Content Aware Fill - толықтай автоматтандырылған суреттерді Жамау" құралы.
Puppet Warp құралы - қолданушылардың көптен күткен жаңалығы,
Adobe Photoshop CS5 нұсқасынан бастап енгізілді.
Mixer Brush Tool -бұл құрал цифрлық суретшілерге өте ыңғайлы жəәне олардың жұмысын жеңілдетеді.
Компьютерлік графика әр түрлі жарнама агенттігінде, әсемдеуші бюрода, редакция және баспаханаларда қолданылады. Графика арқылы өте күрделі суреттерді құрайды, электронды құжаттарда қолданады, объектілердің моделі мен құрылысын зерттейді. Компьютерлік графика өте қарқынды дамып келе жатқан ғылыми индустрия. Сондықтан компьютерлік графикамен жұмыс жасауды кез - келген пайдаланушы білуі керек. Графикалық программалар ішінен Adobe Photoshop программасы – графикалық және мультимедиялық программаларды өңдеуде 17 тілде танылған және 215 халықаралық жетістікке жеткен 70 мемлекетте қолданылатын программа.
Бүгінгі таңда бұл бағдарлама суретшілердің, фотографтардың және дизайнерлердің қолданысына ие. Бағдарламаның алғашқы түпнұсқасын ағайынды Томас және Джон Нолл жасаса, қазіргі уақытта өңдеушілердің саны 41 болып тұр. Томас түстер мен оларды коррекциялау негіздерін үйренсе, Джон компьютермен әуестенген. 1984 жылы Макинтоши маркасындағы компьютердің функционалдық мүмкіндіктері ағайындылардың көңілдерінен шықпады. Бұл болашақта миллиондаған доллар пайда әкелетін программаның шығуына себеп болды.
Осы уақыттан бастап Томас пен Джон графика мен компьютерді байланыстырып, компьютерлік графиканың программасын құра бастады. Программаның дамуына ықпал жасауға инвесторлар іздестірді. Photoshop деп аталудың нақты себебін ешкім білмейді. Сол уақыттарда программалық жабдықтарда экранда «Photoshop» жазуы тұруына байланысты қойылған деген болжам бар.