Абуева Кадыржана Кабиденулы 4 января Көкшетау, 2014 (5 к) с-23 с-23 сборник


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДІН ТУРАЛЫ



Pdf көрінісі
бет79/124
Дата31.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#116536
түріСборник
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   124
Байланысты:
abuev

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДІН ТУРАЛЫ 

ЗАҢНАМАСЫ

Ерманова А.Б.

Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің 

магистранты,

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық 

институты

Қоғамның  дінге  деген  түсінігінің  әрқилы  болғандығы 

тарихтан  белгілі.  Кейбір  мемлекеттер  бір  дінді  алға  шығарып, 

соған  сенуді  әрбір  азаматтың  міндеті  ретінде  санаса, 

кейбірінде  халықтың  құдай  мен  дінге  деген  сеніміне  тұсау 

салынған. Ондай тәжірибе социалистік қоғам орнатқан елдерде 

болды, әлі де соның сарқыншақтары кейбір елдерде сақталуда. 

Қазіргі 


таңда 

өркениеттік 

жолға 

түскен 


Қазақстан 

Республикасында  діни  сенім  бостандығы  адам  құқығы  ретінде 

мойындлып отыр.

Атақты  неміс  ойшылы  И.Кант  құдай  мен  ғалам  туралы 

тәуелсіз  жеке  пайымдауды,  адамның  басты  еркіндігі  ретінде 

санаған.  Дегенмен,  адамзаттың діни сенім бостандығы туралы 

қазіргі  түсінікке  келуіне  ұзақ  уақыт  қажет  болды.  Мемлекеттер 

ерте  замандардан-ақ  діни  негізде  құрылды,  билік  құдайдан 

екенігі айтылып қана қоймай, насихатталып, үстемдік жасаушы 

діннің  қағидасына  бағынды.  Барша  халық  ережеге  сәйкес  бір 

діни  сенім  кеңістігінде  ғана  болды.  Ол  өзге  діни  сенім  өкілдері 

арасында 

түсініспеушіліктер 

мен 


қақтығыстарға 

апарып 


соқтырды. Бұл діннің негізінде мемлекеттің кеңеюі мен өзге де 

аймақтарды  басып  алуға  бағытталған  пиғылдарды  туғызды[1: 

56].

Өздерінің  діни  сенімін  өздері  таңдауын  мойындау  құқығы 



–гуманистік  ой-пікірдің  бағалы  жетістіктерінің  бірі.  Бұл  туралы 

ағылшын  ойшылы  Джон  Локк  «Дінге  еріктілік  туралы  хат» 

еңбегінде  оны  ашық  айтқан.  Ол  мемлекеттен  шіркеулерді 

бөліп,  мемлекетті  дін  бостандығынан  бөлек  қарастыруды 

ұсынды.  Джон  Локк  дін  мәселесінде  халық  өз  тағдырын  өзі 

шешуі  керек  деп  есептеді.  Жаңа  заманның  басқа  да 

ойшылдары  адамдардың ар-ождан бостандығы табиғаттың өзі 

сыйға  берген,  оны  ешкім  күшпен  тартып  ала  алмайтын  жеке 

242



тұлғаның табиғи құқықтарының бірі санады.

Материалистік 

дүниетанымның 

пайда 


болуы  адам 

құқығын  мойындау  діннен  тыс,  яғни  атеист  болу  мәселесін 

қойды.    Бұған  дейін  мәселе  мүмкіндікке  қарай  тек  бір  дінді 

таңдау  жайлы  айтылған  еді.  Енді,  дін  атаулыға  наразылық, 

қарсылық жалпы сипат ала бастады. Алайда, құдайды жоқ деп 

санайтындарға  діншілдер  теріс  көзқараста  болды.  Тек  өткен 

ғасырда  ғана  атеистік  түсінік  дүниетанымның  бір  түрі  ретінде 

қабылдана бастады.

Атеистік дүниетаным жеңген елдерде дін мәселесіне төзе 

алмаушылық  болғаны  тарихтан  белгілі.  Кеңес  Одағындағы 

коммунистік  идеология  жеңісі,  дінмен  күрес  жүргізіу  науқанын 

өмірге  әкелді.  Мыңдаған  мешіттер,  шіркеулер,  костелдер, 

синагогалар жабылып, көптеген дін қызметшілері қуғын-сүргінге 

ұшырады.  Алайда,  дінді  біржолата  құрту  мүмкін  болмады, 

көпшілік сақтық сақтап өзінің көзқарасы туралы сөз қозғамауды 

жөн  санады.  Првославие  және  католик  дін  өкілдері  Пасха  мен 

Рождествосын,  мұсылмандар  Ораза  айты  мен  Құрбан  айтын 

атап  өтіп,  дінге  сенушілер  мешіттер  мен  шіркеулерге  баруын 

тоқтатпады [2: 35].

Бұрынғы социалистік мемлекеттерде діннің қайта оралуы, 

тек  коммунистік  идеология  күйрегеннен  кейін  ғана  мүмкін 

болды.  Мешіттер  мен  шіркеулер  қалпына  келтіріліп,  жаңадан 

салынып,  телеарналарда  діни  бағдарламалар  көрсетіле 

бастады.  Діни  бірлестіктер  өзіндік  көзқарастарын  білдіретін 

материалдарды жариялайтын басылымдарын жарыққа шығара 

бастады.


Адам  құқығы  мен  діни  сенім  бостандығының  заманға сай 

түсінігі  БҰҰ.  Еуропадағы  Қауіпсіздік  және  Ынтымақтастық 

Ұйымы 

қабылдаған 



жалпыға 

танылған 

халықаралық 

шарттармен  анықаталады.  Олардың  арасында  1948  жылы  10 

желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясында қабылданған «Жалпыға 

бірдей 


адам 

құқықтары 

декларациясы» 

аңызды 


құжат 

саналады.  Төменде  діни  сенім  бостандығына  қатысты  сол 

декларациядан үзінді келтіріледі [3: 42].

«2-бап.  Әр  адам,нәсіліне,  түр-түсіне,  жынысына,  тіліне, 

дініне,  саяси  немесе  басқа  да  наным-сенімдеріне,  ұлттық 

немесе  әлеуметтік  тегіне,  мүліктік,  тектік-топтық  немесе  басқа 

да жағдаяттарына қарамастан осы Декларацияда жарияланған 

барлық құқықтар мен бостандықтарға алаланбай, бірдей тең ие 

болуы тиіс».  

18-бап.


Әр  адамның  ой-пікір,  ар-ождан  және  дін 

бостандығына  құқығы  бар;  бұл  құқық  өз  дінін  немесе  наным-

243



сенімін өзгерту еркіндігін, наным-сенімін жеке өзі немесе басқа 

адамдарменбірігіп  тұтып,  жария  түрде  немесе  жеке  жолмен 

уағыздау, құдайға құлшылық ету, діни салт-жораларын орындау 

бостандығын да қамтиды.          

Қазақстан  Конституциясының  1-бабына  сәйкес  Қазақстан 

демократиялық,  зайырлы  және  құқықтық  мемлекет  болып 

саналады.  Ар-ождан  бостандығы  Конституцияда  мойындалған 

маңызды адам құқығы болып табылады.

Қазақстан Конституциясының 22-бабында былай делінген 

:

«1. Әркімнің ар-ождан бостандығы құқығы бар.



 2.Ар-ождан  бостандығы  құқығын  жүзеге  асыру  жалпы 

адамдық  және  азаматтық  құқықтар  мен  мемлекет  алдындағы 

міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге 

тиіс».


Сонымен 

қатар, 


Конституция 

келесі 


құқықтарды 

қарастырады:

«2.  Тегіне,  әлеуметтік,  лауазымдық  және  мүліктік 

жағдайына, 

жынысына, 

нәсіліне, 

ұлтына, 

тіліне, 


дінге 

көзқарасына,  нанымына,  тұрғылықты  жеріне  байланысты 

немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай 

кемсітуге болмайды.(14-бап)».

«1.  Әркім  өзінің  қай  ұлтқа,  қай  партияға  және  қай  дінге 

жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы

(19-бап)».

«3.  Республиканың  конституциялық  құрылысын  күштеп 

өзгертуді,  оның  тұтастығын  бұзуды,  мемлекет  қауіпсіздігіне 

нұқсан  келтіруді,  соғысты,  әлеуметтік,  нәсілдік,  ұлттық,  діни, 

тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік 

пен  зорлық-зомбылыққа  бас  ұруды  насихаттауға  немесе 

үгіттеуге жол берілмейді (20-бап)».

Тәуелсіздік  алған  жыларда  дін  мәселелерін  реттеуші 

құқықтық  жол  қалыптастырылды.  1992жылы  қабылданған 

Қазақстан  Республикасының  «Діни  сенім  бостандығы  діни 

бірлестіктер 

туралы» 


Заңында 

барлық 


конфессия 

діндарларына  қызметтерін  еркін  атқаруларына  толықтай 

кепілдік берілген.

ҚР  және  басқа  мемлекет  азаматтары  кез  келген  діні 

уағыздауға  немесе  уағыздамауға  құқықты.  Барлық  діни 

бірлестіктер заң алдында бірдей танылады.

ҚР  заңына  және  халықаралық  шарттарға  сәйкес  сенім 

бостандығы келесі құқықтарды талап етеді:

- жеке  өзі,  сондай-ақ  басқалармен  бірге  кез-келген  дінді 

244



еркін ұстануға немесе ешқайсысын ұстанбау;

-  құлшылық  жасауға,  діни  жоралар  мен  рәсімдерге  өз 

еркімен қатысуға немесе қатыспау;

-

дінді  оқып-үйренуге  күштеп  мәжбүр  етуге  жол 



берілмейді. 

Қазақстанның 

барлық 

азаматтарының 

дінге 

жеке 


қатынасы  заң  алдында  бірдей.  Діндарлар  мен  атеистер, 

дәстүрлі  және  дәстүрлі  емес  дін  өкілдері  тең  құқыққа  ие  және 

олардың  діни  сезімдерін  мемлекет  заң  негізінде  қорғауына 

алады. 


ҚР  «Діни  сенім  бостандығы  және  діни  бірлестіктер 

туралы»  Заңының  4-бабында  діни  бірлестіктер  мәртебесі 

қарастырылған.

Алайда  діни  бірлестіктердің  мемлекеттің  қызметіне 

араласуға  құқығы  жоқтығы,  ал  мемлекеттің  егер  діни 

бірлестіктер  заңды  бұзатын  әрекеттерге  бармаса,  олардың 

қызметтеріне араласпайтындығы көрсетілген.

Діни  бірлестіктер  үкімет  және  басқару  органдары 

сайлауына  қатыса  алмайды.  Саяси  ұйымдар  мен  партиялар 

діни  бірлестіктердің  қызетіне  қатысуына  немесе  оларға 

қаржылай қолдау көрсетуіне тиым салынады.

Қазақстанда бір діннің үстемдік жүргізуіне, діни алауыздық 

пен өшпенділікті тұтатуға талпынатын діни бірлестіктерді құруға 

немесе қызмет етуіне тиым салынған.

2.  Қазақстан  Республикасындағы  дін  және  дінаралық 

қатынас 


саласындағы 

ахуал 


еліміз 

тәуелсіздік 

алған 

жылдардан бері айтарлықтай өзгерістерге толы болды.



Қазақстанда  бүгінгі  таңда  көптеген  этностар  мен  ондаған 

діни конфессиялар бар.

Қазіргі 

Қазақстанда 

діни 

және 


этносаралық 

толеранттылық  жоғары  мәнге  ие.  Демократиялық  қоғам  құру 

барысында  мемлекет  пен  діни  бірлестіктер  арасындағы 

қатынас  түбегейлі  өзгерді.  Мемлекет  барша  азаматтардың 

этностық  немесе  діни  ерекшелігіне  қарамастан  тең  құқыққа  ие 

екендігін мойындады.

Тәуелсіздік  жылдарында  діни  институттар  саны  көбейіп, 

сонымен  бірге  сапалары  жетілуде.  Сарапшылар  мәліетіне 

сүйенсек,  80-ші  жылдардың  ортасындағы  жағдайға  қарағанда 

қазір  індарлар  саны  20-25-тен  60-65%-ға  артқан.  Мұсылман 

және  православие  христиандарының  діни  бірлестіктері  жалпы 

діндарлардың  90-нан  аса  пайызын  құрайды.  Елде  8  жоғары  ( 

оның  ішінде  2  исламдық,  1  католиктік,  1  лютерандық,  4 

протестанттық),  6арнаулы  орта  және  3  жалпы  білім  беретін 

245



рухани  оқу  орындары  бар.  Осы  таңда  республикада  20  елден 

келген  400-ге  жуық  шет  елдікмиссионерлер  жұмыс  жасауда. 

Алайда,  миссионерлердің  ісі  мен  әрекеттеріне,  олардың 

бағдарламаларына Ұлттық қауіпсіздік мәселесіне сай құқықтық, 

ғылыми  және  өркениеттік  мәндегі  сараптамалар  жасау  қажет 

екендігін айту қажет [4: 49].

Қазақстанға 

сырттан 


этно-діни 

экстремизм 

мен 

радикализмнің  әртүрлі  нысандарының  кіруі  әлуетті  қауіп 



туғызады.  Қоғамда  орын  алып  отырған  әлеуметтік  және 

тұрмыстық  жергілікті  проблемалар  да  этностық  рең  алып  кетуі 

мүмкін.  Жас  ұрпақты  тәрбиелеу  жұмысында  жіберілген 

қателіктер  көпұлтты  Қазақстан  халқының  этносаралық  және 

мәдениетаралық 

төзімділік 

дәстүріндегі 

сабақтастықтың 

бұзылуына  қауіп  туғызуы  мүмкін.  Осы  және  өзге  аспектілер 

мелекеттің  де,  сондай-ақ  бүкіл  қоғамның  да  тарапынан  жіті 

назар аударуды талап етеді.

Діндердің  бейбіт  өмір  сүруі,  экстремизмнің  таралуына 

қарсы  әрекет-Қазақстанның  ішкі  және  сыртқы  саясатының 

басты мәселелері.       

Адамгершілік  құндылықтарға  бағытталған  дінаралық 

диалогтың  негізінің  бірі 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет