Афферентті иннервацияға әсер ететін заттектер



бет4/12
Дата08.02.2022
өлшемі237,75 Kb.
#120009
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Афферентті иннервацияға әсер ететін дәрілік заттар.
Афферентті иннервацияға әсер ететін дәрілік заттар.

Кокаин

  • улылығы жоғары препарат және науқастарда дәріге тәуелділікті тудыруға қабілетті (психикалық).
  • Кокаиннің тиімділігіне қарамастан, жоғары улылығына байланысты медицинада қолданылуы шектеулі
  • Кокаинды тістің пульпасын некроздауға (девитализация) арналған күшән (мышьяк) пастасының құрамына қосып пайдалануға болады.
  • Резорбтивті әсер еткен кезде кокаин ОНЖ ширақтырады (эйфория, мазасыздық, психомоторлы қозу, шаршағыштық сезімі, галлюцинация белгілері байқалуы мүмкін).

Тетракаин (дикаин)

  • – өте күшті препарат (кокаиннен 10 есе күштірек)
  • Улылығына байланысты тек қана терминалды анестезияда қолданады:
  • тістің қатты тіндерін анестезиялауда қолданылатын күшән (мышьяк) пастасының, Платонов сұйықтығының құрамына кіреді, 2-3% ерітіндісін тісжегіні және пульпитті емдеу кезінде анестезиялау үшін қолданылады.
  • Жанама әсерлер: тамырларды кеңейтеді, сондықтан оны адреномиметиктермен (мысалы адреналинмен) бірге қосып тағайындаған жөн;
  • сілемейлі қабат арқылы жақсы сіңеді, сондықтан терапиялық мөлшерді сәл ғана жоғарылатса улы әсері ауыр (ОНЖ-ге, тыныстың әлсіреуіне, пульстің сиреуіне, көздің көруінің нашарлауына, өлімге дейін әкеп соқтырады) болады. Балалардың сілемейлі қабаттарының босаңқы болуына байланысты ауыр улы әсерлерге әкеп соқтырады (сондықтан 10 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды).
  • Анестопульпа деген күрделі препараттың құрамында тетракаин бар. Ауруды басатын компресс ретінде тісжегіні емдегенде қолданылады.
  • Перилен ультра – негізінде тетракаины бар анестезиялық препарат, екі әсер көрсетеді: анестезиялық және антисептикалық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет