елдеріндегі
өндіріске қажетті шикізат көзіне шығу, екіншіден орыс
саудасының
дами
бастауына
байланысты
орыс
саудагерлерінің тауарларын өткізетін тауар керек еді. Ал
қазақтар үшін дала саудасы дамуының нашар болуы айырбас
сауда, мал өнімдері тұтынатын өнеркәсіп тауарлары күнделікті
тұрмыс үшін қажет. Кіші жүз ханы Әбілқайыр кезінде қазақ
жеріндегі саяси экономикалық жағдай осы бағытта дамыды
[3:162].
1726 жылы Әбілқайыр хан Ресейге елші жіберіп, өз ойын
білдіргенмен жауап ала алмады. Ресей патшасы Кіші жүз ханы
Әбілқайырдың кім екенін білмейтін. Бұл әрекеті сәтсіз
аяқталғаннан кейін өзінің сыртқы саясатын жақтаушылары
Бөгенбай батырмен ақылдасып, Ресей патшасына бодан
болуы туралы 1730 жылы қыркүйектің 8 күні хат жазып, елшісі
Сейтқұл мен Құтлұмбетті орыс мемлекетінің астанасы
Петербургке жібереді. Бұл хатта: «Аса ұлы, ізгі бай және ақыл
иесі, ұлы мәртебелі патша күн сайын, ай сайын және жыл
сайын Құдайдың рақымымен мемлекетіңді аман-сау билей
беруіңізді тілейміз. Ұлы мәртебелі сізге біздің мәлімдегіміз
келгені мынау еді: жайықтың арғы бетіндегі Сіздің боданыңыз
башқұр халқымен біздің жақын қатынасымыз болған жоқ, Ұлы
мәртебелі Сізге түгелдей бағынышты болып келіп, мен сіздің
боданыңыз Алдарбаймен бірге өз елшімді жіберіп отырмын.
Осы Алдарбай мәртебелі сізге бізден елші жіберуін талап етті,
сондықтан да мен, Әбілқайыр хан өз қол астымдағы Орта жүз
бен Кіші жүздің сансыз көп қазақ халқымен бірге біздің бәріміз
сіздің қызметшілеріңіз болып табыламыз және қарапайым
халықпен
бірге
Сіздің
қамқорлығыңызды
тілейміз
әрі
көмегіңізбен Жайықтың арғы бетіндегі өз боданыңыз башқұрт
халқымен тату тұрамыз деп күтеміз. Сізге барша игіліктерді
тілейміз және сіздің боданыңыз боламыз»,- деп жазылған
болатын [3:163-164].
Әбілқайырдың бұл тілегін Анна Иоанновнаның үкіметі
қабылдап, қазақтарды Ресейдің қарамағына алуға ұйғарды.
Содан соң 1731 жылы 19 ақпанда императрица Аннаның
Әбілқайыр ханға және бүкіл қазақ халқына олардың Ресей
бодандығына қабылданғаны туралы грамотасын тапсыру үшін
және Кіші жүз қазақтарынан ант алуға Сыртқы істер
коллегиясының тілмашы әрі дипломат А.И. Тевкелев басқарған
елшілері келеді. Елшілер Кіші жүздің Ресей қол астына
алынғаны туралы Ресей патшасы Анна Иоанновнаның
Әбілқайыр атына жазылған грамотасы мен қазақ сұлтандары
227
үшін көптеген сый тартулар алып келді. Ресей әкімшілігі орыс-
қазақ қарым-қатынасын дипломатиялық шаралар арқылы
дамыта әрі кіші жүз ханы Әбілқайырдың антқа берік екеніне
сене отырып, алшақ жатқан Орта жүз хандары мен
сұлтандарын өз жағына тарту үшін әрекеттер жүргізді. Бұл
тарихи процесс қазақ-орыс қарым-қатынастарының дамуына
жаңаша жол ашты. Қазақ елі жау қоршауында қалып, оның
мемлететтігін сақтау басты мәселе болған тұста Әбілқайыр
өзімен көршілес қаһарлы Ресейдің халықаралық деңгейдегі
беделін
пайдалануды
көздеп
одақтасуға
ұмтылды.
90
жылдардың
басында
зерттеушілер
Әбілқайыр
ханды
бодандыққа әкелген "сатқын" деп бағаласа, кейін тарихшылар
М.Қозыбаев, Ж.Қасымбаев, Ә. Мұқтар т.б. мәселенің тарихи
жағдайын терең талдаумен, өзара салыстырумен ханның жаңа
бейнесін жасай түсті. Соның дәлелі ретінде Тарихшы С.М.
Мәшімбаевтың "Кіші жүзге бұғау салу қалай басталды?" атты
мақаласында Әбілқайыр хан туралы пікірі «Әбілқайыр хан
сонымен қатар ел басына күн туғанда қол жинап азаттық үшін
күрескен әскери қолбасшы болды. Ол «Ақтабан шұбырынды,
Алқакөл сұлама» жылдары Кіші жүзге жар салып, әскер
жинады. Сөйтіп жиырма мың қолмен Әбілқайыр Ұлы жүз бен
Орта жүз әскерлеріне қосылып, 1728-1729 жылдары
жоңғарларға қарсы шайқастарға қатысып, жеңіске жетті. Бұл
ұмытылмайтын ерлік. Сондықтан біз қазақ хандарының
қызметіне баға беруде өте абай, мейлінше турашыл болуымыз
керек. Келер ұрпақ тарихи шындықты ашып, қазылық
жасайды»,- деп жазды [4:32].
Сөйтіп, ХУІІІ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ
қоғамындағы саяси-әлеуметтік ауыр жағдайларға байланысты
сол қиын заманда Кіші жүз ханы Әбілқайыр бодандыққа барды.
Елде билік жоқ болды. Сонымен қазақ жері Ресей
империясының
отарына
айналды.
ХУІІІ
ғасырдың
30
жылдарындағы Қазақстандағы саяси жағдай түптеп келгенде
Ресей мен Қазақстан қарым-қатынасында жаңа кезеңнің
басталғандығын айтуға болады. Қазіргі тәуелсіз заманда
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
көрші Ресей Федерациясымен көршілік, мәңгі достық, екі жақты
заманға сай сыртқы саясаты елдің тәуелсіздігінің негізгі мәніне
айналып отыр.
Жалпы ғасырлар бойы жүргізіп келген екі империяның
отарлық саясатына қарамастан орыс-қазақ қатынастары қазіргі
кезеңде өз жалғасын тауып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |