Ахметжанов о. Н. Жануарлардың КӨз аурулары оқу құралы семей, 2012 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет6/147
Дата06.02.2022
өлшемі7,92 Mb.
#79188
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   147
Байланысты:
7e7b7439-84b7-11e3-9ea3-f6d299da70eeкоз-3

Қасаң қабық – (cornea) қалыпта мөлдір, жылтыр және өте тығыз. Ол фиброзды қабықтың 1\6 ғана құраса, 5\6 бөлігі ақ қабыққа тиісілі. Көптеген жүйке талшықтары бар. Ал қан және лимфа тамырлары жоқ. Ол өзінің көптеген торша аралық саңылаулары арқылы көздің алдыңғы камерасы сұйығымен диффузия көмегімен және конъюнктива жиегінің ұсақ қан тамырларының ілмектері арқылы қоректенеді. Жүйке жүйесін қасаң қабықтың эпителий қабатында орналасқан үштік жүйкенің тармағы болып табылатын алдыңғы кірпікті дене жүйке талшықтары құрайды. Қасаң қабық сиыр мен жылқыда көздің сыртқы бұрышына қарай сәл созылыңқы, тік диаметрі көлденең диаметрінен қысқа, элипис пішінді. Ал басқа жануарларда домалақ. Шөп қоректі жануарларда көздің қасаң қабығының орта тұсы жұқа, ал ет қоректі жануарларда оның ортасы шет жағына қарағанда қалыңдау болады. Қасаң қабықтың шет жағы біртіндеп ақ қабыққа ұласады. Осы тұста жартылай мөлдір шеңбер бар, ол «лимбо» деп аталады. Гистологиялық құрылымы бойынша көздің қасаң қабығы 5 қабаттан тұрады. Олар: эпителий қабаты, бауменов қабаты, негізгі қабат, десцеметов қабаты және эндотелий қабаты.
Эпителий қабаты – көп қабатты жалпақ эпителий торшаларынан тұратын сыртқы қабат. Көздің конъюнктивасының эпителий қабатымен ұласады. Ол өте тез және толық қалпына келу (регенерация) қасиетіне ие бола отырып, қасаң қабықты механикалық әсерлерден қорғайды.
Боуменов қабаты - эпителий қабаты астында орналасқан жұқа қабат. Бұл қабат жылқы мен шошқаның көзінің қасаң қабығында жоқ. Торшасыз, тығыз, аз майысатын, қайта қалпына келу қасиеті жоқ қабат. Ол қасаң қабықтың пішінін сақтап тұру қызметін атқарады.
Негізгі (строма) қабат – қасаң қабықтың ең қалың қабаты. Ол қасаң қабықтың 90% құрайды. Бұл қабаттың негізі фибрилл талшықтарынан тұрады және оның арасында мүйізгек торшалы аралдар орналасқан.
Десцементов қабаты - эндотелий қабатының үстіндегі өте жұқа қабат. Ол эндотелий қабатынан түзіледі. Мөлдір, майысқақ және жақсы қалпына келеді.
Эндотелий қабаты – қасаң қабықтың ішкі қабаты. Оның шет жағы түсті қабыққа ұласады.
Қасаң қабықтың бұл қабаттары тығыз қабаттасып, бір – біріне ауыса отырып, мөлдір, майысқақ, жарық сындыру қасиеті бар біртұтас қабық түзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   147




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет