ХІХ ғ. АЯҒЫ МЕН ХХ ғ. БАСЫНДАҒЫ МҰСЫЛМАНДЫҚ
ҚОЗҒАЛЫС
234
Ержанова М.С.
Қазақ ұлттық аграрлық университет, Алматы қ.
meruert_--_82@mail.ru
Еліміздің
өмірін
түбегейлі
өзгерткен
Қазақстанның
тәуелсіздік алуы өткен ғасырдың 90-шы жылдарының тарихта
орнығуына да көп уақыт өте қойған жоқ. Осы аз уақыт ішінде
тарих ғылымы бұрынғы кеңестік идеологиялық қыспақтан
арылып, Отандық тарихта жеткілікті зерттелмей жатқан тарихи
тұстарын жаңа көзқарас тұрғысынан қайта зерттеуді қолға
алып отыр. Бүгінгі Қазақстанның тәуелсіздігі қазақ халқының
ғасырлар бойғы ұлт – азаттық күресінің жемісі. ХХ ғасырдың
алғашқы ширегінде қысқа тарихи мезгілде халқымыздың
тағдырына орай жүздеген талантты қазақ зиялылары өмірге
келіп,
қоғамдық
тіршіліктің
барлық
саласына
белсене
араласып, өз елінің өмірін қайта жаңғыртуға даяр екендігін
айқын таныта білді. Сана мен сезімнің шиеленісі жағынан бұл
ерекше дәуір болды. Осы тарихи дәуірдің бір ерекшелігі ХІХ ғ.
аяғы мен ХХ ғ. басындағы қазақ халқының саяси оянуына үлкен
ықпал жасаған шартты түрде «мұсылмандық қозғалыс» деп
аталатын Ресей империясының мұсылман этностарының
отаршылдыққа қарсы, сонымен қатар прогресшілдік бағытта
бірлесіп қимыл әрекеттер жасауды көздеген рухани қозғалыс
болды.
Мұсылмандық
қозғалыстың
түркішілдік,
ұлттық
идеялармен, басқа да саяси ағымдармен өзара байланысы,
оның Қазақстан тарихындағы ерекшеліктері ғылыми-танымдық
және қоғамдық тәжірибе тұрғысынан аса жоғары. Себебі, қазіргі
әлемдегі рухани, идеологиялық үрдістерде ислам факторының
ықпалы айтулы. Сол сияқты Қазақстан зайырлы мемлекет бола
тұра, ислам діні мен мұсылмандық феномендердің маңызын
жоққа шығармайтынын, отарсыздану (деколонизация) үдерісі
мазмұнында ХХ ғ. бас кезіндегі ұлт зиялыларының бауырлас
мұсылман халықтардың қайраткерлерімен бірігіп, ынтымақ
орнатып
күрескені
тәуелсіздік жолындағы жалғыз жол
болғандығы ретінде қарастырылуы қажет.
ХІХ ғ. екінші жартысында 1845 жылы құрылған Орыс
географиялық
қоғамының
қазақ
халқының
әлеуметтік-
экономикалық жағдайын зерттеудегі алатын орны ерекше. Бұл
қоғамның
бөлімдерін
Қазақстанда
ашу және жергілікті
жерлердегі оның ғылыми орталықтарының жұмыс істеуі
еліміздің территориясын, оның табиғи ресурстарын зерттеуде
235
нақты мағұлматтар беретіні сөзсіз. Оған В.И.Терентьев пен
Г.Е.Катанаевтың
және
П.П.
Семенов–Тян–Шанский,
И.В.Мушкетов, Л.С.Берг, А.И.Пыпинның [1] еңбектеріндегі
ғылыми-зерттеулерді
жатқызуға
болады.
Мұндағы
П.П.Семенов-Тян-Шанскиидің зерттеулері Ресейдің шеткері
аймақ
халықтарының
әлеуметтік-экономикалық
жағдайын
зерттеуде орыс географиялық қоғамының ғылыми жолының
басталуына жол салып берсе, И.В.Мушкетов өз әріптестерін
өлкенің тарихи ресурстарын зерттеуге бағыттады. Л.С.Бергтың
еңбектері табиғат пен адамзаттың үйлесімділігіне арналды
және ол орыс географиялық қоғамының 100 жыл бойы атқарған
жұмыстарын
қортындылаған.
Осы
еңбектердің
ішінде
төңкеріске дейінгі Қазақстанның қоғамдық өміріндегі әлеуметтік
тұрмыстық
жағдайы
мен
шаруашылық
құрылымы
А.И.Пыпинның еңбектерінде зерттелген.
Ресейдің осындай ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуі
нәтижесінде қазақ халқын миссионерлік жолмен отарлау
мақсатында жұмыс атқарумен айналысқан ғалымдар да пайда
болды.
Осы
мақсатты
көздеген
Н.И.Ильминский,
Н.И.Остроумов, А.Е.Алекторов [2] сынды миссионерлердің
еңбектері
үлкен
мәселеге
айналды.
Бұл
ғалым-
миссионерлердің ұсыныстары негізінде қалыптасқан Ресейдің
ресми саясаты, мұсылман түркі халықтарының дінін, тілін және
дәстүрлі әдет-ғұрпын толық жойып, жергілікті халықты
орыстандыру
арқылы
шоқындыруды
көздеген
болатын.
Миссионерлік іс – отарлау саясатының бір түрі. 1865 жылы
құрылған
«Далалық
комиссия»
құрамына
ішкі
істер
министрлігінің және Орынбор мен Батыс Сібір генерал-
губернаторлықтармен
бірге
православия
дініндегі
миссионерлер де кірген. Бұл комиссияның алға қойған
мақсаттары екі мәселеден тұрды деп айтуға толық негіз бар.
Өйткені оның бірі қазақтарды саяси-әкімшілік тұрғыдан
басқаруда 1867-1868 жылдардағы Уақытша ережені енгізу
болса, екіншісі, саны жағынан аз қазақ халқын православие
дініне ендіру, яғни шоқындыру арқылы орыстандыру мақсаты
көзделді.
Қазақ халқын шоқындыру арқылы жою жолында бірінші
болып еңбек еткен миссионер-ғалым Н.И.Ильминский болды.
Қазақтарға християн дінін қабылдату жолында одан кейінгі
орында П.И.Остроумов тұрды. Ол негізінен ислам дінін
зерттеумен
айналысты.
Оның
еңбектерінің
барлығы
миссионерлік мақсат тұрғысында жазылды. Әсіресе, қазақ
мектептерінде орыс тілін оқыту арқылы миссионерлік жолды
236
іске
асыруға
болатындығын
дәлелдеуге
ұмтылған
Е.А.Алекторовтың еңбектері ХІХ ғасырдағы қазақ мектептері
мен медреселерінің жандануына кері әсер етті. Осы
ғалымдардың еңбектері нәтижесінде Патша үкіметі қазақ
даласындағы мектептерді қадағалауға алды және мұсылманша
оқытуға тиым салып, 1870 жылы реформа қабылдады.
Жалпы Қазақстандағы қоныстандыру саласында қызмет
атқарған
жылдарында
алған
тәжірибесі
нәтижесінде
қазақтарды қалай шоқындыру жайында ғылыми еңбектер
жазған Е.Елисеев [3] миссионерлік жұмысты дамытудың
бірнеше әдіс-тәсілдерін ұсынды. Бұл тәжірибелік жұмыстар
негізінен мордва, шуваш, халықтарының шоқыну тарихынан
ұқсастық іздейді және миссионерлік қызмет арқылы осы іске
асыруға болатындығын орыс миссионерлері жақсы түсінді.
Негізінен қазақ даласында шоқындыру саясаты 1862-1917
жылдар аралығында жүргізілді.
Патша
үкіметі
өзінің
қоластындағы
түркі
тілдес
халықтардың ең бірінші тілі мен дінін жоя отырып, оларды
мүлдем этнос ретінде келешекте тарихтағы орнын жоқ етуді
көздеді. Қазақстанның даму тарихын 70 жыл бойы Кеңестік
идеология негізінде бұрмалап, оның ішінде мұсылман
халықтарының діні мен өзара байланысын ұмыттыруға
тырысса да, тарихи жағынан тағдырлас әрі көршілес мұсылман
халықтарының
қоғамдық-саяси,
әлеуметтік-экономикалық,
олардың мәдени байланыстарымен өзара ықпалдасуын жоққа
шығару мүмкін емес еді.
Мұсылмандық қозғалыс Қазан төңкерісінің бұрынғы
кезеңде орыс авторларының тарапынан белгілі деңгейде
зерттеле басталғанымен, көбінесе субъективтік тұрғыдан
қаралып, ал империялық саясатты қолдап отырған зерттеуші
өлкетанушылар оны өрескел бұрмалауға ұшыратты. Мысалы,
Н.Остроумов,
Н.Ильминский
сынды
орыс
қаламгерлері
жәдидизмді орыс билігіне аса қауіпті құбылыс екенін дұрыс
пайымдау арқылы оны «фанатизм», «кертартпалық» деп
көрсетуге тырысып бақты. Башқұрт ғалымдары А.Вильданов
пен
М.Фархшатовтың
[4:93]
еңбектерінде
мұсылман
халықтарының
мәдени
өресіне
өкіметке
арқа
сүйеген
қадымшылдар шұғыл әрі табанды қарсы тұрғандығы айтылған.
Ал, патша өкіметі болса түрік халықтарының ұлттық таңдауға
деген талабына саяси сепаратизм ретінде қарады. Бірақ
самодержавияның
репрессиялық
шаралары
мұсылман
халықтарындағы
жаңаруға
бағытталған
табиғи
процесті
тоқтатуға
мұршасы
жетпегендігін
нақты
деректермен
237
дәйектеген. Бұл тұжырымдар ХІХ ғасырдың екінші жартысында
барлық мұсылман халықтарының арасындағы байланысын өз
мемлекеттілігін алуға ұмтылыс жасау әрекеті болғандығын
дәлелдей түседі.
Сол сияқты мұсылмандық қозғалыс жайлы айтқанда
ресми тарихнамада бірге айтылып келген «панисламизм» мен
«пантүркизм» мәселесін айтпай кету мүмкін емес. Әсіресе
кеңестік тарихнаманың 1920-1930 жж. жазылған еңбектерде
мұсылмандардың саяси азаттық жолындағы барлық тарихи
әрекеттерін айыптау, оларды кертартпалық «буржуазиялық
ұлтшылдық», сол сияқты панисламизм және пантүркизм
айдарларын тағу арқылы «әшкерелеу» кеңінен орын алды. Осы
тұрғыдан алғанда Л.Климовичтің «Ислам в царской России»,
А.Аршаруни мен Х.Габидуллинның «Очерки панисламизма и
пантюркизма в России» [5] сынды еңбектері осы сарында
жазылған. Кеңестік философтардың кейінгі буындары да
жалпы мұсылмандық қозғалыс пен Алаш зиялыларының
көксеген мақсаттарын бұрмалап келді [6]. Ағарту саласының
бір ағымы болып қалыптасқан мұсылмандық, ұлттық идеялар
ХХ ғасырдың басында қазақ зиялыларының еңбектерінде ашық
айтылды. 1956 ж. Кеңес орталық коммунистік партияның «Жеке
басқа табыну мен оның зардаптарын жою туралы» қаулысы
шыққанымен,
Алаш
зиялыларының
қызметі
мен
мұраларындағы ұлттық идея мен қазақ халқының тағдырын
ақтау жөнінде еш нәтиже бермеді. 1989 жылы Кеңес үкіметінің
ресми түрде ыдырауы ғана Алаш қозғалысы тарихын жаңа
сапалық деңгейде, объективті тұрғыда жаңаша зерделеуге
мүмкіндік
берді.
Осы
жылдың
шілдесінде
Қазақстан
Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің жанындағы Партия
тарихы институтында «Алашорда: пайда болуының, қызметі
мен күйреуінің тарихы» деген тақырыпта пікір алысу
ұйымдастырылып, тарихшы ғалымдар өз ойларын ортаға
салды [7]. Осындай жүйелі ғылыми жұмыстардың нәтижесінде
Алаш қозғалысына қатысты түпнұсқа деректері, жаңа көзқарас
негізінде ғылыми айналымға енгізілді. Әсіресе, Алаш партиясы
мен Алашорда үкіметінің, оның жетекшілерінің қызметіне
тұжырымдар мен қорытындыларды алғашқылар болып енгізген
тарихшы-ғалымдар М.Қозыбаев, Д.Аманжолова, К.Нұрпейіс,
М.Қойгелдиев,
Т.Омарбеков
[8]
болып
табылады. Бұл
авторлардың еңбектері алаштану мәселелерін талдауда бірін-
бірі толықтырып тұрған зерттеулер.
Бүгінгі
таңда
аталған
тарихшы-ғалымдардың
еңбектеріндегі бұрын-соңды айтылмаған тың деректері құнды
238
болып, Отандық тарихнамада осы тақырыптағы зерттеулердің
алды
болып
табылады.
Сонымен
қатар,
онда
қазақ
қоғамындағы мұсылмандық қозғалыстың түрікшілдік идеясы
ХІХ ғ. аяғында патша өкіметінің отарлау саясаты мен ХХ ғ.
басында Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнатылуы кезеңіндегі
қазақ елінің келешек өмір сүру жолдарын нұсқауының саяси -
әкімшілік, қоғамдық - мәдени, әлеуметтік - экономикалық
жағдайын дамытудағы барысы болып табылады. Ондағы негізгі
мәселе
мұсылмандық
қозғалыстың
Қазақстандағы
ерекшеліктеріне байланысты өз алдына дербес мемлекет құру
жолында күрескен қазақ зиялыларының ортақ мүдделеріндегі
ұлттық идея және осы мақсаттағы Алаш партиясы мен оның
үкіметінің қоғамда атқарған қызметі мен алатын орны туралы
айтылған.
Мұсылмандық қозғалыстың проблемаларын бұрынғы
Кеңес Одағы кеңістігінде әсіресе татар, башқұрт, әзірбайжан,
өзбек,
тәжік
халықтарының
өкілдері
батыл
көтеріп,
«буржуазиялық
ұлтшылдық»
айдарынан
тазартып,
оны
ағартушылықтың белгілі бір сатысы деп бағалауға қол жеткізді.
Арнайы мұсылмандық қозғалысты терең зерттеген
қазақтандық
ғалым
С.Рүстемов
[9].
Жалпыресейлік
мұсылмандық қозғалысқа қазақ қоғамының тартылу себептерін
анықтауда
мұсылмандық
қозғалыстың
сипатына,
ерекшеліктеріне талдау жасаған кезде қазақ зиялыларының
оған
атсалысуын
дәйекті
көрсеткен.
Сонымен
қатар,
мұсылмандық қозғалысты Мемлекеттік думалардағы мұсылман
фракциясының қызметіндегі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік
мәселелерімен байланыстырған. Автор өз еңбектерінде ғасыр
басындағы қазақ қоғамының азаттық жолында қызмет атқарған
мұсылмандық
қозғалыс
тарихта
ерекше
орынға
ие
болғандығын айта келіп: «Түркі тілдес туыстас мұсылман
халықтарының әлеуметтік – экономикалық мәдени дамуын
барынша тежеп, пәрменді орыстандыру, сондай-ақ, шоқындыру
әрекеттеріне жол ашқан патшалық Ресейдің ХІХ ғасыр соңы
мен ХХ ғасырдың басында үдете түскен керітартпа, озбыр
отаршылдық саясаты мұсылмандық қозғалыстың шығуына
басты себеп болды», - деп тұжырымдалған.
Қазақ қоғамындағы мұсылмандық қозғалыс идеясының
пайда болуы және оның Қазақстан тарихындағы ерекшеліктері,
бірінші орыс революция жылдарында азаттық күреспен
ұштастырылды.
Бүкілресейлік
мұсылмандар
одағының
құрылуының тарихи кезеңдері ХІХғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы
қазақ халқының ағарту саласында орын алған мұсылмандық
239
қозғалыстың Қазақстандағы даму тарихы қазақ халқының
әлеуметтік-экономикалық
өмірін
тұрақтандыруға,
халық
шаруашылығының дәрежесін көтеруге бағытталды. Бұл тарихи
факторлар бір-бірінің туындауына себеп болғандығын түсіне
отырып, оларды ажыратпай тұтас алып қарастырсақ, одан
тәуелсіздік алу жолындағы қазақ халқының бірнеше тұрғыдағы
ұлттық идеясының бірігу мақсат-мүддесін көруге болады. Бұл
қазақ халқының қазіргі таңдағы елдік, тілдік, қазақилық,
патриоттық проблемаларын ашық жариялаудың шешімін табу
жолдарын қарастырудағы ескі үлгідегі көзқарастарға назар
аудартатындығы сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |