Ақынова Л. А. Оқушылардың физиологиялық дамуы


Тақырыбы: Ас қорту жүйесінің жасқа сай анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктері



бет64/106
Дата06.02.2022
өлшемі0,95 Mb.
#80790
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   106
Байланысты:
Тезис дәріс ОФД

Тақырыбы: Ас қорту жүйесінің жасқа сай анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктері
Жоспар
1. Ас қорту мүшелерінің құрылысы мен қызметі
2. Ауыз қуысындағы ас қорыту, оның маңызы.
3.Қарында астың қорытылуы және оның жас ерекшеліктері
4.Ішек қарын аурруларын болдырмау жолдары, профилактикасы
5.Балалардың жасына лайық тамақтану тәрбиесін ұйымдастырудың маңызы. Тамақтану гигиенасы


Ас қорту мүшелерінің құрылысы мен қызметі Адам өз тіршілігіне қажетті қоректік заттарды тамақтану арқылы алады. Желінген тамақ сол күйінде бойға сіңбейді. Сондықтан ол ас қорыту мүшелерінде қорытылып, ыдырап, соның нәтижесінде пайда болған заттардан организм өзіне тән бейімделген заттарды құрады.
Астың құрамындағы заттар бірнеше сағаттың ішінде болшектеніп, қорытылып, ыдырауы тиіс. Тамақтың құрамы (нан, ет, ірімшік, кәртөп, сүт, қияр, қызамық, жұмыртқа, алма, өрік т. б.) адам денесіндегі ұлпалардың заттарына мүлде ұқсамайтындықтан, олар қорытылып, дененің ұлпаларын жасауға қажетті қарапайым заттарға бөлінеді. Мұндай бөліну адам денесінде ерекше жүйе құратын - ас қорыту мүшелерінде болады.
Сол сияқты жеген тамақта ауыз қуысынан тік ішекке дейін апарылады. Ас ауыз қуысында, одан соң асқазанда, содан кейін он екі елі ішекте, ащы ішекте біртіндеп қорытыла және сіңіп, ақырында қажетсіз қалдық заттары тік ішек арқылы сыртқа айдалады. Жеген тамақ белгілі бір жылдамдықпен ас қорыту мүшелерінің қабырғасындағы еттердің жиырылуына байланысты бір бағытта жылжиды. Егер ас қорыту жолының қозғалысы жылдам болса, онда жеген ас толық қорытылып үлгермейді. Ал, керісінше, баяу қозғалатын болса, ас қоймалжыңы бір жерде тұрып қалып, ас қорыту бұзылады. Ас қорыту мүшелерінің қозғалысын жүйке жүйесі реттейді.
Бұл химиялық "конвейерде" асты қорыту ерекше заттар – ферменттер арқылы іске асады. Ас қорыту мүшелерінің бәрі дұрыс болғанымен, ферментсіз ас қорыту жүйесінде тамақ қорытылмайды.Тамақтың құрамындағы белоктар, майлар мен көмірсу - өте күрделі заттар. Олар ас қорыту жүйесінің мүшелерінде қорытылып, организмнің өсуіне, жұмыс істеуіне қажетті материал ретінде пайдаланылады. Тамақтың құрамындағы - қоректік заттар - организмге аса қажетті қуаттың (энергияның) көзі. Тамақтың құрамындағы витаминдер, тұздар мен су да организм үшін аса маңызды. Олар түрлі химиялық реакциялардың жүруіне, денедегі клеткалардың тірлігіне қажетті жағдайларды тудырады және өздері де тікелей сол реакцияларға қатысады.
Су, минерал тұздары мен витаминдер организмде өзгермей, сол күйінде сіңеді. Ал тамақтың құрамындағы белоктар, майлар мен көмірсу сол күйінде сіңбейді. Ас қорыту жүйесінің мүшелеріне ауыз қуысы, үш жұп сілекей бездері, жұтқыншақ, өңеш, ас қазаны (қарын), ащы ішек пен тоқ ішек, бауыр мен ұйқы (қарын асты) бездері жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет