Адамның ең сезімтал мүшесі – терісі. Терілері күйіп, жанып
кеткен соң, азапты барынша татулары үшін Аллаһ тағала
олардың денесін қайтадан терімен қаптайды.
Сондай-ақ тозақ азаптарының бірі – саһр (іру). Аллаһ тағала:
«Кәпір болғандарға киім оттан пішілген, төбелерінен қайнап
тұрған су құйылады. Онымен олардың ішіндегілері және
терілері іріп түседі»
1
, – дейді.
Аллаһ елшісі (с.а.с.) осы адам айтқысыз азапты хадисінде:
«Олардың төбелерінен қайнап тұрған ыстық су құйылады. Ол
іш қуыстарына дейін өтіп, ішкі құрылыстарын ірітеді. Тіпті
(іріген ішкі құрылыстары)
екі табанынан ағады. «Саһр»
(іру)
–
осы. Сосын
(іріген іш қуысы)
қайта қалпына келеді»
, – деп
сипаттаған
2
.
Сондай-ақ тозақтағы зардабы ащы азаптардың бірі – «сахб»
(сүйрету). Аллаһ тағала Құранда:
Достарыңызбен бөлісу: |