Академиялық жазу



бет18/39
Дата22.11.2023
өлшемі3,67 Mb.
#192845
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39
Байланысты:
Акад.жазу 2022
биофиз
Плагиатқа тексеру

Плагиатқа тексеру үшін Find copy,Antiplagiat.ru,Copyscape және т.б программалар арқылы анықтаймыз.Біздің университетте turniting программасы орнатылған.Ол дипломдық жұмыстарды,магистрлік диссертацияларды тексеруден өткізеді.Сол бойынша оның қаншалықты антиплагиат екендігі анықталады.Сонымен қатар жазған жұмыстың көшірілгендігін анықтау үшін қолданылады.




Дипломдық жұмыс (жоба). Дипломдық жұмысты жазудың кезеңдері. Дипломдық жұмыс құрылымы
Диплом жұмысы (жобасы), егер бұл мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарты мен мамандықтың оқу жоспарында көзделсе, оқудың қорытынды кезеңінде орындалатын, оқуды бітірудің жазбаша жұмысы болып саналады.

Дипломдық жұмысты жазудың кезеңдері:

- тақырыпты тандау (өтініш);

- зерттеу мәселесі бойынша әдебиет көздерін тандау;

- ғылыми жетекшіні тағайындау;

- дипломдық жұмысты жазу кезіндегі ұйымдастырушылық құжаттарды дайындау (тапсырмалар, күнтізбелік жоспар кестесі);

- дипломдық жұмысты жазу және көркемдеу талаптарымен танысу;

- іріктеліп алынған әдебиет көздерін ғылыми тұрғыдан жинақтап қорыту және зерттеудің теориялық тарауын мазмұндау;

- диплом алдындағы тәжірибе өту барысында жиналған талдаулық мәліметтерді қолдану;

- зерттеудің конструктивтік тарауын дайындау (зерттеу мәселесі бойынша ұсыныстар);

- белгіленген талаптарға сәйкес жұмысты безендіру;

- дипломдық жұмысты қорғау күнінен бір ай бұрын ғылыми жетекшіден жұмыс жайлы пікір алу;

- дипломдық жұмысты қорғау күнінен бір ай бұрын ғылыми жетекшінің пікірі бар жұмысты кафедраға ұсыну;

- кафедра менгерушісінің жұмысты қорғауға рұқсаты берілгеннен кейін қорғау күнінен екі апта бұрын сыртқы рецензентке дипломдық жұмысты жіберу және жазбаша түрдегі рецензия алу;

- қорғауға шығарылатын мәліметтерді кесте және сурет түрінде көркемдеп , баяндама жазу;

- мемлекеттік аттестациялық комиссия алдында жұмысты қорғау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет