Ақынова Л. А. Оқушылардың физиологиялық дамуы


Болмыстың екі сигналдық жүйесі. Олардың бір-бірімен байланысы



бет35/106
Дата06.02.2022
өлшемі0,95 Mb.
#80790
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   106
Байланысты:
Тезис дәріс ОФД

Болмыстың екі сигналдық жүйесі. Олардың бір-бірімен байланысы
Адам баласының ми қыртысының жануарлардың ми қыртысынан айырмашылығы бар. Дегенмен, жануарлар мен адамдар үшін нақтылай әсерді және көз, құлақ т.б. организмнің сезгіш рецепторлары арқылы келетін сыртқы ортаның көріністерін талдау (анализ) мен талқылау (синтез) екеуінде бар ортақ қасиет И. П. Павлов сыртқы ортаның табиғи әсерлерін сигналдар деп атайды. Сол сигналдарды және оларды қабылдауға қатысатын мүшелер жүйесін 1 сигнал жүйесі деп, ал сол сигналдардың сөзбен белгісін "сигналдың сигналы " деп атады. Еңбектің және әлеуметттік дамудың нәтижесінде адамда сөз сигналдарына, сөйлеуге байланысты жай сигналдарды сөзбен белгілеу және оны қабылдау қабілеті дамыған. И. П. Павлов "сигналдың сигналын " қабылдауға қатысатын мүшелер жүйесін және сөйлеу , сөзге байланысты ойлау қабілеттерін 2-ші сигнал жүйесі деп атайды. Жануарларда тек 1-ші сигнал жүйесі бар. Кейбір құстардың (тоты құс, қараторғай) жеке сөздерді айту қабілеті және олардың мағынасын түсіну (иттерде) қабілеті сол 1-ші сигнал жүйесінің қызметіне жатады, өйткені олар сөзді қарапайым дыбыс сигналы ретінде қабылдайды. Ал адамда екі сигнал жүйесі де бар.
Ми қыртыстарында 1-ші сигнал жүйесіне байланысты баланың уақытша нервтік байланыстары туғаннан кейін бірнеше күннен бастап-ақ қалыптасқаны байқалады. Сәбидің өмірінің 7-10 күндерінде алғашқы шартты рефлекстері қалыптаса бастайды. Ал екінші сигнал жүйесінің даму белгілері нәресте жарты жастан пайда болады. Сөздің мағынасын нәресте ерте түсіне бастайды, сондықтан оны дамыту үшін нәрестемен сөйлесу қажет. Жаңа туған баланы емізгенде, киімін ауыстырғанда, қасына келгенде сүйіспеншілікті көрсетіп, алғашқы күндерінен бастап сөйлесуге болады. Бұл екінші сигнал жүйесінің дамуына жақсы қозғаушы әсер. Сөз пайда болуы ми қыртысының әрекетіне жаңа негіз болды. И. П. Павловтың айтуынша, сөз адамның өзін қоршаған ортасына бейімделуінің және өзін-өзі тануының құралы болады. Олай болса , екінші сигнал жүйесінің адамның дамуы сыртқы ортамен байланысы, оларды мезгілінде тануы үшін маңызы зор. Өйткені екінші сигналдық жүйе адамның әлеуметтік өмірімен тығыз байланысты және оның қоршаған ортамен қарым-қатынасының күрделі нәтижесі. Қоғамсыз 2-ші сигнал жүйесі дамымайды. Ал адам тек қоғамда ғана басқа адамдармен араласудың нәтижесінде ғана жеке тұлғаға айналады. Жұрт пен араласу арқылы балалар өз мінез құлықтарының, өздерінің іс әрекетін, бағытын анықтайды. Баланың өзі үшін істегендерінің бәрі басқалары үшінде жасалады. Тіпті оның өзінің ойы бойынша мүлде басқаша істеу керек болсада ол ісін орындайды. Сөйтіп ол оқиды, еңбек етеді, бірдеңелердің орындалуына көмектеседі немесе керісінше кедергі жасайды. Қазіргі психологтардың тұжырымы бойынша өзінің мені жайлы қалыптасқан баға басқаларды көріп өз ісін бағалаудың нәтежиесі. Сөзді адам жеке дыбыс ретінде емес, түсінік ретінде, яғни дыбыс тітіркендіргіші ретінде емес, түсінік ретінде қабылдайда, яғни мәнді мағына ретінде түсінеді. Айталық балада ыдыс деген сөзге шартты рефлекс кесені көрсеткенде тудырса, ал кейіннен оны тостаған деген сөзбен ауыстырса, онда синоним сөз алғашқыдағыдай шартты рефлекторлы әрекетті тудырады. Сол сияқты ұқсас дыбысты әке сөзімен әпке сөздерін пайдаланғанда тек алғашқы 1-ші сигналдық ретінде ғана бала оларды шатастырадыда, кейіннен дұрыс айыратын болады. Мұндай ұқсас дыбысты сөздерге балада ажырату шартты рефлексі оңай пайда болады.
Адамның жекелеген топтар жүйесінің негізі етіп, И. П. Павлов 2 сигналдық жүйенің күш қатынасын алған. Мысалы, сигналдық мәліметтер болғандығын негізге алсақ, 2 сигнал жүйесі арасындағы мәліметтің берілу тәртібіне байланысты адамның топтарын төртке бөлуге болады :
Бірінші топта 1-ші сигналдық жүйеден 2-шіге және , керісінше, 2-шіден 1-шіге мәлімет жеңіл өтеді.
Екінші топтағы адамдарда мәлімет қиын өтеді.
Үшінші топтағы адамдарда 1-ші сигналдық жүйеден 2-шіге мәлімет бөгеліп
беріледі.
Төртінші топтағыларда, керісінше , 2-ші сигналдық жүйеден 1-шіге бөгеліп өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет