Пайдаланылған деректер тізімі:
215
Красовский Н.И. Область сибирских киргизов. Ч.3. –
Спб., 1868. 264 б.
ООММ 64 қ., 1 т., 2918 і., 201 п.
Россия. Полное географическое описание нашего
Отечества. Т.18. Киргизский край // Под ред. В.П. Семенова. –
Спб., 1903. – 469 б.
Кеңес саясатына қарсылық: Алаш қозғалысынан
желтоқсан
көтерілісіне
дейін:
Республикалық
ғылыми-
теориялық конференцияның материалдары. – Астана, ҚР
ұлттық академиялық кітапханасы, 2008. – 340 б.
Әбуев
Қ.Қ.
Қазақстан
тарихының
«ақтаңдақ»
беттерінен. Алматы: Қазақстан, 1994.- 144 б.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДІНИ-МӘДЕНИ ДӘСТҮРЛЕРДІ
ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Шаймерденова Ж.К., Зубайраева Г.Б.
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті,
Көкшетау қ.
Отандық діни-мәдени дәстүрлер арқылы азаматтық
бірегейленуді қалыптастыру мәселесі қазіргі таңда ең өзекті
мәселе болып тұр. Дүние жүзінде және біздің елімізде
жастарда діни білім мәселесі, діни толеранттықты тәрбиелеу
және ұлттық-мәдени бірегейленуді,ғылым, өнермен, құқықпен
қатар тұрған және адамзаттың рухани мәдениетінің маңызды
құрамдас бөлігі болып табылатын дінді оқу жоспарынан
тыс қалдырмау қажет.
Отандық діни-мәдени дәстүр – көпұлтты Қазақстан
халқының жалпы рухани негізі- тарихи қалыптасып және
бүгінгі күні көптеген бірқатар келесі факторлардың
ықпалында, дәлірек айтсақ: әртүрлі діндерге сиынатын
Қазақстан халқының ортақ тарихи тағдыр, ортақ мемлекетті,
тілді, білімді, мәдениетті, экономиканы, құқықты, ділді, дамыған
тұлға аралық қатынастарды енгізетін қазіргі қоғамдық өмірінің
бірыңғай кеңістігі, қоғамның бірігуіне ықпал ететін, оған қауіп
төндіретін сыртқы және ішкі сипаттағы көптеген жалпыұлттық
сұраныстар.
216
Жаңа ғаламдық жағдайда күшейіп және дәстүрлі
бірегейлену формаларының жойылу барысында діни
мәдениеттің негіздерін ұғыну көптеген мәдениетті
танушылық, этикалық, құқықтық, психологиялық, дидактикалық
басқа да тәрбиелік көптеген күрделі мәселелерді шешуге
көмектеседі. Осыған байланысты бес ұлттық рухани
дәстүрлерді ислам, православие, иудаизм, буддизмнің,
сондай-ақ тәңірлік, зороастризм діндерінің жиынтықтарын
сипаттайтын мәдениеттің негіздерді тану өте өзекті мәселе
екені айқын.
Дінсіз қоғам болмайтындықтан, дінсіз мәдениет те
болмайды. Дін қоғамды қалыптастыратын әлеуметтік құбылыс,
ұйытқы ретінде адамзат өмірінде аса маңызды рөл атқарады.
Әрине,кейбір идеологиялар мен саяси ағымдар діннің осы
рөлін пайдаланғысы келгенде ол қауіпті күшке айналады.
Бүгінгі күні дүниежүзінде орын алып жатқан саяси, әлеуметтік,
мәдени экономикалық оқиғаларға дін бағыт-бағдар беретін
күштің
бірі,
тіпті
ең
бастысы.
Қоғам
құрылымының
анатомиясында діннің алатын орны ерекше. Қоғамдарды басқа
қоғамдардан ажырататын ең негізгі қасиеттің бірі осы діннің өзі
болып табылады.
Жоғарыда атап өткендей,адамзат тарихында дінсіз
мәдениет болмаған. Алғашқы қоғамдық құрылыстан бері
уақытта пайда болған мәдениеттердің барлығы да діни сенім
негізінде қалыптасқан. Ең жоғары деңгейдегі имани, фәлсәфи
негіздерді қамтитын діндер осы дінге қосылған халықтардың
мәдениетіне орасан зор ықпал жасаған. Мәдениеттің күштілігі
соншалық, мәдениеттер арасындағы қақтығыста жеңіске
жеткен мәдениеттің өзі жеңіліске ұшыраған мәдениеттің белгілі
элементтерін сіңіріп алуға мәжбүр болады. Нәтижеде аралас
мәдениеттер пайда болады. Қазақстанда осы жағдай
қалыптасты.
Сондықтан осы мақалада Қазақстан тарихындағы
барлық таралған діни жүйелердің мәдени негіздеріне
сараптама жасау арқылы қазіргі қазақ қоғамының
ерекшелігін көруге болады.
Сонау ежелгі зороастризмнің діни
және мәдени жәдігері «Авеста» кітабының өлеңдерінде және
гимнінде әлемде бір-біріне қарама-қарсы екі негіздің -
жақсылық пен зұлымдықтың арасында толастамайтын күрес
жырланып, еңбекті, жақсы жұмысты, ойды, бейбітшілікті,
достықты, адалдықты, сенімділікті мақтайды. Ал, ұрлықты,
жаман сөздерді айыптайды. Ол ұрпақтан- ұрпаққа беріліп
отырды.
217
Келесі тарихи кезеңде буддизм Үнді елінен Орталық
Азияға Пәкістан және Ауғаныстан аймақтары арқылы біздің
эрамызға
дейінгі I ғасырда басталып, II-III ғасырларда
Қазақстанға да жетті.Осы уақыттан бастап оның
құндылықтары Қазақстанды мекендеген халықтардың
арасында тарала бастады. Жалпы буддизмді дін ретінде,
философия ретінде, мәдениет ретінде және өмір бейнесі
ретінде қарастыруға болады. Буддизм төрт игі ақиқатқа
негізделеді: қайғы-қасірет ақиқаты;қайғы-қасірет себебінің
ақиқаты; қайғы-қасіретті жою ақиқаты;қайғы-қасіретті тоқтату
жолының ақиқаты. Дәл осы ақиқаттар будданы уағыздаудың
алғашқы тақырыбы болды. Буддизмнің маңызды негізін
құрайтын төрт игі ақиқат ілімі ең алғашқы ілімдерге
жатады. Буддизм басқа діндерге қарағанда өмірдің қайғы-
қасіретпен байланысына айтарлықтай басым түрде мән
береді. Буддизмде қайғы-қасірет тұрмыстың түпкілікті мінез-
құлқы болып табылады.Будда іліміне сәйкес құтқарудың
сегіз игі жолы бар: дұрыс көзқарас,дұрыс ұмтылыс, дұрыс
сөйлеу (жалғанды жою және шындықты растау), дұрыс
мінез-құлық (бес тыйым салудан тұрады –кісі өлтіру, ұрлық,
өтірік, адасу және мас болу), дұрыс өмір сүру
(ағартушылыққа ұмтылғандарға мынадай қызмет түрлерімен
айналысуға тыйым салынған: қасапшы, жинаушы, құл
сатушы), дұрыс ынта (тиісті күш салу және кемелдікке
ұмтылу), ақылдың дұрыс күйі (өзін-өзі тексеру), дұрыс
медитация. [9,10]
Түркілер дәуірінен жеткен Тәңірлікке табыну дінінің
көптеген мәдени салттары әлі күнге дейін дәстүрлі қазақ
қоғамында сақталынған.Оның құндылықтар мәні жастарды
тәрбиелеуде зор роль ойнайды. Тек қана дұрыс түсіндіру
қажет. 1074 жылы атақты түрік ғалымы Махмұт Қашқари «Түрік
сөздігі» аталатын үш томдық кітабын жазды. Оның еңбегінде
түріктердің табынған Тәнірлікке табынуды былай түсіндіреді:
«Тәңір кім, не? – деп сұрақ қойсаңыз, жауап біреу, ол – ұлы. Ал,
ұлылықтың сыры, тек өзіне (яғни Тәңірге) ғана мәлім. Егер
сыры адамға мәлім болса, оның иесі ұлылық?!
Махмұт Қашқари айтуында Ұлы Тәңір мен Ұлы Алланың
еш
айырмасы
жоқ.
Бұл
түркілік
және
мұсылмандық
дүниетанымның бірлігінің дәлелі.
Тәңір
түркілердің
түсінігінде
жарылқаушы,
бірақ
Жаратушы емес. Тәңір – оның жолындағыларды мақсатқа
топтастырушы, қуаттандырушы ұлы күш.Биік көктегі Тәңірі
оларға (түркілерге) қиял, арманына қанат, жүрегіне қайрат
218
беретін тұңғиық. Биікке бас ию, биіктікті аңсау адамды өршіл
философияға талпындырады. Биіктікке ұмтылу – ерлік,
батырлық философиясы.
«Адам баласының бәрі өлгелі туған» - деген түркілердің
даналығында екі түрлі терең мән жатыр. Бірі – Тағдырды Тәңір
береді, бәрі жазмыштағыдай болмақ, жаралған нәрсенің ақыры
бар. Алайда өткінші дүниеде бәрі Тәңірдің белгілегенсе де,
әрекетсіздікке бой алдырмай, осы өзіне берілген кесімді
мерзімде Тәңірдің әмірін орындау, яғни Көк пен Жердің
арасындағы әлемге иелік ету, иелік үшін жан аямай күресу
сияқты
белсенді
әрекетке
шақыру
жатыр.
Түркілердің
дүниетанымына оптимизм тән, яғни жастарды өзіне сенуге,
белсенділікке үйретеді.
Түркілер дүниетанымын «ел» деген ұғым арқылы
білдірген. Түркілер «ел» ұғымына қасиетті Жер-Суды және
...Тәңірді сидырған. Осылардың бәрі бар болғанда, басы бүтін
болғанда «ел» бар.Осымен қатар оларда «құт» түсінігі болған.
Ол – Тәңірдің қолдауына ие болу, соның жолында «елге»
қызмет жасау. Демек, түркілердің көсемдері осындай Тәңірдің
барлығын танитын, соның жебеуімен халқына немесе «елге»
қызмет
жасаушы,
оны
басқарушылар.Бірлік,
батырлық,
адамшылық, жақсылық – бәрі Тәңір, бәрі тәңірдің қалауындағы
нәрселер.Тұрмыста індет атаулыны от-анамен аластау ғұрпын
қолданады.
Қазақ халқының мифологиясында аруақ түсінігі бар. Қазақ
халқы және көнедегі түркі тайпаларының басымы адамның
жаны мәңгілік, тек тәні ғана өледі деп білген.[4.95] Осы жерде
Абайдың «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,» - деген терең
философиялық өлең жолдары еске түседі. Ол «Мені мен
менікінің айрылғанын, Өлді деп ат қойыпты өңшең білмес» -
деп, адам рухының мәңгі жасайтындығын айтады.
Бұл будда діні мен ислам ілімдерінің ортасындағы аралық
түсінік деуге болады. Үнді діни сенімдерінде адамның жаны
мәңгілік, олар басқа кейіпте, әбден кәміл дәрежесіне жеткенге
дейін, тіршілікте жасаған күнә-сауаптарына әртүрлі бейнеде
келіп отырады деп уағыздаса, ислам адам жаны ақырзаман
болғанға дейін оқшау әлемде өмір сүріп, заманның ақырында
өзінің тәніне оралады дейді.Бұл түркілердің дүниетанымы
белгілі бір шектеулі кеңістікте емес, басқа мәдениеттермен
синтез
нәтижесінде
қалыптасқандығын,
оның
жоғары
дүниетанымдық деңгейін көрсетеді.
Түркілерде синтоизм, тағы басқа діндердегі заттар мен
құбылыстардың құдайлары орнына «ие» түсінігі орныққан. Бұл
219
қазақ халқының төрт түлікке байланысты Ойсыл қара (түйе
иесі), Қамбар-Ата (жылқы түлігіне байланысты), Зеңгі-Баба
(сиыр малының иесі), Шопан-Ата (қой иесі), Шекшек-Ата (ешкі
малының иесі) түсініктерінен жақсы көрінеді.
ХІ ғасырда түркі тілдес тайпалар араб-парсы мәдениетін
жатсынбай қабылдай бастады. Оның объективтік себептері де
бар болатын. Соның бірі – түркі қағанаты ыдырап, оның орнына
жаңа мемлекеттер, этностар пайда бола бастаған заманда
олар жаңа, өзге мәдени дүниетанымды қажет етті. Исламның
қазақ жерінде қантөгіссіз таралуының басты себептерінің бірі,
Тәңір мен Алла дүниетанымдық мәселелердегі ұқсастығы,
түркілер нанымдары мен исламның монотеистік сипаты,
олардың мәдени тамырларының рухани сабақтастығы да үлкен
әсер
етті.
Түркілер
ислам
әлеміне
өзіндік
орнықты
дүниетанымымен енді және аруақ, ие, құт тәрізді іргелі
ұғымдарын сақтап қалды. Тәңір ұғымы мен ислам үлгісіндегі
дүниетанымның синтезі қазақ топырағында Иассауи ілімінен
айқын көрініс береді.
Ислам
діні
мәдениеттердің
арасындағы
айырмашылықтарды қабылдаған дін. Нәсілдер мен тілдердің,
тіпті діндердің әртүрлілігін ислам діні таниды. Құранда
адамдардың тайпаларға, түстерге бөлінгендігі, әркімнің діні
өзіне екені туралы айтылған және Құран мұны Жаратушының
шешімі
ретінде
көрсеткен.
Қоғамдар
арасындағы
айырмашылықтар адамдардың бірін-бірі танып-білуі және
қарым-қатынас орнатуы жағынан жағымды рөл атқаруы да
мүмкін. Бұл біздің қолымыздағы нәрсе. Ислам дініндегі жүйені
толеранттылықты көрсетеді. Тарихқа қарағанымызда сан
жағынан
аз
мұсылмандардың
үлкен
мемлекеттерді
басқарғанын көреміз. Яғни, мұсылмандар басқа дін уәкілдерін
де қорғаумен шұғылданған. Мұсылмандар негізінен бір
мемлекеттің туының астында біріккен басқа тілдегі және діндегі
халықтарға, олардың мәдениетіне қолдаушылық танытқан.
Ислам діні көшпелі руларға бөлінген араб қоғамында
пайда болғанымен отырықшылықты, қалалық мәдениетті
уағыздайды. Қазақ халқының тарихында ірілі-ұсақты рулар мен
тайпалардың басын қосқан күш осы ислам діні болған. Ислам
қауымдастығына қосылмаған басқа түркі тайпалары мүлдем
басқа мәдениет тобына қосылып, мүлдем басқа қоғамдарға
айналған. Бұған мысал ретінде бұлғарларды, мажарларды,
чуваштарды, сібір халықтарын т.т. айтуға болады. Америкада
зорлықпен
шоқындырылған
үндістердің,
Африкадағы
отарланған халықтардың тағдыры ұқсас. Демек, әр халықтың
220
мәдени ортасын анықтайтын басты фактор – дін. Әлеуметтік
тұрғыдан
алғанда
ислам
діні:
қоғамға
бағыт-бағдар
береді,қоғамды
біріктіреді,идеологиялық
және
мәдени
ұғымдарды күллі қоғамға телиді, жеке тұлғаның және қоғамның
мүдделерін қорғайды,этникалық негізден гөрі адами, рухани
құндылықтарға мән береді.
Исламдағы
экономикалық
даму
саясаттары
мен
жобаларында рухани мәселелер мен адамның адамгершілігі
материалдық жетістіктерден маңыздылау саналады. Исламдық
даму үлгісі исламдық қоғамдағы мұсылман ойшылдардың ұзақ
мерзім талпыныстарынан тамырланады. Олар шамамен бір
ғасыр бұрыннан бері екі: теріске шығару және дәлелдеу
көзқарасының жаңа дүниенің көзқарасымен үйлестіретін ортақ
жол табуға талпынды. Бұл көзқарастың негізгі мақсаты –
адамның
рухани
дамуымен
бірге
материалдық
өмірін
жақсартудағы дін мүмкіндігін дәлелдеу. Ислам экономикалық
даму мәселесіне ерекше көңіл бөледі және оған үлкен мәселе,
яғни адамның даму мәселесінің бір бөлігі ретінде қарайды.
Исламдағы дамудың мақсаты адамды материалдық және
рухани салаларда бақытты көру. Дамуға әсер ететін мәдени
себептерінің бірі – әртүрлі қоғамдардың дүниеге деген
көзқарастары болып табылады. Мұндай көзқарас дамуға
маңызды үлес қосады. Егер қоғам дүниеге теріс көзқарасын
білдірсе, даму жолында қадам баса алмайды. Ал, егер қоғам
дүниеге оң пікірін білдірсе, дүниені дұрыс пайдаланса, даму
үшін мәдени жағдай тудырады. Нағыз ислам жоғары
мәдениетті
және
гуманистік
идеяларды
насихаттайды.
Мұхаммед пайғамбар өзінің хадисінде: «Дінде зорлық жоқ» –
деген. Яғни, ислам дініне біреуді мұқтаж ету немесе пайдасын
беріп, енгізуге жол жоқ. Әр пенде исламды өз еркімен, өзінің
қалыбымен (жүрегімен) қабылдауы тиіс. Даму – білім мен
мамандарға мұқтаж. Исламдық үлкен өркениеттің дамуының
маңызды себептерінің бірі – әртүрлі саладағы ғылымға қарай
талпыну болды. Исламдағы келесі мәдени құндылыққа –
еңбекке көңіл бөлу жатады. Әрине, еңбек – қоғамдағы
экономикалық қозғалысқа маңызды рөл атқарады және қолда
бар мүмкіндіктерді даму жолында пайдалануға көмектеседі.
Еңбек мәдениетіне мән бермейтін қоғамда тұрмыстың
жақсаруын күтуге болмайды. Еңбек мәдениеті – даму
бағдарламаларды іске асыратын маңызды себеп. Құран мен
пайғамбар және әулетінің оқулықтары адамдарды әділ
еңбектену мен талпынуға шақыратын әдемі насихаттарға толы.
Сонымен,
Қазақстан
қоғамының
рухани
тұрғыдан
221
жаңаруында дәстүрлі діндер маңызды рөл атқарады. Ислам,
христиандық және иудей діндерінің жалпы адамзаттық және
гуманистік құндылықтары ұлтаралық және конфессияаралық
келісім мен татулықты орнықтырудағы маңызы ерекше. Олар
қоғамымызда достықты, өзара құрмет пен түсінісушілікті
нығайтуға қызмет етеді. Қазақ халқының мәдениеті мен
руханиаты ислам өркениеті мен дүниесінің ажырамас бөлшегі.
Елімізге ислам діні күшпен емес, бейбіт жолмен енді. Ислам
құндылықтары мен ислам философиясын, ислам мәдениеті
мен өнерін дамыту мен жаңарту ісіне қазақ халқы маңызды
және
зор
үлес
қосты.
Ортағасырлық
мұсылмандық
философиялық ойының қалыптасуы мен дамуына қуатты
серпіліс берген қазақ даласының ойшылдары Әбу Насыр әл-
Фараби, Қожа Ахмет Ясауи, Махмұт Қашқари, Мұхамед Хайдар
Дулати, Жүсіп Баласағұни және басқаларының мұралары
ислам
өркениетінің
асыл
қазынасы.
Қазақстан
Республикасының Конституциясында ождан бостандығы мен
діни бостандықтың қағидаттары, әртүрлі конфессияларға
жататын азаматтардың өздерінің діни бірлестіктерін құрудағы
теңқұқылығы, мемлекеттің шіркеуден бөлінгендігі туралы
қағидаттар бекітілген. [1]
Қазақстан діни толеранттылық пен конфессия аралық
келісім ісінде игі дәстүрлерге ие. Қазақстан көне заманнан бері
саналуан мәдениеттер мен діндердің тоғысу мекені болған.
Қазіргі Қазақстанның аумағында бірнеше ғасырлар бойы
тәңіршілдік, зороастризм, манихейлік, буддизм, христиандық
(оның әсіресе нестериондық және яковиттік тармақтары) және
ислам сияқты әртүрлі нанымдар бейбіт қатар өмір сүрген, яғни
толеранттылық пен конфессияаралық келісімнің үлгісі болған.
Достарыңызбен бөлісу: |