Элита» термины француздың «elite» деген сөзінен шыққан, сұрыпталған, таңдалған, іріктелген деген мағынаны білдіреді. 18 ғасырдан бастап ол сөзбен жоғары сапалы товарларды атады. 20 ғасырдан бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі, байлығы, беделі, билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді. Б.з.д.430 жылдың өзінде Ежелгі Грекияның белгілі саяси қайраткері Перикл: «Саясатты аз ғана адамдар жасайды, алайда ол жөнінде бәріде пікір айтады» деген екен. Элитарлық теорияны көзқарастар жүйесі ретінде 20 ғасырдың басында италия ғалымдары Г.Моска, В.Парето, неміс ғалымы Р.Михельс және т.б. қалыптастырды.
Гаэтано Моска (1854-1941жж) элита теориясын «Саяси ғылым негіздері» (1896ж) деген еңбегінде негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен басқарылушыларға бөлінеді деді. Оның ойынша, әскери ерлік, байлық, діни дәреже (мәртебе) – осы үш қасиет адамға басқарушылар (элита) қатарына кіруге есік ашады деген.
«Элита» терминін ғылыми айналымға енгізген Вальфредо Парето (1848-1923жж). «Жалпыға бірдей социология трактатында» (1916ж) ол «элиталардың айналу» теориясын жасады. Яғни,ол бір элита екіншіні алмастырып, жаңарып, қоғамды алға жылжытып отырады деген. Демократия” деген сөз (грек тілінде –демос – халық, кратос- билік ) халық үкіметі, халық билігі дегенді білдіреді. Дегенмен, ерте замандардан бастап, қазіргі уақытқа дейін демократияның мазмұны жөнінде талас тоқталмай келеді. Әр түрлі авторлар демократияны жекелеген құрамдас бөліктеріне, мысалы, көпшіліктің билігіне, оны шектеуге және оған бақылау жасауға, азаматтардың негізгі құқықтарына, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттікке, биліктің бөлінуі, жалпыға бірдей сайлау, жариялылық, әр түрлі пікірлер мен көзқарастардың тайталасына, плюрализмге, азшылықтың мүдделерін қорғау, теңдік, бірге қатысу т.б. назар аударады.
“Демократия” термині мағынасының эволюциясымен көпқырлылығы адамзат қоғамының дамуы мен байланысты. Монархтар мен аристократтардың басқаруымен салыстырғанда, демократия алғашқыда, азаматтардың тікелей басқаруы ретінде қарастырылды.
Демократиялық дамудың қазіргі кездегі теориясы мен тәжірибесі демократиялық режимдердің негізгі екі типін ажыратады: Элитарлы-демократия және әлеуметтік демократия режимі.
Элитарлы-демократиялық саяси режим ең алдымен, формальды –құқықтық бастамаларға, нақты айтқанда демократиялық институттар мен билікті жүргізу тәртібіне негізделеді. Онда азаматтар биліктің демократиялық институттарын қалыптастыруға қатысады, алайда мұнымен олардың билік жүйесіне ықпалы шектеледі. Азаматтардың басым көпшілігі саяси шешімдер қабылдау процесіне әсер етуден шеттетіледі, өйткені, олар саяси процеске және мемлекеттік билікке нақты ықпал ететіндей жағдайда емес.
Биліктің элитарлы-демократиялық жүйесі жағдайында элитарлы саяси күштердің бақталастығы шынайы қоғамдық проблемалардың шағын ортасына салыстырмалы түрде қозғау салады; негізгі мәселелер бойынша олардың бірлігі мен келісімі жеке сипаттағы айырмашылықтан басым болады.