Ақынова Л. А. Оқушылардың физиологиялық дамуы


Жоғарғы жүйке әрекетінің типтері



бет34/106
Дата06.02.2022
өлшемі0,95 Mb.
#80790
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   106
Байланысты:
Тезис дәріс ОФД

Жоғарғы жүйке әрекетінің типтері
Шартты рефлекстердің пайда болуы әр адамның жоғарғы жүйке әрекетінің және жеке басының жүйкелерінің қасиеттеріне байланысты.Әр адамның жүйке жүйесінің тұқым қуалаған жеке қасиеттерімен өмірден алған тәжірибесін сыртқы ортадан алған мағлұматын, мінез құлықтарын жоғарғы жүйке әрекетінің топтары деп жинақтайды.
И. П. Павлов жоғарғы жүйке әрекетінің топтарын ми қыртысындағы қозу мен тежелудің негізгі үш қасиетіне байланысты төрт топқа бөлді. Ол қасиеттер: Қозу мен тежелудің күші, теңдігі және алмасуы.
Қозу мен тежелудің күші деп ми қыртысындағы олардың өту дәрежесін айтады, негізінен алғанда, ол ми қыртысындағы нерв клеткаларының қызмет қабілеті. Кейбір адамдардың миындағы нейрондардың жұмыс қабілеті жоғары болып кейбіреулерде төмен және нашар болады. Соған байланысты қозу мен тежелудің күшін Павлов күшті және әлсіз деп екіге бөлген.
Қозу мен тежелудің ми қыртысындағы теңдігі деп олардың бір-біріне қатынасы мен даму дәрежесін айтады. Кей адамда олар бірдей дамыған, ал енді біреулерде не қозуы не тежелуі басымырақ болады. Сондықтан қозу мен тежелудің теңдігін тең және тең емес деп екіге бөлген.
Қозу мен тежелудің алмасуы деп олардың бір-біріне ауысу жылдамдығын айтады.олардаң алмасуы жылдам немесе баяу болуы мүмкін.
Қозумен тежелудің ми қыртысындағы осы қасиеттеріне қарай И.П. Павлов жануарларда жоғарғы жүйке әрекетінің 4 түрі топтарын атаған.

  1. Күшті ұстамсыз қозуы тежелуден басым топ.

  2. Күшті қозу мен тежелуі тең, алмасуы ширақ топ.

  3. Күшті қозуы мен тежелуі тең, алмасуы баяу топ.

  4. Әлсіз топ, ми қыртысының нерв клеткаларының қызмет қабілеті төмен қозуы нашар дамыған, тежелуі басым.

Ұстамсыз, немесе күшті, теңгерілмеген нұсқа - қозу мен тежелу процестерінің күшінің жоғарылығымен, қозудың тежелуден басымдылығымен сипатталады. Бұл нұсқа холерик темпераментіне сәйкес.
Ширак, немесе күшті, теңдескен, жылжымалы нұсқада қозу мен тежелу процестерінің күші жеткілікті әрі шамалас болады және бір процесс екіншісіне оңай алмасады. Бұл нүсқа өкілдері сыртқы орта жағдайларына шапшаң бейімделеді. Адамда бұл нұсқа сангвиник деп аталады.
Инертті, немесе теңдескен, тоқыраңқы нұсқа өкілдерінде жүйкелік процестердің күші жеткілікті болады, бірақ олар бір-біріне баяу ауысады, оларға тоқырағыш сипат тән. Мұнда й нұсқа өкілдерінің сыртқы әсерлерге жауабы әлсіз, баяу келеді, сондықтан олар қоршаған ортада байқалатын шапшаң өзгерістерге нашарырақ бейімделеді. Бұл нүсқа флегматик темпераментіне сәйкес
Әлсіз нұсқа өкілдерінде қозу және тежелу процестері нашар дамиды. Олардың сезімталдығы жоғары болғанымен, жұмыс қабілеті, төзімділігі төмен келеді және олар сыртқы орта жағдайларына нашар бейімделеді, қорқақ, жасқаншақ болады. Бұл нүсқа меланхолик темпераментіне сәйкес келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет