Пенде жантәсілім еткен соң, оның рухының аспан әлеміне
саяхаты басталады. Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын)
Пайғамбарымыздың (с.а.с.):
«Мүміннің рухы шықса 1 , оны екі періште алып көкке көтеріледі» 2 , – дегенін риуаят еткен.
Енді осы рухтың көкке көтерілуі жайлы әңгімеге кірісейік. Бұл
жай екі түрлі көріністе жүзеге асады. Яғни мүмін рухының көкке
көтерілуі және кәпір рухының көкке көтерілуі.
Көкте болатын бұл жағдайды Пайғамбарымыз (с.а.с.)
сахабаларына бүге-шігесіне дейін сипаттап:
«Егер (мүміннің)
рухы (тәнін тастап)
шықса, оған аспан мен жердің арасындағы әрбір періште және аспандағы әрбір періште игілік тілейді.