Афферентті иннервацияға әсер ететін заттектер


Бейорганикалық тұтқыр заттардың фармакологиялық әсерлері



бет10/12
Дата08.02.2022
өлшемі237,75 Kb.
#120009
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Афферентті иннервацияға әсер ететін дәрілік заттар.
Афферентті иннервацияға әсер ететін дәрілік заттар.

Бейорганикалық тұтқыр заттардың фармакологиялық әсерлері:

  • 1) тұтқыр; бұл кезде аталған металлдардың тұздары аз концентрацияда тұтқыр, ал жоғары концентрацияда күйдіргіш әсер көрсетеді;
  • 2) қабынуға қарсы; бұл әсер патологиялық процесс тудыратын рефлекстерді шектеумен байланысты;
  • 3) ауыру сезімін басатын;
  • 4) детоксикациялайтын.
  • Қолдануға арналған көрсетімдер:
  • ауыз қуысының сілемейлі қабатының қабынуында, әртүрлі генезді стоматиттерде, гингивиттерде шаю, шашу, жағу, себу арқылы қолданады.
  • Күміс нитраты (ляпис) – 30%-дық ерітіндісін тістің қатты ұлпаларының гиперестезиясын емдеу үшін қолданады.
  • Қатты ұлпалардың органикалық заттарымен қосылғанда қою альбуминаттар пайда болады. Сол альбуминаттар тістің ұлпаларын тітіркендіргіш заттардан қорғайды. Бұны қолданғанда тістер қара түске бояланады.
  • Мыс сульфаты: гипертрофиялық гингивитті емдеу үшін антисептик және тұтқыр зат ретінде 5-10%-дық ерітіндісін клиникалық қалталарға аппликация жасайды.
  • Висмуттың негізгі нитраты пульпиттерді емдеу үшін қолданатын пасталардың ішіне негізгі зат ретінде кіреді.
  • Қорғасын ацетатын ауызды шаю үшін 0,25-0,5%-дық ерітіндісін қолданады.
  • Мырыш тотығы – 30%-дық ерітіндісін тістің қатты ұлпаларының жоғары сезімталдығын жою үшін қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет