Адамзаттың асыл тәжі мұхаммед (с а. у.) пайғамбардың өмірі



бет43/107
Дата13.10.2023
өлшемі1,26 Mb.
#185222
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   107
Байланысты:
Adamzatty 1187 asyl t 1241 zhi 1
17.05.2021-ТОӨЖ-Авраев Е.М.-1күн, Педагогикадан тест дұрыс жауаптарымен
Раббыңды ұлықта.
Үсті-басыңды тап- таза ұста!
Әр түрлі (заттық және рухани) лас нәрселерден аулақ бол!
Істеген ісіңді міндетсініп, көпсінбе!» (Мүддәсир сүресі, 1-6)
Мұнан соң уахи бірінен соң бірі келіп, тіпті арасы жиілей түсті.
Аян ала бастаған соң Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) жаны жай тауып, рухани ләззатқа қауышты.
Ұлы Жаратушы көркем мінез-құлықпен безендіріп жаратқан сүйікті құлы Мұхаммедке (с.а.у.) пайғамбарлық міндетін жүктеу арқылы оның адамзат атаулының ең таңдаулысы екенін білдірді. Осылайша “Жаратылыстағы әрбір түрдің өз арасынан біреуін таңдап, үлгі етеміз, ол өзгелерге мақтаныш әрі өнеге болады” деген Аллаhтың тарапынан қойылған заңдылық Мұхаммед (с.а.у.) арқылы жүзеге асты.
Аллаһ Тағаланың мыңдаған есімдері арасында біреуі ең жоғары дәрежеге ие болатыны сияқты, асқан шеберлік туындылары арасында да біреуі ерекше жаратылып, толыққандылық сипатқа ие болады.
Толыққандылық сипат жанды тіршілік иесіне тән.
Жанды тіршілік иелері арасында саналылары ерекшеленері сөзсіз.
Ал саналылық адамға ғана тән.
Ал, адам баласының ішінде ақыл-ой, мінез-құлық жөнінен биікте – Мұхаммед (с.а.у.) тұрады.
Өйткені, Адам атадан бері осы күнге дейін ешбір тарих Оған тең келерлік пендені көрсете алмады, көрсете алмайды да. Ол жер жүзінің жартысын және адамзат баласының бестен бірін қамтыған қауымға рухани салтанат құрып, бір мың төрт жүз жыл бойы өнегесін өшірмей, ақиқат атаулының ұстазы саналып келеді.
Досы да, дұшпаны да мойындағандай, Ол (с.а.у.) парасаттылықтың ең жоғары дәрежесіне ие болған, пайғамбарлығының алғашқы күндерінде-ақ бүткіл әлемді аузына қаратқан. Әр минут сайын жүз миллиондаған адамдарды баураған Құран Кәрімді тікелей қабылдап алушы Ол әрине, пенделер арасында ең биік сатыда тұрары даусыз.


*****


Алғашқы мұсылмандар және олардың басынан кешкендері
V ТАРАУ


ЕҢ БІРІНШІ МҰСЫЛМАН – ХАЗІРЕТІ ХАДИША

Дүниенің сұлтаны Мұхаммед (с.а.у.) Хирадағы муғжизадан соң Аллаh тарапынан жүктелген қасиетті елшілік міндетін қабылдады. Ендігі жерде осынау ұлы әрі ауыр қызметтің талаптарын орындауға тиіс. Јзі өмір сүріп отырған ортада мұның оңай бола қоймасы анық еді.


Ол кезеңде Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) жалғыз өзі – бір бөлек, күллі дүниеден мүлдем алыста. Ол қалайда Аллаhтан алған әмір бойынша адамдарды жақсылыққа, иманға шақыруға тиіс.
Аллаhтың Расулы ақырзаманға дейін адамзатқа нұр шуағын төгетін асыл қызметіне қалай, қай жерден кірісу қажеттігін нақты жобалап алды.
Маңызды мәселені ең алдымен жан жары – Хазіреті Хадишаға ашып, сырласты. Хазіреті Хадиша еш күмәнсіз, бір ауыз сөзге келместен мойынсұнды да, жер бетіндегі тұңғыш мұсылман болу құрметін иеленді…
Расулаллаh Жебірейілден үйренгені бойынша Хазіреті Хадишаға дәрет алуды үйретті. Іле-шала періштенің көрсеткеніндей, өзі имам болып, зайыбына екі рәкат намаз қылдырды.
Бұл – пайғамбарымыздың имам ретінде оқытқан тұңғыш намазы, ол дүйсенбінің кешіне сәйкес келген.
Маңызды мәселені ең алдымен жан жары – Хазіреті Хадишаға ашып, сырласты. Хазіреті Хадиша еш күмәнсіз, бір ауыз сөзге келместен мойынсұнды да, жер бетіндегі тұңғыш мұсылман болу құрметін иеленді…
Расулаллаh Жебірейілден үйренгені бойынша Хазіреті Хадишаға дәрет алуды үйретті. Іле-шала періштенің көрсеткеніндей, өзі имам болып, зайыбына екі рәкат намаз қылдырды.
Бұл – пайғамбарымыздың имам ретінде оқытқан тұңғыш намазы, ол дүйсенбінің кешіне сәйкес келген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет